Биіктікте немесе «Эдельвейстегі» керемет демалыс
Артқа
03.09.2024

Биіктікте немесе «Эдельвейстегі» керемет демалыс

«Эдельвейс» демалыс лагерінде демалған балалар сыныптастарына демалыстары туралы айтып, «керемет» сәнді эпитетін бірнеше рет қолданатыны сөзсіз. Біріншіден, «керемет» сөзі – «Эдельвейстің» орналасқан жеріне толық сәйкес келеді, яғни: лагерь – теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте, тауларда «орналасқан». Сіз ол жерге тек, сұлулығымен, ауасымен таң қалдыратын тік таулы жолмен ғана жете аласыз.

Екіншіден, лагерьлер үшін дәстүрлі ойын-сауық және танымдық бағдарламалардан басқа, әр ауысым үшін лагерьге қамқоршы болатын Алматылық энергетиктер өздерінің «ерекшеліктерін» дайындады. Айтпақшы, осы жазда «Эдельвейсте» екі ауысымда үш жүзге жуық бала демалды.

«Тең мүмкіндіктерді ілгерілетудің мектеп елшілері» тобы қызығушылық, танымдық, эрудиция, ынта және позитивті энергия үшін жауап берді. Бұл бағдарлама «АлЭС» АҚ-да 2018 жылы іске қосылды. Уақыт көрсеткендей, «елшілер» – энергетиктердің балаларын жас кезінен бастап ата-аналарының мамандығына араластырып, үлкен физика әлемімен таныстырып, интеллектуалды және физикалық тұрғыдан дамытып, белсенді өмір салтын ұстануы бойынша көптеген жұмыстар жасады. Бұл өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері келе жатқан лагерь дәстүріне сәйкес келеді. 12 жыл бұрын «Эдельвейс» орналасқан жерін өзгертті және қазір Алматыдан 13 км қашықтықта орналасқан.

– Балалар сауықтыру орны – Энергетиктер кәсіподағының қарамағында. «Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлерінің балалары үшін жолдамалар құнының 50% компания кәсіподағы мен АлЭС өтейді, – деді, «Энергия» ҚБ Кәсіподақ Төрағасы Серик Тымбасбаев. – Біз балалардың келуіне алдын ала дайындалдық. Корпустарға ағымдағы жөндеулер жүргізілді, барлығы боялып, әктелініп, жаңа төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ, музыкалық жабдықтар сатып алынды. Ал қызметкерлер конкурстық негізде таңдалды.

Бірінші ауысымда 157 бала демалды. Олардың қатарында 2-ші жасақтағы Валера Власов болды. Ол «Эдельвейсте» төртінші рет болды – «байырғы тұрғыны».

– «Эдельвейс» мен үшін – ең жақсы лагерь! Мұнда әрқашан керемет және қызықты, сіз әрқашан көптеген қызықтыратын сабақтарды таба аласыз. Мысалы, мен футбол мен волейбол ойнағанды ұнатамын. Бізде өте тату жасақ болды, – деп бөлісті ол.

Маханова Гульпара Замадиновна – лагерь директоры. Ол «Эдельвейсте» екінші жыл жұмыс істейді және мұндағы балалардың құмарлықтары мен қызығушылықтарының бәрін жақсы біледі.

– Бізде 15 жылға жуық лагерьде жұмыс істейтін тұтас команда бар. Біз қаңтар айынан бастап мұғалімдердің кастингін өткіземіз және олардың ішінен ең үздіктерді таңдаймыз. Лагерьде 8 жасақ бар. Әрқайсысында тандем жұмыс істейді: тәрбиеші-мұғалім және тәлімгер-студент, – деп түсіндіреді Гульпара Замадиновна. – Тәрбиешілер қауіпсіздік пен тәртіпті бақылайды. Балаларды қызықтыру үшін біз әр уақытта маусымның жаңа бағдарламасын ойлап табамыз. Күн сайынғы дискотека – бұл балаларға өте ұнайды. Біз әртүрлі конкурстар, жарыстар өткіземіз – тіпті «Ғашықтар күнін». Достарымыз бен тәлімгерлерімізге жылы сөздер жазымыз. Маусым қорытындысы бойынша ата-аналар «Пікірлер кітабында» өз әсерлерін қалдырады. Олар жиі таң қалып тұрады, себебі лагерьде балалар күтпеген жерден олар үшін де ашылады. Мысалы, бала үйде билемейді, бірақ мұнда ол толығымен ашылады. «Эдельвейс» – бұл шығармашылық!

Энергетиктердің көптеген балалары әр жазда дәстүрлі түрде осында демалады. Кейбіреулер тіпті маусымына екі рет демалады. Бірақ, 4-ші жасақтағы – Абiл Сымбат лагерьге алғаш рет келді. Ол қызға тамақ, тәлімгерлер, ойындар, әсіресе черлидерлер байқауы ұнады.

– Мен келесі жылы құрбыларыммен келгім келеді, – деп Абіл жоспарларымен бөлісті. – Өйткені, «Эдельвейс» – бұл бақыт!

Күндер қаныққанды және қызықты, ұйқы күшті және тамақ дәмді болуы үшін мұнда тату және кәсіби қызметкерлер жұмыс істейді, олардың көпшілігі – осы жерде бір жылдан кем емес жұмыс істеуде. Мәселен, екінші жыл қатарымен осында тәлімгер болып жұмыс істеуге Асхат Тастыбай келді. Бұл жолы ол «Тынымсыз» атты – 8-ші жасаққа тәлімгер болды. Бұл атау – жасақтағы балалардың темпераментіне толық сәйкес келді. Бірақ, Асхат олардан қалыс қалмады ! «Чемпиондар» атты – 7-ші жасақтың тәлімгері Шынаим Багдаткызы да өз шәкірттеріне өте жақын болып қалды.

– Отрядта 10 ұл мен 5 қыз болды, – дейді Шынайым. – Дарынды және өнертапқыш балалар. Біз дайындаған «Ата-аналар күні» қатты есте қалды. Ата-аналардың балалары мен тәлімгерлердің жаңа таланттарын көргені қызықты болды …

Тура мағынада айтқанда, дене шынықтырушы Олжас Кожабаев – лагерьде жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді және бұл оған ұнайды, ол «Эдельвейсте» екінші жыл жұмыс істеуде:

– «Маған лагерьдің табиғаты, балалары ұнайды», – деп мойындайды Олжас. – Мұнда тәлімгерлердің кәсіби құрамы қалыптасқан. Маусымға Біз авторлық іс-шаралар жоспарын дайындаймыз. Бұл жолы «Мисс Эдельвейс» және «Мистер Эдельвейс» байқаулары, ұлттық және спорттық ойындар өткізілді. «Эдельвейс» – бұл тек сәнділік.

Тәлімгерлердің ойлап тапқандары балаларға өте қатты ұнайды. Олар туралы 1-ші жасақтың тәрбиеленушісі Власова Татьяна қуанышпен айтуда, ол лагерьге үшінші жыл қатарынан келуде.

– Биылғы жылы мен «Мисс Эдельвейс» болдым! – деп ол қуанышпен хабарлады. Мен жеңгеннен кейін мені бәрі құттықтады. Мен өте қатты қуандым, ата-анам мен әжеме қоңырау шалдым, бәрі мен үшін өте қатты қуанды.

Бірақ, лагерьдің «ардагері» деп – 1-ші жасақтағы Лопушков Антонды айтуға болады. Ол алғаш рет «Эдельвейске» 2018 жылы келді, содан бері маусымдарды жіберіп алмауға тырысуда.

– Маған дискотекалар мен фото аң аулау ұнайды, бәріміз қызыл немесе жасыл түспен суретке түскенімізді ұнатамын. Бұл жолы менде қызыл ештеңе болған жоқ, содан кейін мен қызыл сүлгімді алдым. Нәтижесінде: секіру суреті, пирамида суреті болды. Мұнда Сіз үнемі жасампаздықпен айналысуыңыз керек, – деп, ол эмоцияларымен бөлісті. – Осында, керемет тамақ береді, әсіресе бешбармақ пен кондитерлік өнімдер …

Бұл кездейсоқтық емес: аға аспаз Караулова Галия балалардың талғамын өте жақсы зерттеді. Олардың аспазшылар тобында – бес адамы бар, оның ішінде наубайшысыда бар.

– Біз нан, шелпек, ватрушка, қамырдың ішіндегі шұжықша, сүзбелі сочниктер және тағы басқаларды пісіреміз – деп Галия балалардың сүйікті тағамдарын тізімдеді. – Лагерьде күніне алты рет тамақтанады. Пісіруден басқа, Біз олар жақсы көретін нәрсені дайындауға тырысамыз: котлеттер, тефтельдер, зраздар, картоп езбесі, спагетти, жаңа дайындалған салаттар, бешбармак, кеспе. Біз бәрін шын жүректен және қуанышпен жасаймыз!

Әрине, балаларға үнемі келетін энергетиктердің жобалары өнертапқыштық, тіпті эксклюзивті болып табылады. Бірінші ауысымда «Эдельвейске» өз бағдарламасымен Б.Оразбаева атындағы 1-ЖЭО қызметкерлері келді. Олар лагерьге балаларды таңғажайып салаға – энергетика әлеміне енгізу үшін арнайы барды, онсыз бүгінде өмірді елестету мүмкін емес.

Шамдардағы жарық қайдан пайда болады, сымдар арқылы тоқ қалай жүреді, ата-аналар электр станцияларында не жұмыс істейді … Бұл туралы ақпаратты қонақтар балаларға көрнекі, қол жетімді және қызықты айтты. Балалар туыстарының мамандықтары туралы сырттай естігені түсінікті, бірақ бұл өткізілген дәрістер барлық жағынан балаларға жақсы жағынан әсерін тигізді.

Энергетика мамандығына қызықты экскурсия бірде-бір баланы бей-жай қалдырмады. Ата-аналары жұмыс істейтін «Алматы электр станциялары» АҚ-ның тарихы балалардың шынайы қызығушылығын тудырды. Көбісі, ата-аналарының жұмыста не істейтіндерін және Алматы қаласында әрдайым жарық, жылу, крандарда ыстық су болуы үшін қанша күш жұмсайтыны туралы көбірек білді.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жөндеу қызметінің инженері Тельтай Алишер, балаларға жылу электр орталығының жұмыс принциптері туралы ақпаратты қол жетімді және қызықты түрде айтып берді.

– Әрине, балалар үйде ата-аналарының жұмысы туралы әңгімелерін бірнеше рет естіген шығар, бірақ мен ЖЭО жұмысының принциптері туралы айта отырып, балаларды үлкен «Энергетика әлеміне» түсіре алдым деп ойлаймын, – дейді Алишер. – Мен олардан туындаған барлық сұрақтарға қол жетімді жауап беруге тырыстым. Біз осындай кездесулерді жыл сайын өткіземіз. Әр жолы Біз, балаларға энергетика мамандығын жақсы түсінуі үшін оның қалай қызықты өткізу керектігін ойлаймыз.

Балалармен әңгімелесу барысында, Алишер энергетикада тек ерлер ғана емес, сонымен қатар әйелдер де жұмыс істейтінін атап өтті. Ол олардың өндірістегі рөлінің маңыздылығын түсіндірді. Айта кетсек, қазір «АлЭС» АҚ-ның 3037 қызметкерлерінің ішінде 591 әйел жұмыс істейді. Бұл компания ұжымының 19% құрайды. Олар компанияның барлық нысандарында, яғни басшылық лауазымдарда да, инженерлік-техникалық қызметтерде де жұмыс істейді.

Білім беру бөлімінен кейін ЖЭО-ның жас қызметкерлері викториналар ұйымдастырды, оларға балалар қуана қатысып, сыйлықтарға ие болды. Кездесудің шарықтау шегі 1-ЖЭО турбиналық цехының слесары Бекжан Бұхарбектің викторинасы болды. Ол балалардың тарих, физика, химия және математика саласындағы жан-жақты білімдерін, сондай-ақ олардың логикалық ойлау қабілеттерін ашты.

– Викторина сұрақтарын біз алдын-ала дайындаймыз, әр тапсырманы ойластырамыз. Балалардың энергетика мамандығының маңыздылығын түсініп, сұрақтарға қызығушылықпен жауап бергені және қуанышпен тыңдағаны қуантады, – деп атап өтті Бекжан.

Әр түрлі жасақтардың балалары өткен кездесу туралы өз әсерлерімен бөлісті. «АлЭС-тің энергетиктерімен кездесу өте қызықты болды», – дейді 7-ші жасақтағы Мирайс Әйбек. – Мен викторинаға қатыстым және дұрыс жауапты білгеніме қуаныштымын. Маған сыйлық ретінде – доп берілді. Бұл керемет, өйткені Мен футболды жақсы көремін!»

8-ші жасақтағы Нурдаулетов Жандос энергетиктердің әңгімесіне, викторинаға да, сыйлықтарға да риза болды. Ол осы лагерьде үшінші рет келіп тұр және беделді түрде: «Эдельвейс» – бұл керемет!» деп жеткізді, ал 5-ші жасақтағы Боканов Амир онымен келісіп қана қоймай, ең күшті лагерь деп атады, біріншіден, оның мұнда көптеген достары бар, екіншіден, бұл жерде өте қызық! «Мен барлық байқауларға қатыстым, сұрақтарға жауап бердім – бұл керемет», – деп қорытындылады Амир. Ал, 6-шы жасақтағы Нысынбаева Амелиге би байқауы ерекше ұнады. «Мен оны жеңдім! – деп Амели қуанды. Мен «Эдельвейс» лагері – бұл ғажайыптар екендігіне сенімдімін».

Жас энергетиктер мен балалардың жарқын кездесуі барлық қатысушыларды біріктіріп, бәріне көптеген жағымды эмоциялар сыйлаған флэшмобпен аяқталды. Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жас қызметкерлері мұндай қарым-қатынас балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, оларға өздерін үлкен және маңызды істің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесетініне сенімді.

Тең мүмкіндіктер жобасы екінші ауысымда жалғасты. Бұл жолы «Мектеп елшілері» де энергетикаға деген қызығушылықтың ұшқынын тудырды. Тікелей және бейнелі мағынада. Балалардың қошеметіне бөленген Алматы энергетиктері электр станциясының модулін іске қосты. Станцияның шағын моделін тапқырлық пен талассыз шығармашылық талантын көрсете отырып, 3-ЖЭО қызметкерлері жасады. Олардың барлығы «Тең мүмкіндіктерді ілгерілетудің мектеп елшілері» бағдарламасының қатысушылары. Оған 3-ЖЭО барлық департаменттерінің өкілдері қатысады. Станция жұмысын балаларға өздері жинаған макетте ЖАӨЦ жөндеу жөніндегі электрослесарі Бауыржан Әли және ЭЦ РҚА электрмонтері Аюпов Руслан көрсетті.

Станция – балалар ойыншықтарынан, картон қорабынан, шынайы сымдар мен бөлшектерден, пластикалық жел диірмендері мен пальмалардан жиналғанымен, көрсетілген көрініс бәріне әсерін тигізді. Модульдегі шамдар жанған кезде, балалар жүз ұпай қуанышқа бөленді! Бірақ ең бастысы, бір уақытта балалардың көпшілігінде энергетикаға деген шынайы қызығушылық пайда болды.

«Эдельвейсте» көрсетілген жарықтың қалай пайда болатындығы «Мектеп елшілерінің» өздері үшін қызықты оқиға болды, содан кейін тәжірибеден ләззат алған балалар туралы не дейсіз? Сонымен қатар, энергетика – физиканың ең қызықты салаларының бірі, ол үлкен қолданбалы мәнге ие. Біздің күнделікті өмірімізді құрайтын барлық нәрселер әрқашан үлкен назарға ие, оның ішінде балалардың өзіне де қызық – деп энергетиктер сенеді.

– Әрине, бүгінде интернеттен көп нәрсені табуға болады –принциптер, схемалар, диаграммаларда және бейнеде ұшқынның қалай пайда болатынын, сымдар арқылы тоқтың қалай жүретіндігін, мыңдаған және мыңдаған шамдарды жағып, жабдықты іске қосуды көруге болады. Бірақ мұндай көрнекілікті өз көзіңмен және макетте көрген әлдеқайда қызықты – дейді 3-ЖЭО ӨТБ инженер-метрологы Турумбетова Эльмира. – Балалар «станцияны» іске қосу процесін бақылап, сұрақтар қойып, барлығын егжей-тегжейлі қарастыра алды. Нақты процесс кез-келген, тіпті ең жетілдірілген онлайнтрансляцияға қарағанда көбірек әсер қалдырады. Біз балалардың шынайы қызығушылығын тудырғанымызға қуаныштымыз. Әрине, олардың біреуі болашақ мамандығы туралы ойлаған да шығар.

Электр станциясының жұмыс принципін көрсету – «Мектеп елшілері» дайындаған үлкен бағдарламаның бір ғана тармағы болды. Сұрақтарға жауап бере отырып, қауіпсіздік техникасын сақтаудың маңызды тақырыбын балаларға Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Иржанова Айсулу және ОҚТО Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Кузенов Наурызбек ашты. Олар балаларға жол ережелері мен жол белгілері туралы, олар не үшін жауап беретіні және жолдан қалай дұрыс және қауіпсіз өту керектігі туралы айтты. «Логикалық сұрақтар» викториналық ойыны балалардың көңілінен шықты және көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.

– Танымдық ақпараттан, викторинадан, би ойындарынан кейін Біз балаларды 3-ЖЭО қызметкерлерінің өздері дайындаған пуншпен дәм таттырдық, – деп жалғастырады осы бағдарламаның ұйымдастырушысы Турумбетова Эльмира. – Содан кейін біз көңілді көбік шоуын жасадық. Балалардың эмоциясы мен қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл жалынды бағдарлама болды және Біз бәріміз позитивпен қуатталдық !

Жалпы, «Мектеп елшілері»лагерьден тек жағымды эмоциялар мен әсер қалғанын жеткізді.

– «Біз балалардың соншалықты белсенді болғанына таң қалдық», – дейді РжБТ есептеу және режим инженері Садуакас Анель. – Бізді, сонымен қатар олардың тәлімгерлері – жас, жігерлі, талантты балалар екендігі таң қалдырды. Біз «Эдельвейстегі» тәлімгер – тек тәрбиешінің көмекшісі немесе балалардың көңілін көтеретін адам емес екеніне көз жеткіздік. Тәлімгер – әрқашан көмектесе алатын және бәрін айта алатын Дос. Ол – балалар үлгі алатын адам.

– «Эдельвейс» лагері белсенді және көңілді демалыс іздейтін балалар үшін өте қолайлы, – деп жалғастырады ЭЦ ЖҚА электрмонтері Жакан Нурлан. – Біз үшін бұл лагерьдегі ең ұмытылмас оқиғалардың бірі көбік кеші болды. Бұл жай ғана ойын-сауық емес, балаларға керемет әсер қалдырған толыққанды шоу.

Ал, әсерлер ұзақ уақыт есте сақталуы үшін энергетиктер өздерінің жас шәкірттеріне құлаққаптар сыйлады. Олар танымдық, көңілді, музыкалық демалысты еске түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыларға сүйікті әнін тыңдағысы, жаңа шетелдік сөздерді қайталағысы немесе интернеттен танымалдық бағдарламаны көргісі келгенде қызмет етеді. Мысалы, «Эдельвейстегі» энергетика туралы қызықты жазғы сабақтың өткені туралы.

– Өткізілген іс-шара үшін Энергетиктерге рахмет! Балаларға бәрі ұнады, әсіресе көбік кеші, – дейді «Барбарика» 6 жасағының тәлімгері Абдрашитов Адим. – Әсіресе, ЖЭО-ның қалай жұмыс істейтінін көрсеткендеріңіз үшін рахмет.

Ал, «Мектеп елшілеріне» басты бағаны демалушылардың өздері берді. Балалардың қуанышын қорытындылай келе: «Барлығы өте ұнады, көңілді және қызықты болды!» – деп, 5 жасақтағы Айсултан Молдабеков бағдарламаны бағалады.