«Байланыс пен жүйе әрдайым бірге жұмыс істеуі тиіс»
Қазіргі энергетикадағы тұрақтылық барған сайын электроникадан, желілер мен цифрлық шешімдерден бастау алады. Дәл осы жүйелердің үздіксіз жұмысы персонал әрекеттерінің үйлесімділігі мен күрделі технологиялық үдерістердің тиімді басқарылуын қамтамасыз етеді. Көзге көріне бермейтін, алайда осы бағытта А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да Ұлан Керімқұлов сынды аса маңызды білікті мамандар еңбек етуде.

Ұланның электроникаға, компьютерлер мен телекоммуникацияларға қызығушылығы энергетика саласына келместен бұрын қалыптасқан болатын. Сол себепті ол осы саланы бірден ұнатты, яғни мұнда заманауи технологияларды пайдалану арқылы нысанның қауіпсіздігіне әсер ететін дәлдік пен сенімділікті қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болды.

– Энергетика саласы өте қызық, өйткені заманауи IT-шешімдер станция жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, – дейді ол.
Оның 2-ЖЭО-дағы алғашқы жұмыс күні, яғни көп мөлшердегі электрондық жүйелер, серверлік жабдықтар, күрделі, технологиялық және қызметтік телефон байланысының үздіксіздігі үшін жоғары жауапкершілікті сезіну ерекше есінде қалды. Оған бұл жерде әр жүйе тәулік бойы және ақаусыз жұмыс істеуі керектігі бірден түсінікті болды.

Өз жұмысының басты бағыты ретінде Ұлан Әкімханұлы электрондық және IT-жүйелердің тұрақтылығын, сондай-ақ станция бөлімшелері арасындағы сенімді байланысты қарастырады. Оның күнделікті міндеттеріне электрондық жабдықтар, IT-инфрақұрылым, серверлер мен телефон жүйесіне қызмет көрсету, олардың жағдайын бақылау, алдын алу шараларын жүргізу және кез келген ақауларды жедел жөндеу кіреді.
Маманның ерекше мақтан тұтатыны – ол ірі ақау орын алған жағдайда өндірістік процестерді тоқтатпай, телефон байланысы мен IT-жүйелерін қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар осы мамандықтың маңыздылығын ерекше көрсетеді.
– Электрондық жүйелер мен байланыс тұрақты жұмыс істегенде, барлық қызметкерлер өз міндеттерін тыныш әрі сенімді атқара алады, – дейді ол.

Ұлан Керімқұловтың кәсіби қалыптасуында ұжымның рөлі зор. Ол әріптестерінің техникалық сауаттылығының жоғары деңгейін, олардың көмек көрсетуге және тәжірибесімен бөлісуге дайындығын атап өтеді. Дәл осы тәлімгерлердің қолдауы мен командалық жұмыстың нәтижесі станциядағы жұмысты тез үйренуге және осы кәсіпке сеніммен сіңуге мүмкіндік берді.

Қазіргі энергетиканы ол үлкен цифрлық болашағы бар сала ретінде қабылдайды. Оның кәсіби арманы – электр станцияларындағы өнеркәсіптік IT-жүйелер, автоматика және цифрлық байланыс бойынша сарапшы болу. Оның дамытуға ұмтылатын дағдылардың қатарында– өнеркәсіптік желілерді, SCADA-жүйелерді және IP-телефонияны әкімшілендіру бар.
Ұлан Әкімханұлы Қазақстандағы энергетика саласы цифрландыру жолында дамып жатқан кезде энергетика мамандығын беделді және қажетті мамандық деп есептейді. Сонымен қатар, ол нақты жұмыс істеп тұрған энергетикалық нысандағы қызметтің жауапкершілігін жақсы түсінеді. Себебі бұл жердің қатаң ережелері мен тәртіптері – қауіпсіздіктің басты кепілі болып табылады.
Ол кәсіби тұрғыда маңызды жеке қасиеттерге: мұқияттылықты, логикалық ойлауды, стресске деген төзімділікті және жауапкершілікті жатқызады. Ол өз уақытын «байланыс пен IT-жүйелер 24/7, ақаусыз жұмыс істеуі тиіс» басымдылық қағидаты бойынша ұйымдастырады.

Оның өміріндегі ең басты құндылықтар – ол отбасы, тұрақтылық және өзін-өзі дамыту. Бос уақытында ол IT-технологиялар мен электроникаға қызығушылық танытып, кәсіби біліктілігін арттыруда. Оның балалары еңбегін құрметтеп, қызығушылықпен қарап, оның маңыздылығын жақсы түсінеді.
– Байланыс пен жүйе әрдайым бірге жұмыс істеуі тиіс – бұл ұран Ұлан Керімқұлов үшін жай ғана кәсіби қағида емес, ол оның күнделікті еңбегімен растайтын ішкі бағдары.
Дәл осындай, яғни салмақты, сенімді, техникалық сауатты мамандар А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ның цифрлық іргетасын қалыптастырып, оның бүгінде және болашақта тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.