Білімге салынған инвестиция – қауіпсіздікке салынған инвестиция
«АлЭС» АҚ өндірістік нысандарын заманауи жаңғырту тек жаңа жабдықтарды енгізуді ғана емес, сонымен бірге цифрлық инфрақұрылымды сенімді қорғауды да талап етеді. Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік жаңа деңгейге көтеріліп, энергетикалық нысандардың тұрақты жұмысы тәуелді болатын маңызды бағыттардың бірі – киберқауіпсіздікке ауысуда.
Егер корпоративтік желідегі деректердің жоғалуы құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігінен айырса, энергетика нысандарына жасалған кибершабуыл жабдықтардың жұмысына әсер етіп, электр және жылумен жабдықтауда іркілістер тудыруы мүмкін. Дәл осы себепті «АлЭС» АҚ-ның технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне, телемеханикаға, байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерге жауапты мамандары өз білімін үнемі жетілдіріп отырады.
Биыл өндірістік департаменттер мен Бас кеңсе қызметкерлері Implementing and Administering Cisco Solutions 2.2 және ANT0002 «Киберқауіпсіздік негіздері» атты мамандандырылған курстардан өтті. Оқу 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-і, Каскад ГЭС-і, «Энергоремонт» ӨЖК, ОАЖТ, сондай-ақ Бас офистің Қауіпсіздік басқармасы мен ЭКЕАЖжМББ басқармасының мамандарын қамтыды.
Бағдарлама нақты өнеркәсіптік инфрақұрылымды қорғауға бағытталды. Қатысушылар Cisco желілерін баптау мен әкімшілендіруді, IPv4 және IPv6-мен жұмыс істеуді, сондай-ақ желілік технологияларда автоматтандыру, жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдану мәселелерін зерделеді. Киберқатерлерді модельдеуге, индустриялық нысандарды қорғауға, оқиғаларды тергеп-тексеруге және заманауи ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құруға ерекше назар аударылды.
ЭКЕАЖжМББ бас маманы Азамат Өтегенов атап өткендей, оқыту барынша тәжірибеге негізделген: артық теориясыз, күнделікті жұмыста қолдануға болатын көптеген мысалдармен өтті. Өз кезегінде ОАЖТ-ның жетекші инженер-жүйе технигі Жанқожа Замадинов нақты кейстер мен заманауи қатерлерді талдау білімді жүйелеуге және өндірістік желілерді қорғау мәселелеріне жаңаша қарауға көмектескенін атап өтті.
Оқуды сәтті аяқтаған соң барлық қатысушыға алған құзыреттерін растайтын сертификаттар табысталды.
Қауіпсіздік басқармасының бастығы Рымғали Дөненбаевтың айтуынша, киберқауіпсіздік бойынша алғашқы сертификаттарды алу – компания үшін маңызды кезең. Бұл «АлЭС» АҚ-ның қызметкерлердің кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, заманауи цифрлық қатерлерден қорғану жүйесін дәйекті түрде құрып жатқанын куәландырады.
Қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мамандандырылған курстармен ғана шектелмейді. Қауіпсіздік басқармасының бас маманы Нартай Мұхаметбайдың магистратураны сәтті тәмамдауы да тағы бір маңызды жағдай болды, ол шілде айында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша магистр дипломын қорғады.
– Жұмыс пен оқуды қатар алып жүруіме басшылық пен әріптестерімнің қолдауы септігін тигізді. Магистрлік диссертациясын дайындау кезінде ол Қауіпсіздік басқармасының, Бас кеңсенің және өндірістік департаменттердің мамандарынан үнемі тәжірибелік кеңестер алып отырды. Бұл оған оқуын сәтті аяқтап қана қоймай, ғылыми жұмысын нақты өндірістік міндеттермен байланыстыруға да мүмкіндік берді.
Жаңа білім, халықаралық сертификаттар мен академиялық дәрежелер алу – қызметкерлердің кәсіби дамуына ғана емес, сонымен қатар бүкіл Компанияның тұрақты әрі қауіпсіз жұмысына қосылған үлес. Адам капиталын дамытуға қамқорлық жасау «АлЭС» АҚ басымдықтарының бірі болып қала бермек, өйткені цифрлық дәуірде энергетика нысандарын сенімді қорғаудың негізі – білікті мамандар.