«Батарейкаға екінші өмір сыйла» және «#батлмакулатура»
Артқа
10.01.2024

«Батарейкаға екінші өмір сыйла» және «#батлмакулатура»

«АлЭС» АҚ-да 68 кг пайдаланылған батарея және 5,7 тонна макулатура жиналды

Жыл соңында АлЭС-те «Батарейкаға екінші өмір» сыйла және «#БатлМакулатура» экологиялық науқандарының қорытындысы шығарылды. Жыл сайын компанияда науқандар өткізіледі, олардың мақсаты қызметкерлердің экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, сондай-ақ АлЭС қызметкерлерінің назарын табиғи ресурстарды пайдаланудың ысырапшылдығына және ресурс үнемдеу жөніндегі шараларды жүргізу қажеттілігіне аудару. Үш жыл ішінде «АлЭС» АҚ қызметкерлері 184 кг батарея мен 38,6 тонна макулатура жинап, кәдеге жаратуға тапсырды. 2021 жылы – 65 кг, 2022 жылы – 51 кг, 2023 жылы – 68 кг батарея, макулатура бойынша: 2021 жылы – 5,5 тонна, 2022 жылы – 10,9 тонна, 2023 жылы – 5,7 тонна тапсырды.

– Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адамзат бірнеше технологиялық жетістіктерге қол жеткізді, ал қарапайым батарея – бұл прогрестің жарқын мысалы. Кішкентай батарея – бұл өте пайдалы нәрсе, бірақ ол қоршаған ортаға да қауіпті болуы мүмкін. Қалдық батареялардың ыдырау өнімдері флора мен фаунаға өте зиянды екені белгілі. Бірақ олардың адам денсаулығына басты қауіп төндіретінін түсіну маңызды, – деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Зоя Арзюкова.

– Қазіргі өмір бізден теледидарды, таразыларды, шамдарды, камераларды, ұялы телефондарды қосу дым қиындық тудырмайды. Бұл әрине өмірімізді жеңілдетуге, уақытты үнемдеуге көмектесетін батареялардың арқасында. Бірақ батареяның зияны бар? Батареяларда әртүрлі металдар бар – сынап, никель, кадмий, қорғасын, литий, марганец және мырыш бар, олар тірі организмдерде, соның ішінде адам ағзасына жиналып, денсаулық пен қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Бір лақтырылған саусақ тәрізді батарея шамамен 20 шаршы метр жерді немесе 400 литр суды ауыр металдармен ластайды! – деп Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Елена Сильвестрова өз пікірін білдірді.

– Планетаның экологиясына қатысты мәселе табиғаттың адам қызметінің нәтижелерімен ластануына байланысты. Жыл сайын проблема өзектілігін арттырып келеді, – деді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Салтанат Жанахметова.

Көптеген адамдар ескі қолданылған қағаз бен картон қоршаған ортаға әсерін тигізбейді деп ойлайды. Олар бұл өнім ағаштан жасалғандықтан, ол экологиялық таза деп санайды. Шындығында, жағдай әлдеқайда күрделі. Экологтар макулатураның кейбір түрлері өте улы дейді. Ғалымдар қағаз ыдыраған кезде метанның көп мөлшерін бөлетінін анықтады, бұл көмірқышқыл газымен салыстырғанда парниктік әсердің дамуына шамамен 25 есе жылдам ықпал етеді. Макулатураны жинау және қайта өңдеу шынымен де орман қорын сақтауға және парниктік әсердің дамуын бәсеңдетуге үлкен үлес болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасы Қоғам қызметкерлеріне экологиялық науқандарға қатысқаны үшін, қоршаған орта мәселелері мен проблемаларына бей-жай қарамағаны үшін зор алғысын білдіреді.