Сыртқы әлеуметтік жобаларға қатысу

Бизнестің ұзақ мерзім бойы табысты болуы қатысу аймағында және жалпы елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынас, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің өмір сүру сапасына байланысты.

 

Компания әлеуметтік жауапты компанияның имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде жүзеге асырады. Осы процесс аясында өңірлердің коммерциялық емес ұйымдарына әлеуметтік көмек алу және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін «SK-Trust» КҚ-ға өтінімдерді беруге жәрдемдесу көрсетіледі.

 

Қайырымдылық көмек алу үшін қарауға өтінімдерді қабылдау https://sk-trust.kz/ сайтында, Қағидаларға сәйкес, жүзеге асырылады.