Бір шертіп басу да қатерді жақындатады: АлЭС-те киберқауіпсіздік бойынша кездесулер өтті
Артқа
21.05.2026

Бір шертіп басу да қатерді жақындатады: АлЭС-те киберқауіпсіздік бойынша кездесулер өтті

Бүгінде киберқылмыс күнделікті өмірге төнген ең үлкен қауіп-қатердің біріне айналды. Алаяқтар банк сайттарын қолдан жасауды, ұйым басшыларының атынан хаттар жіберуді, WhatsApp және электрондық пошта арқылы қауіпті сілтемелер жіберуді, дербес деректер мен ақшаға қол жеткізуді үйренді.

Негізгі қауіп – қазіргі алаяқтық әдістері күннен-күнге адамның сенімін тудыра алуында болып тұр. Кейде бір ғана кездейсоқ сілтемеге басу киберқылмыскерлерге құрылғыға, хат алмасуға немесе дербес деректерге қол жеткізуге жеткілікті болып табылады. Сондықтан цифрлық қауіпсіздік мәселелері бүгінгі таңда жасына, кәсібіне немесе технологияны қолдану тәжірибесіне қарамастан барлығына қатысты.

2026 жылдың 18-21 мамыры аралығында «АлЭС» АҚ Қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері компанияның барлық өндірістік департаменттерінде профилактикалық әңгімелесулер өткізді. Кездесулерге бөлімше басшылары, инженерлік-техникалық және өндірістік персонал қатысты.

Кездесулер барысында мамандар кибергигиена қағидаттары, кибералаяқтықтың кең тараған схемалары және жеке деректерді қорғау тәсілдері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Фишингтік хаттарға, банктер мен ұйымдар басшыларының жалған хабарламаларына, сондай-ақ мессенджерлерде белгісіз сілтемелерге өтуге байланысты қатерлерге ерекше назар аударылды.

Кездесулер ашық диалог форматында өтті. Қызметкерлер белсенді түрде сұрақтар қойып, алаяқтармен бетпе-бет келудің өз оқиғаларымен бөлісті.

Каскад ГЭС-індегі ЭМЦ бөлімінің орынбасары Азамат Амангелді компаниядағы дербес деректерді қорғау мәселесін көтеріп, қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын үздіксіз арттырудың маңыздылығын атап өтті:

– Қазіргі таңда киберқауіп-қатерлер барған сайын күрделеніп барады, сондықтан осындай кездесулер шынымен де өте маңызды. Дербес деректердің қалай қорғалатынын және әрбір қызметкер күнделікті жұмысында қандай қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс екенін түсіну маңызды.

Техникалық қолдау бөлімінің бас маманы Ярослав Яковлев ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық аспектілері мен қауіпті интернет-ресурстарды бұғаттау мәселесіне қызығушылық танытты:

– Қазіргі таңда алаяқтық сайттар мен сілтемелер өте тез пайда болып жатыр. Оларды анықтау және бұғаттау қағидаларымен, сондай-ақ күдікті хабарламалар мен электрондық поштаға қалай дұрыс жауап беру керектігін білу пайдалы болды.

Көптеген қатысушылар мұндай профилактикалық әңгімелер таныс онлайн әрекеттер болып саналатын сілтемелерді тексеруден бастап жедел хабар алмасу бағдарламаларындағы хабарламаларға абай болуға дейін – жаңа қырынан қарауға көмектесетінін атап өтті.

– Кейде алаяқтар алыста жүргендей көрінеді, бірақ шын мәнінде мұндай әрекеттер үнемі орын алып отырады. Сессиядан кейін тіпті телефондағы қарапайым хабарламаларға да мұқият қарай бастайсыз», – деді 3-ЖЭО кадр бөлімінің басшысы Галина Горбовская.

АлЭС АҚ-та ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, компания қызметкерлері арасында цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Өйткені қазіргі жағдайда ақпаратты қорғау ең алдымен әрбір адамның мұқияттылығына, жауапкершілігіне және хабардарлығына байланысты.