Біріктіретін жылу: Наурызнама күндеріндегі АлЭС-тің қайырымдылық бастамасы
Наурызнама күндері әр бір үйде жаңару, мейірім мен бірлік сезімі жанданатын шақта, «АлЭС» АҚ қызметкерлері №2 арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне ерекше күн – шынайы қуанышқа, ықыласқа және жылуға толы күн сыйлады.
7 мен 15 жас аралығындағы шамамен 33 бала боулингке барды. Біреулер үшін бұл алғашқы тәжірибе болса, енді біреулер үшін көптен күткен көңіл көтеру болды, бірақ барлығы үшін бұл нағыз мерекеге айналды.

Алғашқы минуттардан – ақ кеңістік жарқын эмоцияларға толды. Балалар доптарды қызыға лақтырып, бір-біріне қолдау көрсетіп, жетістіктеріне қуанып, өз әсерлерін жасырмады.
– Маған қатты ұнады! Алғашында қатты уайымдадым, кейін қолымнан бәрі келді, бәрі мені қолдап жатты! – деді 12 жасар София күлімсіреп.
7 жастағы Никита да өз қуанышын жасыра алмады: «Мен бүгін алғаш рет боулинг ойнадым. Өте қызық болды!»
Осы қарапайым сөздердің өзінде балалар бақытының шынайылығы жатыр, дәл осындай кездесулер солар үшін ұйымдастырылады.
Алайда бұл күн тек балалар үшін ғана емес, компания қызметкерлері үшін де ерекше болды. Акцияға қатысқан қызметкерлер мұндай сәттердің өздеріне де ерекше әсер сыйлайтынын атап өтті. Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО РҚА электр монтері Бекзат Қалелов былай деп бөлісті: «Балалармен тамаша уақыт өткіздік. Оларға қуаныш сыйлай алғаныма өте қуаныштымын. Бұл олар үшін де, біз үшін де маңызды».

Ойын, күлкі мен қарым-қатынас арасында ең бастысы – сенім мен қарапайым адами жылылық сезімі қалыптасты. Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ЖАӨЦ электр слесарі Манас Кенжеболат: «Балалардың шынайы қуанып жатқанын көруге болады. Мұндай эмоцияларды қолдан жасау мүмкін емес – олар шынайы» – деп атап өтті ол. Белсенді ойыннан кейін балаларды шағын мерекелік дастарқан күтіп тұрды. Онда олар әсерлерімен бөлісіп, ең жарқын сәттерді талқылап, осы күннің қуанышын жалғастырды.

БЖК электр монтері Марлен Айтмағанбет: «Балалардың күлкісін көру – ең үлкен бақыт. Осындай іс-шаралар көбейе берсе екен деймін» – деп атап өтті ол.
Каскад ГЭС ЭТЗ электр монтері Кәрлен Жұмахан: «Барлығы жоғары деңгейде өтті. Осындай игі істің бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», – деп қосты ол.
Көптеген қатысушылар үшін бұл шараға қатысу жеке ықыластың көрінісіне және мақтаныш сезіміне айналды. Батыс жылу кешенінің РҚжА электр монтері Олжас Әшім: «Мен өндірісті ғана емес, адамдарды да ойлайтын компанияда жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын. Бұл шынымен маңызды», – деп атап өтті.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеу қызметінің бастығы Әсет Әмірбеков: «Біз балаларға жай ғана көңіл көтеру ғана емес, назар мен шынайы қарым-қатынас сыйлағымыз келді. Мұндай кездесулер балалардың да, біздің де есімімізде ұзақ сақталатыны сөзсіз», – деді ол.
Бұл күн шынайы жылылықтың қарапайым дүниелерден – күлкіден, қолдаудан, ортақ қуаныштан туындайтынын еске салды.
Дәл осындай сәттерде «АлЭС» энергиясы тек үйлерге жарық пен жылу сыйлап қана қоймай, адамдарды біріктіретін және әлемді мейірімді ете түсетін жүрек жылуы екенін айқын сезінесің.