БЖК: Алматының «жылу жүрегі»
Артқа
31.03.2026

БЖК: Алматының «жылу жүрегі»

Бастапқыда Батыс жылу кешенінің (БЖК) бірыңғай жобасы болған жоқ. Барлығы Алматы мақта-мата комбинатының қажеттіліктеріне арналған және жеңіл өнеркәсіптің салынып жатқан кәсіпорындары әкімшілігінің құрамына кірген Батыс аудандық қазандығының құрылысынан бастау алды. Қазандық 1963 жылы пайдалануға берілді.

1960-жылдардың ортасынан бастап қалакөз алдымызда тура мағынасында өсіп жатты. Осы кезеңдегі өзгерістер қарқыны 1968 жылы «Алма‑Атаэнерго» АЭБ жылу желілері басқармасына жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарь болып жұмысқа тұрған жас жігіт Жұмағали Ормамбековтің есінде жақсы сақталып қалды.

«Қаладағы қазіргі «Ақсай» және «Орбита» ықшамаудандары орналасқан жерлерде бұрын ашық алқаптар болатын; жүгері егілетін, кейін қияр, қызанақ өсірілетін. Бұл жерлер совхозға тиесілі еді. Біз студент кезімізде сол жерлерде жұмыс істейтінбіз, өзімізді әрқашан жайлауға бара жатқандай сезінетінбіз», – деп еске алады кейіннен – 2000 жылы БЖК басшылығын атқарған Жұмағали Сатылганұлы.

Қазандық сол жылдары Алматы мақта-мата комбинатының ведомстволық бағынысында болғанымен, комбинатпен қатар Алматының батыс аудандарын да жылумен және бумен қамтамасыз етіп тұрды. БАҚ жіпті бумен өңдеу үдерісі жүргізілетін фабрикаға да, сонымен бірге №1 және №2 жаңа ықшамаудандардағы үйлергеде жылу беретін. БАҚ бу қазандары осы ауданда орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарды: Алматы мақта-мата комбинатынан басқа – Қалалық сүт зауытын, Фурнитура зауытын және сол кезде жұмыс істеп тұрған көптеген басқа да шағын ұйымдарды бумен қамтамасыз ететін.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңынан бастап және 70-ші жылдарында Алматыдағы жылумен қамту жүйесі ірі аудандық қазандықтарды салу бағытында дами бастады, бұл 1981 жылға қарай қаладағы 735 шағын қазандықты жабуға мүмкіндік берді. Сол жылы Оңтүстік-Батыс аудандық қазандығы (ОБАҚ) салынды.

Қазақстан астанасының өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы даму қарқыны жылуды өндірумен оны қалаға жеткізу көлемін арттыруды талап етті. Қалыптасып келе жатқан инфрақұрылым мен ұлғайып келе жатқан қажеттіліктер «зауыттық қазандықтың» қаланың толыққанды жылу кешеніне айналатынын айқындап берді. БАҚ айналасында неғұрлым қуатты жылу торабын қалыптастыру басталды.

1980 жылы 2-ЖЭО құрылысы кезінде осы станциядан БАҚ-қа дейін құбыр желісі тартылды. Бұл қала жылу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сол кезеңде Орталық жылу тарату пункті (ОЖТП) пайдалануға берілді. Қазіргі таңда осы пунктке қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін жеті жылу магистралі және аккумуляторлық резервуарлары бар №6 сорғы станциясы қосылған.

Бүгінгі күндері ОЖТП арқылы қалалық жылу желілерінде айналатын судың 2/3 бөлігін өтеді және де ол Алматының шын мәніндегі «жылу жүрегі» болып табылады.