Дәнекерлеу, кесу… өнер ретінде
Артқа
26.12.2024

Дәнекерлеу, кесу… өнер ретінде

Сирек кездесетін кәсіби байқау, тіпті ең шығармашылық ортада да, ширек ғасырды айтпағанда, он жылға созылады. Бірақ «АлЭС» АҚ алматылық электрмен дәнекерлеушілері кәсіби жарыстың ұшқынын 25 жылдан бері қолдап келеді.

Желтоқсан айында олар мерейтойлық, барлық жағынан жарқыраған жарыс өткізіп, мамандықтың үздіктерін анықтады. Сол күндері газбен кесушілер байқауы да өтті, ол «жас», бірақ 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарыстардың қызуы да төмен болмады.

Дәстүрлі түрде Электрмен дәнекерлеушілер байқауының ұйымдастырушысы «Энергожөндеу» ӨЖК Металдар және дәнекерлеу қызметі болып табылады, ол жарысқа «аренаны» – қазандық-құрастыру цехының дәнекерлеу полигоны мен өзінің техникалық сыныбын ұсынды. Конкурстың мiндеттi шарты – өндiрiстiк, санитарлық және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң барлық нормаларын сақтау.

– Байқаудың басты мақсаты қызметкерлерді қолдау, көтермелеу, ынталандыру болып табылады, – дейді «Энергожөндеу» ӨЖК директоры Каримов Мурат. – Байқау қызметкердің шеберлігі қандай деңгейде екенін, оған тағы немен жұмыс істеу керектігін бағалауға мүмкіндік береді. Біз қызметкерлерімізді әрдайым қолдаймыз, кәсіби байқауларда да қолдау көрсетеміз.

Белгіленген ережелерге сәйкес, алдымен үздік дәнекерлеушілер мен кесушілерді АҚ департаменттерінде іріктелінеді, содан кейін жеңімпаздар АлЭС байқауында анықталады. Бұл жолы электрмен дәнекерлеушілер арасында 5-разрядты 3-ҚЖЖУ электрмен дәнекерлеушісі Набиев Мадьяр үздік атанды. Екінші орынды Кунгуров Вадим, ал үшінші сатыға Гусев Павел көтерілді. Екеуі де – 6 разрядты 3-ҚЖЖУ электрмен дәнекерлеушілері.

Қатысушылардың жоғары разрядтары – бесінші және алтыншы – ұйымдастырушылардың байқаудың мерейтойын атап өтуге шешім қабылдауымен түсіндіріледі.

– Биыл байқауға компанияның барлық департаменттерінің және ӨЖК барлық цехтарының дәнекерлеушілері мен газбен кесушілері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 32 адамды құрады, – деп түсіндірді МжДҚ жетекші инженері Власова Татьяна. – Әр номинацияда он алты адамнан.

Власова Татьяна үшін бұл байқаулар да сынақтың бір түрі. Өйткені Татьяна Васильевна тек 2 деңгейлі металлтанушы ғана емес, 30 жылдық тәжірибесі бар 3 деңгейлі дәнекерлеу өндірісінің маманы, компанияда аты аңызға айналған тұлға, сондай-ақ 26 жылдық тәжірибесі бар тәлімгер. Іс жүзінде барлық үміткерлер оның мектебінен өтті. Ол жас әріптестеріне сабақ беріп қана қоймай, «Газбен кесушілерге арналған жадынамалар», «Электрмен дәнекерлеушілерге арналған құралдар» және «Термист-операторларға арналған құралдар» оқу бағдарламаларын әзірлеген.

– Биыл бесінші және алтыншы разрядтағы газбен кесушілер мен электрмен дәнекерлеушілер қатысты – және олардың барлығы металды жақсы балқытып кеседі, – деп растайды МжДҚ өндірістік оқыту шебері Омаров Эдик.

Бұрын ол да жарыстарға қатысқан. Ол тіпті 4-разрядты слесарь бола тұрып, металды 6-разрядты мамандарға қарағанда жақсы біріктіру бойынша байқау тарихына енді.

Ал алтыншы разрядты дәнекерлеуші Омарханов Аким «АлЭС» АҚ-дағы жеті жылдық мансабынан үшінші рет байқауға қатысу құқығына ие болды.

– Мен бірінші рет үшінші разрядпен өнер көрсеттім. Сол кезде мен екінші орынға ие болдым, – дейді Аким. – Екінші рет төртінші разрядқа көтеріліп, бірінші орынды иелендім. Бірақ биылғы байқау ең қиын болды: мықтылардың мықтылары осында жиналды. Менің қарсыластарымның қатарында менің екі ұстазым да болды – Садиров Заиржан мен Наурызов Бауыржан бір кездері олар мені осы іске үйреткен болатын. Мен бұл жолы ең жақсы нәтиже көрсете алмадым, бірақ ең бастысы, мен өз жұмысымды жақсы көремін. Бұл мен үшін ыстық күнде «балмұздақ» жегендей. Яғни, менің жұмысым – маған үлкен рахат әкеледі!

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын қатаң қабылдау болғанын Металл және дәнекерлеу қызметінің дефектоскопшысы Черный Сергей де растайды. Ол он жылдан астам уақыт бойы конкурсқа қатысушылардың өндірген жұмыстарының сапасына баға беріп келеді: дефектоскоптың көмегімен объективті баға береді, дәнекерленген жапсарластардағы, кесінділердегі саңылауларды анықтайды.

– Мен дәнекерлеушілердің тігісті қалай дәнекерлегендігін тексеремін, – дейді Черных Сергей. – Алдымен көзбен шолып өлшеу бақылауын жасаймын, сосын шарды домалатамын. Егер ол өтпесе, онда бұл түйісу лақтырылып, ол жарамсыз деп танылады. Ал, осындай тексерістен кейін қалған жұмыстарды тиісті құралдармен тексеремін.

Қазылар алқасының қатаңдығына қарамастан, жеңімпаздардың үштігіне кірмеген байқауға қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, әріптестерінің жұмысын тамашалағанына риза, өйткені олар үшін бұл – жетілдіруді тоқтатпайтын сүйікті іс.

Байқаудың финалына 1-ЖЭО-ның алтыншы разрядты дәнекерлеушісі Садиров Зайыржанның өткеніне қуаныштымын. Оның еңбек өтілі – 21 жыл, ол байқауға үшінші рет қатысуда. Ол өз жұмысын қатты ұнататынын және қалқалар, құбырлар, қақпалар сияқты қажетті нәрсенің бәрін дәнекерлей алатынын жеткізді… Қатысушылардың көпшілігі үшін байқау бұл – әрдайым құмарлық, шеберліктің жаңа деңгейі мен тәжірибенің артуы болып табылады.

Тоганбеков Беимбет кәсіпқойлар арасындағы жарыстар туралы қуанышпен айтып, бұл жолы өз тәлімгерлерімен жарысқа түскенін атап өтті. Барлығы жақсы ұйымдастырылды, бәрі ұнады, ал оның нәтижесіне келетін болсақ, ол үшін ең бастысы белгіленген уақыт ішінде үлгергені маңызды.

Газбен кесу шеберлерінде де жарыс қызу өтті. Бірақ жастар жоғары деңгейді көрсетті, деп есептейді 3-ЖЭО қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінің бастығы Пустовалов Виктор.

– Биыл байқауға 3-ЖЭО атынан төрт дәнекерлеуші мен төрт газшы қатысты. Біз 3-ЖЭО-дан ең үздіктерді іріктедік, – дейді Пустовалов Виктор. – Газбен кесушілер арасында біздің жігіттер 1 және 2 орындарды иеленді. Бізде олар кәсіби тұрғыда өсті, себебі олар біздің ЖЭО-ға қазіргі алтыншы разрядтарымен келген жоқ. Барлығы бізде оқып, теорияны тапсырды, аттестациядан өтті. Жастар әлі жас болғанына қарамастан жоғары деңгейді көрсетті.

Газ кескіштер байқауының қорытындысы бойынша, 1-ЖЭО 3-ҚЖЖУ 5-разрядты слесарі Фурсанов Антон үздік нәтиже көрсетті. Оның бесінші разряды бар. ЖЭО-да жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол 14 жыл бойы металды кесіп келеді.

– Байқауда теорияны жақсы тапсырдым, жақсы кесуге тырыстым, бірақ бірінші орын аламын деп ойламадым, – деп мойындайды Фурсанов Антон. – Мен әрқашан өз жұмысымды жақсы орындау туралы ғана ойлаймын. Бұл жолы ешқандай кедергі болған жоқ: металлды май сиақты кесіп тастадым. Мен кескішпен кесуге болатын нәрсенің бәрін кесіп аламын. Мен үшін кесу процесін өнермен салыстыруға болады.

Оның цех және департамент бойынша әріптесі – 6-санатты слесарь Джунусов Баглан екінші орынды иеленді. Ол 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді, байқауға төртінші рет қатысып отыр. Ол кескіштермен жұмыс істеуге дағдыланғанын және сыйлық ретінде керемет жаңа кескіш алғанына қуанышты екенін айтады. Компанияның барлық жұмысшыларында осындай кескіштер болғанын қалаймын дейді.

Үшінші нәтиже – 1-ҚЖЖУ 6 разрядты слесарі Садиров Пархатқа тиесілі болды. 1-ҚЖЖУ 6 разрядты слесарі Садиров Пархат та өз нәтижесіне риза болды. Станцияда ол 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бірақ осы уақытқа дейін жетілдіруді және кәсіби конкурстарға қатысуды әлі де болса жалғастыруда. Өз жұмысын өте қатты жақсы көреді. Бұл жолы ол тәжірибе бойынша бірінші орынды иеленді, бірақ теориялық тұрғыдан әлсіз болғанын жасырмады.

Бірақ, әлі де тартылу мүмкіндігі бар. Өйткені, жұмысшы мамандықтарының элитасына кіру – бұл бүгіннің өзінде де беделі бар мамандық…