«Болашаққа бірге!» жастар форумы

«Келешек» Жастар кеңесі, «Алматы қаласы кәсіподақ орталығы» КАБ, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы өткен жылдың соңында жастар форумын өткізді. Форумға қатысушылар – Алматы қаласы әкімдігінің басшылары, жастар ісі жөніндегі комиссия мүшелері, Кәсіподақтар Федерациясы Ардагерлері кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының, Жастар конгресінің, «Келешек» кәсіподақтар жастар қанатының өкілдері, Алматы қаласы кәсіподақ ұйымының белсенділері.

«АлЭС» АҚ атынан аталған шараға «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділер тобы қатысты. Олардың ішінде Фариза Ботақараева, «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрайымы, ЖҰ белсенділері – Мирас Қияқов, Әйгерім Дүйсенгалиева, Дина Карабалина және Шыңғыс Рахатов. Ісшараның негізгі мақсаттары: Федерацияның жастар саясатын іске асыру, жастарды кәсіподақ қозғалысына жұмылдыру, жастардың шешім қабылдау және кәсіподақ әрекеттерін жүзеге асырулары үшін жағдай жасау, кәсіподақ ұйымдарының жастар саясаты саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасу және мемлекеттік, атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың назарын жастар проблемасына аударту. «Мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің инспекторы ретінде біздің салада ең әуелі қызметкер еңбегінің қауіпсіз болуы және қорғалуы басты ұстанымымыз екенін айтамын. Қатысқан форум барысында да еңбек қауіпсіздігіне және еңбектің қорғалуына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Біздің компаниямыздың бұл саладағы тәжірибесі мол. Ірі өндіріс орны болғандықтан, жұмыстың барлық деңгейінде қауіпсіздік техникасы ережесінің сақталуына ерекше мән береміз. Мен де өз тәжірибеммен бөлістім, компаниямыздағы әлеуметтік қорғау жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы айттым. Басқа ұйымдармен салыстырғанда, біздің компаниямыздағы әлеуметтік бағдарламалардың ұтымды әрі оңтайлы екендігіне көз жеткіздім. «Үздік ұжымдық шарт» сияқты марапатымызды мақтан тұтамыз», – деді жастар ұйымының белсенді мүшесі Шыңғыс Рахатов.

«Өткен жылы мен Атырау қаласында өткен Қазақстан жастарының Республикалық Конгресіне қатыстым. ҚР және Атырау облысының еңбекшіл жастарының, ҚТ проблемалары, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету, кадр резерві және біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды. Тәжірибемен алмастық. Бұл «Келешек» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі республикалық жобасының бастамасы болды. Бұдан кейін ҚР барлық белсенді жастарын біріктіру мақсатында барлық өңірлерді қамту жоспарланған. Оған да қолымыз жетіп келеді.  Біз Алматы қаласының ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларындағы ұйымдар арасында өзара тығыз байланысты орната алдық. Форумда біз Алматы қ. жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен 2018 жылы өткіземіз деп жоспарлаған жобаларды талқыладық. Алматы қ. жастары үшін тегін орталықтардың ашылғаны туралы білдік», – деді «Жарқын болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботақараева.

Сөз өнерін игеру табысқа жету құралы

«Егер сіз көпшілікті шынайы күлдірте алсаңыз, олар тыңдай бастайды,сонда айтқан сөзіңіз жүрекке жетеді»

Герберт Гарднер

Біздің компаниямыз қызметкерлердің жұмыстағы қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында жаңа білім, білік, дағдыларды игеруге қолайлы жағдай жасайды.

«АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділері өткен жылдың соңында «Көпшілік алдында сөз сөйлеу және презентация жасау дағдылары» тақырыбында ұйымдастырылған курстан өтті.

«Тренингте бізді өз ойыңды сауатты әрі нақты құру, жеткізу, тартымды әрі иландыра сөйлеу, сөздегі кемшіліктерден арылуөзіңді сырттай бақылау және көпшілік алдында сенімді сөйлеу, презентация жасау сияқты өмірде өте қажетті негізгі дағдыларды үйреттіҚызметкерлерді даярлау бөлімінің қызметкерлеріне осындай курста тәжірибелі әрі сауатты оқытушыдан дәріс алғанымызды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. Оқыту әдістемесі және көрнекі құралдар тиімді және игеруге қолайлы жасалған. Компаниямыздың атынан республикалық түрлі деңгейдегі іс –шараларда өкілдік ететіндіктен, болашақта осы игерген жаңа біліктеріміздің, көпшілік алдында мүдірмей сөйлеу әдістемесінің, ойыңды нақты әрі сенімді жеткізу дағдысының тамаша құралымыз болатынына сенімдімін», – деп өз ойымен бөлісті «Жарқын болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботакараева.

«Біз сияқты жас мамандар үшін көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысы өте қажет. Өкінішке орай, өзімнен де білемін, техникалық саласының мамандары көбінде сөзге шорқақтау келеміз, өз ойымызды толығымен жеткізуге қиналамыз. Алайда жүрген ортаңда сыйлы, сөзің өтімді болсын, қызметте өсем десең сөз өнерін игерудің қажеттігін нақты түсінесің. Сол себепті оны үйренуге үлкен ықыласымыз болды. Мен бұрын көпшілік алдында сөйлеуден қашатынмын, оны қалай жеңу керектігін білмейтінмін. Тренингте сөйлеу қорқынышының негізгі себептерін қарастырдық, енді еркін сөйлеп, ойымды ашық жеткізе аламын. Мен «Жарқын Болаш» ЖҰ – ның барлық іс-шараларына белсенді қатысамын. Мен үшін жастар ұйымы – үлкен отбасы», – деді жастар ұйымының белсенді мүшесі Бағлан Өміров.

 

«туылған күніңмен, балақай!» қайырымдылық акциясы

2018 жылдың 25 ақпанында «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері дәстүр бойынша Алматыдағы №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасын өткізді. Балалармен бірге олар «Star Cinema» кинотеатрында фильм тамашалап, «BASTAU» Ойын-сауық орталығында боулинг ойнады. Сонымен қатар Туған күн иелері үшін мерекелік үстел ұйымдастырды.

«Біз бүгін қыста туылған балаларды туылған күндерімен құттықтадық. Олар қатты қуанды. Осындай шараларды ұйымдастырып, оған белсене қатыса алғанның өзі бір ғанибет.

5 жылдан бері біз №1 балалар үйінің балаларына барып, қамқорлық жасаймыз. Олар біз үшін бауырдай жақынымызға айналды. Бізді көп уақыттан бері білетін балалар барған сайын бізді ерекше қуанышты, зор ықыласпен қарсы алады. 5 жыл бұрын балалар кішкентай, ұяңдау, ұялшақ болатын. Енді олар өсіп, қазірде бізбен еркін қарым-қатынас жасап, ашылып әңгімеделеседі, сырласады.

 

Балалар үйінде балаларға мемлекет тарапынан жағдай жасалған, ыстық тамақ, жылы киім, қажетті нәрселер, оқу құралдары беріледі, көмек көрсетіліп, қолдау жасалады. Біз балаларға ата-ананың сүйіспеншілігі мен махаббатын бере алмайтынымызды түсінеміз. Бірақ біз оларды мүмкіндігімізше қуантамыз, оны көздерінен ақ аңғарамыз, бізге деген қарым –қатынасынан сезінеміз…»,- деді «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.

«Балаларға қуаныш, жан жылуын, қамқорлық сыйлай алғанымызға өте қуаныштымын. Мен балаларды жақсы көремін, олармен бірге уақыт өткізіп, көңіл бөліп, қамқорлық жасауды ұнатамын. Балалар жақсы көңіл көтере алды, үлкен –кіші деп бөлінбей, жақын достар болып араластық. Осы балалардың өз араларында бір-біріне деген қамқорлығы, мейірімі өте жоғары. Олар өздерін бауырлар деп есептейді. Бұл әрине бізді де қуантады», – деді Әділ Малаев, жастар ұйымының белсенді мүшесі.

«top brain» Зияткерлік ойыны

Кәсіподақ ұйымдарының жас көшбасшылары «Келешек» аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының алаңында «TOPBrain» зияткерлік ойын өткізді. Ұйымдастырушы «Алатау Жарық Компанисы» АҚ болды. Аталған шараға «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «PetroKazakhstan» АҚ және «Азия газ құбыры» ЖШС қатысты. «АлЭС» АҚ атынан Жарқын Болашақ жастар ұйымының белсенділері Батыров Данияр, Макенов Асхат, Абдуллаев Нуржан, Кияков Мирас және Малаев Адыл, жастар ұйымының белсенділері қатысты.

2018-10-11 103536

Ойын корпоративтік мәдениетті, коммуникацияларды, аналитикалық дағдыларды дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және Алматыдағы энергетикалық компаниялар арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында өткізілді.

2018-10-11 103553

2018-10-11 103603

Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша жүлделі 1-орын
«Алатау Жарық Компаниясы» ЖШС, 2- орын  – «Үздік бестік» құрама командасына, 3- орын  – «Алматы электрстанциялары» АҚ командасына берілді. Аталған шараның бас қолдаушысы  «PetroKazakhstan» АҚ болды.

$1-         Ойын қызықты  «Блиц сұрақтар», «География», «Эволюция» және  «Ұлттық» деп аталатын 4–кезеңнен тұрды. Ең танымдысы ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы сұрақтар қамтылған төртінші кезең болды. Осындай ойынды «АлЭС» АҚ өткізу жоспарланған. Себебі мақсатымыз бір  – белсенді жастарды біріктіру және мемлекетіміздің дамуына үлес қосу», –

деді  «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.

2018-10-11 103614

Береке басы бірлікте!

2018 жылдың қыркүйек айының соңында «Богатырь Көмір» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның портфельдік компанияларының алғашқы тимбилдингін («команда құру») өткізді. Іс-шараға «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» станциясы ЖШС-нің, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС –нің алпыстан астам белсенді жастары қатысты. Іс-шараны «Богатырь Көмір» ЖШС біріккен жастар қозғалысының белсенділері ұйымдастырды. Ол Павлодар облысы, Баянауыл ұлттық паркінің аумағында, Жасыбай көлінің жағасында орналасқан Березка демалыс үйінде өтті. «АлЭС» АҚ атынан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері Данияр Батыров, Өмірбек Исімбетов, Дмитрий Офицеров және Шыңғыс Рахатов қатысты.

– Баянауылға барар жолда өзіміз сияқты жастармен таныстық. Жол бойында «Богатырь» разрезінде, бастауда аялдамалар болды, біз табиғат сұлулығына таңданып, бастау суынан ләззат алдық. Тимбилдингті ұйымдастырушылар квест форматында командалық жарыстар өткізді. Қатысушылар бір компанияның қызметкерлері бір командаға түспейтіндей етіп бізді 5 командаға бөлді. Командалар атауын қойып, туын жасағаннан кейін әрқайсысымыз карта бөліктерінің бірін табумен аяқталатын жарыстарға қатыстық.

2018-10-11 111212

       Әр жарыс барысында біз өз қиялымызды, ептілігімізді, тапқырлығымызды және командада жұмыс істеу қабілетін көрсетуіміз керек болды. Картаның барлық бөліктерін жинап алып, қазынаны таптық. Байқау таңертеңнен кешке дейін өтті, ондағы локацияларға барлық жерлер, демалыс үйлері мен қоршаған ландшафттың мүмкіндіктері, сондай-ақ көлдегі катамарандар да тартылды. Байқаудың барлық сатыларында схема жинап алып, нәтижесінде біз достық пен бірліктің белгісі ітпеттес отшашуды іске қостық.

Таза ауада кешке от айналасында әндер шырқалды, көңілді байқаулар өтті. Сондай-ақ пайдалы мен қажеттіні біріктіре отырып, барлық командалар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Әлеуметтік өзара әрекеттесу және байланыс орталығы (ЦСКА) мамандарынан тренинг тыңдадық. Тимбилдинг финалында ұйымдастырушылар Алматылық қонақтарға, яғни «АлЭС» АҚ және «АЖК» АҚ қызметкерлеріне, көпшіліктің сұрауынша келесі жылы Алматыда осындай шараға қатысуға үміттеніп, эстафетаны табыстады.   «Богатырь Көмір» ЖШС-ға алғысымды білдіремін! Ұйымдастырушыларымыздың арқасында біз уақытты тиімді өткізіп қана қоймай, бір-бірімізбен танысып, достастық, пікір алыстық, тәжірибемен бөлістік.

Менің ойымша, «Богатырлықтардың» Тимбилдингі энергетик – еңбекшіл жастардың бірлігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге   олардың кәсібіне және елге деген сүйіспеншілігін нығайтты!» – дейді «АлЭС» АҚ командасының капитаны, жастар ұйымының белсендісі, «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеулер қызметінің бас маманы Батыров Данияр.

2018-10-11 111409

 2018-10-11 111430

     – Маған осы Тимбилдингке қатысудың сәті түсті. Ұйымдастырушылар бізді құшақ жая қарсы алды. Баратын жерімізге жеткенше қарсы алушылар бізге әлемдегі ең ірі болып табылатын «Богатырь» көмір кенішімен таныстыру турын өткізді. Осында жұмыс істейтін жігіттер өз саласының мықты мамандары. Біздің барлық сұрақтарымызға нақты, жан – жақты жауаптар берілді. Орын – жайларымызға орналасып болғаннан кейін кешкі ас барысында әрқайсысымызға өзіміз, ұйымымыз, кәсібіміз және жастар бірлестіктері туралы айту мүмкіндігі берілді. Кәсібіміз энергетикамен байланысты болғандықтан алғашқы күннің өзінде ақ ортақ тақырыптар тауып, еркін әңгімелесіп, араласып кеттік. Кешкілік бағдарлама бізді жұмылдыра түсті.

 2018-10-11 111615

 2018-10-11 111628

Таңертең барлық қолайсыздықтар артта қалды, өзіндік кедергілері бар әртүрлі тапсырмаларды орындау әлдеқайда жеңіл болды, өйткені бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымдасқан жұдырықтай команданың бөлігі болдық. Екібастұздық әріптестеріміз бізді біріктіріп қана қоймай, бір мақсатқа жұмылсақ, түрлі қабілеттерімізді көрсете алатынымызды аңғартты. Көпшілігіміз өзіміз үшін бойымызда жаңа ұйымдастырушылық, шығармашылық, көшбасшылық дағдыларды аштық. Кеншілер жердің ерекшеліктерін қолдануға тырысып, ұмытылмас әсер қалдырды. Іс – шараны ұйымдастырушылар қатысушыларды барынша ынталандырды және қолдады.

2018-10-11 111748

Оған қоса жергілікті жердің барлық мүмкіндіктерін молынша кеңінен пайдаланғандықтан әр тапсырмадан естен кетпес әсерлер алдық. Жарыстар өте қызықты өтті, біз толығымен жарысқа беріліп, қаладағы қалыпты тынысымызға, күнделікті үйреншікті жағдайларға басқа көзқарас таныттық.

Тимбилдингтің соңғы күнінде біз Баянауыл өлкесінің көрікті жерлерін аралап көрдік. Мен табиғаттың көп қырлы сұлулығы мен ерекше әсемдігіне сүйсіндім, таңырқадым. Шаралардың барлығы жоғары деңгейде өтті. Кез-келгенімізді осындай кездесулердің жалғасатыны қанағаттандырды, – дейді 2-ЖЭО РҚжА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтер, жастар ұйымының белсендісі Дмитрий Офицеров

2018-10-11 111757

– Бізді – қатысушыларды «Energy Mix», «Energy People», «Six Mix», «Mafia» және «Жасын – Молния» деп аталған 5 командаға бөлді. Жарыстар, ондағы тапсырмалардың қызықты, танымды, пайдалы және көңілді болғаны ерекше қуантты. Бұл шараға қатысушылар жігерлі, тапқыр, алғыр болды. Біздің корпоративтік рухымызды көтерген эмоционалдық және рухани жұмылу сезілді. Жасыбай батырдың ескерткішіне, атақты Қоңыр Әулие үңгіріне, Кемпіртас тауына, Мыстан шатқалына және Жасыбай батырдың қабіріне бардық. Әсерімізді айтып жеткізу қиын әрине, бір сөзбен айтқанда керемет болды! – деп атап өтті жастар ұйымының белсендісі, 3-ЖЭО релелік қорғаныс және автоматтандыру құралдарын жөндеу жөніндегі электр монтері Өмірбек Ізімбетов.

– «Богатырь Көмірдің» жігіттері бізді жылы, құшақ жая қарсы алды. Екібастұз қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырып, қаланың көрікті жерлерін көрсетті. Ротор дөңгелегінің ескерткішін көрдік.

Тимбилдинг өтетін жерге келіп, орналасып, кешкі алаудың төңірегінде жақсы әңгіме айтып, ән шырқадық. Екінші күні шараға қатысушылар үшін таңертеңгі жаттығу футбол алаңындағы ойыннан басталды. Содан кейін біз бес топқа бөліндік. Мақсатқа жету жолында біз жіптерден команданың капитанын көтере алатын тор тоқыдық, катамарандарда жарыс өткізіп, қолда бар материалдарын билейтін робот құрастырдық, кедергілер кезегінен өтіп, ағашқа өрмеледік. Тапсырмаларды орындай жүріп, біз жасырылған қазыналарды – түрлі құралдарды іздеп, таптық. Нәтижесінде, олардан «Богатырь Көмір» жарқыраған жазуын және отшашуды қосуға мүмкіндік беретін схеманы жинадық. Кешке қарай қатысушылардың барлығы Тимбилдіңгті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Бұл кездесу менің есімде көптеген эмоциялар мен әсерлерге толы, әрине жаңа достар табумен ерекше орын алады», – деді жастар ұйымының белсендісі, ОҚТО ЕҚжәне ҚТ жөніндегі аға инспекторы Шынғыс Рахатов.

2018-10-11 111808

– «АлЭС» АҚ ұжымы ең күшті, белсенді, қайратты әрі табанды болды. Тимбилдинг өткізу тәжірибесі аталған форумға қатысушылардың арасында жігіттерді ерекшелендіріп тұрды», – деді «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бас менеджері, кураторы Әсел Баймахан.

«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының бірінші тимбилдінгін ұйымдастырушылар энергетикалық кәсіпорындардың еңбекшіл жастары арасындағы өзара ынтықмастастықтың берік іргесін қалай алды.

 

Алэс қр кәсіподақ федерациясы еңбекші жастардың республикалық форумына қатысты

2018 жылғы қыркүйек айының соңында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жұмысшы жастарының бірінші республикалық форумы болып өтті. Оған ҚРКФ төрағасы Бақытжан Әбдірайым, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай және Геннадий Шиповских, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Еңбек ері Мұқаш Искандиров, ҚР ҚДМ Жастар және отбасы жөніндегі комитет төрағасының м.а. Асхат Оралов, Білім беру және инновациялар Ұлттық палатасының төрағасы Мұрат Әбенов, PhD докторы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің доценті, «Academy of labour relations» СЕО Бибігүл Нұрашева, әлеуметтік – еңбек қатынастары сараптамашылары, Бұқаралық ақпарат құралдары мен ҚР салалық және бастапқы кәсіподақтарының өкілдері қатысты.

«Алматы электр станциялары» АҚ атынан аталған шараға «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева және жастар ұйымының белсендісі, «АлЭС» АҚ құрама футбол командасының капитаны Мирас Кияков қатысты.

2018-10-22 072945

Форумда «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебіндегі мотивациялық сессия» және «Корпоративтік стандартты әзірлеу бойынша стратегиялық сессия» деген екі сессия өткізілді. Үш күн ішінде еңбекшіл жастардың проблемалық мәселелері көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.
Бірінші күні Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің мәселелері қарастырылды. Сессияны ҚР КФ орынбасары Саиров Ерлан Биахметұлы ашты. Спикерлер, әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары сөз алды, содан кейін шеберлік кластары өтті.

– Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі – Қазақстандағы тұңғыш кешенді білім беру жобасы. Оның басты мақсаты – кәсіподақтардың тиімділігін арттыру. Қазақстанның барлық аймақтарында

бастауыш және салалық кәсіподақ ұйымдарының 67 көшбасшысы мектептің алғашқы түлектері болып   табылады, – деп атап өтті ҚР КФ орынбасары Ерлан Сайыров. Екінші күні Корпоративтік стандарттарды әзірлеу жөніндегі стратегиялық сессияны ҚРКФ төрағасы Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы ашты.

2018-10-22 073004

«Бұл форум Қазақстанның еңбекші жастарының проблемалық мәселелерін көтереді. Бүгінде Қазақстанның жұмыскер жастары әлі де назарсыз қалуды. ҚР КФ «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының аясында кәсіподақ жетекшілерін көтермелеу мақсатында «Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа тұлғасы» атты байқау жариялады, деп мәлімдеді төраға Бақытжан Әбдірайым.

– «Біздің «Серіктестік» Жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді: әлеуметтік, мәдени, бұқаралық, спорт, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жыл сайын біз спортшыларымыз үшін спортзалдарды жалға аламыз. Жылына екі рет біз футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалалық, бильярд, армрестлинг, Streetball және ContreStrike жарыстарын өткіземіз. Барлық жағдайда ең белсенді – біздің компанияның жастары. Біз сондай-ақ қалалық және республикалық іс-шараларға (Марафон, Веложарыс, Сенбіліктер және т.б.) қатысамыз.

«АЖК» АҚ кәсіподағының атқарушы комитетінің мүшелерінің басым көпшілігі 35 жасқа толмаған, жігерлі, белсенді жастар. Олар шешімі ізделінетін  мәселелердегі  ең ұтымды  нұсқаларды табады», – деп түсіндірді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Серіктестік» Жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ атқарушы комитетінің  мүшесі,  «Алатау жарық» АҚ техникалық шарттар басқармасының бас маманы Сабыржан Қали.

– «АлЭС» АҚ «Үздік ұжымдық шарты» марапатына ие болды. Бізде жақсы әлеуметтік жағдайлар жасалған. Біздің кәсіподақ комитеті жұмысшылардың құқықтарын қолдайды және мүдделерін қорғайды.

2018-10-22 073021

-Наш ОО «Локальный профсоюз «Серіктес» работает в

«Эдельвейс» балалар лагерінде энергетиктердің балалары үшін демалыс ұйымдастырады, бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізеді, спортшылардың спорт жарыстарына қатысуына ықпал етеді және т.б.

Мен үшін бүгінгі форум алғашқы республикалық оқиға емес. Көптеген қатысушылармен, әсіресе «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «Келешек» ЖШС әріптестерімізбен бұрыннан таныспыз ынтымақтастық қарым қатынастамыз.2018-10-22 073045

 

Бұрыңғы форумдарда біз кездесіп, еңбекшіл жастармен кең ауқымды іс-шаралар өткізуді жоспарладық. Қазақстанның барлық аймақтарынан жастарды біріктіруді армандадық. Қазір мен арманымыздың орындалғанын мақтанышпен айта аламын. Күн сайын біздің қатарымыз көбейіп келеді. Жоспарларымыз іске асуда. Мен кәсіподақта 8 жылдан бері жұмыс істеймін.

 

2018-10-22 073101

Алғашқы күннен бастап «Энергия Кәсіподағы» филиалының төрағасы В.С.Ситдиковқа, «Энергия Кәсіподағы» Жергілікті кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Ж.Турожановқа көмектестім, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысамын.

«Жарқын болашақ» жастар ұйымы құрылған күннен бастап біздің кәсіподағымыз бізге үнемі көмектеседі. Тәлімгерлерімнің сенімі арқасында мен осы форумға және Қазақстан кәсіподақтарының басқа да маңызды іс-шараларына қатыса алдым.

Мен осы жылдың мамыр айында өткен Түркия Республикасының делегаттарымен кездесуді ерекше атап өткім келеді. Мен қатысуға ғана емес, сонымен қатар техникалық қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болдым. Мен АТ маманы бола отырып, іскерлік әңгімелесу барысында аудармашы ретінде (түрікше-қазақша) жұмыс істеймін деп ешқашан ойламаған едім. Мен осы кездесу барысына үлес қоса алғаныма өте қуаныштымын. Түркістандағы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірдім. Ең бастысы, білім мен өмірлік тәжірибе маңызды сәттерде көмектеседі! Сонымен қатар ұйымдастырушыларға форумды өткізу Жамбыл облысы тауларын таңдағанларына алғысымызды білдіреміз.

 

 

2018-10-22 073117

Ауа райы да бізді ерекше қуантты. Кейбір шаралар таза ауада өтті. Біз Жамбыл облысының сұлулығына сүйсіндік, керемет әсер алдық», –   дейді «Жарқын болашақ» жастар ұйымының төрайымы, «Энергожөндеу» ӨЖК АТЖ жетекші инженер-бағдарламашысы Фариза Ботақараева.

– Спортты жақсы көремін. Кәсіби түрде футбол және тенниспен айналысамын. Бірнеше жыл бойы «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадалық ойындарында «АлЭС» АҚ-ның мүддесін қорғап келемін. AлЭС құрама футбол командасында ойнаймын, үстел теннисінде өнер көрсетемін. Мен «Жарқын болашақ» жастар ұйымы кеңесінің мүшесімін және барлық іс-шараларға белсенді қатысамын.

 

2018-10-22 073131

2018-10-22 073146

Мен біздің компаниямыздың дамуына өз үлесімді қосқаныма, Жастар ұйымында достар тапқаныма қуаныштымын.

«АлЭС» АҚ-ның атынан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы еңбекші жастарының республикалық бірінші форумында қатысқанымды мақтаныш етемін. Сессияларда тематикалық тренингтер, шеберлік -кластары және т.б. болды », – деді« АлЭС »АҚ футбол командасының капитаны, «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсендісі Мирас Кияков.
Форум келесі онжылдықтағы әлеуметтік-еңбек саласының негізгі үрдісі ретінде техникалық еңбектің тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Республикалық еңбекші жастар форумының қатысушылары Мерке Резолюциясын қабылдады.

2018-10-22 073214

Фариза Ботақараева

«Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрағайымы