«Бұл жай ғана тәжірибе емес – бұл мамандықпен кездесу болды…»
деп есептейді «АлЭС» АҚ станцияларында тәжірибеден өткен студенттер
А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО – болашақ энергетик студенттер үшін есігін қайтадан ашты. «АлЭС» АҚ-мен жасалған шартқа сәйкес «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ-ның 3 курс студенттерінен жазғы студенттік жасақ құрылып, олар станцияда өндірістік тәжірибеден өтті.
Тәжірибе Электр цехында, цех бастығының орынбасары Дербісәлі Нұрлыбектің басшылығымен өтті. Алғашқы күннен бастап жастар энергетиктердің жұмысын, яғни жабдықтарды қалай іске қосатынын, энергияның үздіксіз берілуін бақылауды және оны ұстап тұруды қалай жүзеге асыратындарын, сонымен қатар нақты уақыт режимінде техникалық міндеттерді қалай шешетіндерін көрді.
– Біз ЖЭО-ны тек дәрістерде ғана естіп, сызбаларда ғана көріп, кейбір процестерде ғана талдайтын едік, – дейді студент Мұқан Әлихан. – Бірақ, дәріс алу – ол бір бөлек дүние, ал жұмыс істеп тұрған генератордың алдында тұру және күнделікті күрделі процестерді басқаратын адамдарды қадағалау мүлдем басқа процесс десек те болады. Бұл – ғажайып».
Студенттерге станция цехтары, басқару қалқандары, тарату құрылғылары және т.б. көрсетілді. Тәжірибе жетекшісі жай ғана экскурсиялар өткізіп қоймай, сонымен қатар процестердің қалай өтетіндігін, энергияның қайдан пайда болатындығын, олардың қайда қозғалатындығын және осы жүйедегі әрбір жай бұранданың өзі қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп жеткізді.
– Студенттермен өткен жұмыстан мен оң әсер алдым. Олар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, станцияның жұмысын тереңірек түсінуге тырысты. Мұндай тәжірибелер тек болашақ мамандарға ғана емес, сонымен қатар энергетиктердің өздері өз тәжірибелерін жас мамандарға жеткізуге, үйреншікті үдерістерге жаңа көзқарас танытуға және осы мамандықтың сабақтастығын қалыптастыруға көмектеседі, – деп бөлісті тәжірибе жетекшісі Дербісәлі Нұрлыбек.
Студент Мырзагелді Жанерке былай деп түйіндеді: «Бұл жай ғана тәжірибе емес – бұл мамандықпен кездесу болды. Мен нағыз кәсіпқойлардың қалай жұмыс істейтінін көріп, олардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Мен, осы жерге жас маман ретінде қайта ораламын деп үміттенемін».
Ал, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ның «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ»-мен жасалған келісім-шарт аясында «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша 2-курстың 20 студентінен құралған жазғы студенттік жасақ жиналды. Жастар республикадағы газбен жұмыс істейтін ең көне жылу электр орталығының жұмысымен танысты.
– «Біз өте бақыттымыз, себебі біз Б.Оразбаев атындағы ТЭЦ-1 болдық. Біз кеңес заманындағы энергетикалық нысандар құрылысының монументалдылығына таң қалдық. Әсіресе, турбиналық және қазандық цехтарында болу ерекше қызықты болды, осының бәрі құрмет сезімін тудырады» – деп өз әсерлерімен бөлісті жасаққа қатысушылар.
«АлЭС» АҚ ұжымы үшін жас кадрларды дайындау – бұл жай ғана рәсімділік емес, бұл ел энергетикасының орнықты болашағына қосқан үлестің бірі. Осындай тәжірибелер – жоғары оқу орындары мен нақты өндіріс арасындағы көпірге айналды, ал ондағы теория болса – ақырында өзінің тәжірибелік құндылығын алады.