Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО: келешекті іске қосатын тоқтату
2026 жылғы 7 сәуірде Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жоспарлы тоқтату орын алды. Алдағы уақытта – жаңа маусымға дайындық, ол нағыз кәсіби мамандардан тұратын ұжымның үйлесімді жұмысын талап етеді.
Еліміздің ең көне станциясы2025-2026 жылдың жылыту маусымын сенімді, байыпты және кәсіби түрде аяқтады.
178 тәулік бойы, яғни 2025 жылғы 8 қазаннан 2026 жылғы 3 сәуірге дейін станция Алматыға тұрақты түрде жылу және электр энергиясын жеткізді. Бұл – қаланың тұрғындары байқай бермейтін энергетиктердің зор еңбегінің нәтижесі: жабдықтарды дайындау, тәулік бойы кезекшіліктер, нақты шешімдер және үлкен команданың біріге көтерген жүгі.

Нәтиже дәлелдеуді қажет етпейді. 1-ЖЭОэлектр энергиясын өндіру жоспарын асыра орындады (108,3%) және жылуды беру көрсеткіштерін айтарлықтай арттырды (119,5%). Ең бастысы – маусым апатсыз өтті, барлық жүйелер тұрақты жұмыс істеді.
Жұмыскерлердің өздері де атап өткендей, бұл көрсеткіштердің артында күнделікті жауапкершілік тұр: «әр шаңырақтағы жылу біздің еңбегімізге байланысты екенін жақсы түсінгендіктен, нәтижеге жұмыс істейміз. Кәсіби мамандардан құралған мықты ұжымбар, – дейді турбиналық жабдықтар жөніндегі қараушы машинист Жомарт Жұмаев.

Станция директоры Карим Сартаев: «жылыту маусымын сәтті өткізу – жүйелі дайындық пен ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі. Бүгін алдымызда тұрған келесі міндет – жабдықтарды жаңа кезеңге сапалы дайындап, сенімділіктің жоғары деңгейін сақтау» – дейді.
Станцияның айрықша мақтанышы – экологиялық трансформациясы. 2017 жылдан бастап 1-ЖЭО табиғи газда жұмыс істейді. Бұл қоршаған ортаға әсерді едәуір азайтуға және өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді, сонымен қатар қаланың жылу жүйесінің сенімділігін сақтады.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО басты қазынасы – адамдар. Мықты, тәжірибелі, нағыз кәсіби ұжым – біртұтас команда.

1-ЖЭО станциясы ауысымының бастығы Александр Елкин: «күзгі – қысқы кезең – шыңдау, төзімділікті тексеру кезеңі. Мұнда бей-жай қарайтын нәрсе жоқ, бәрі маңызды: техника да, адамдар да. Команда бір-бірін жарты сөзден ақ түсінеді, жұмыс нақты орындалады. Біз өз мінедітімізді адал атқарамыз.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – 91 жылдық тәжірибенің, сабақтастық пен сенімнің мекені. Мұнда кез келген жағдайда жұмыс істеуді, шешім қабылдауды және нәтижеге жетуді біледі.

2026 жылғы 7сәуірде станция жоспарлы тоқтатылды – бұл жаңа айналымды ашатын маңызды технологиялық кезең: диагностикалау, жөндеулер және келесі қысқа дайындық. Энергетиктер үшін бұл үзіліс емес, керісінше, алдын ала әрекет ету болып табылады.

Жылыту маусымы аяқталды. Алайда, 1-ЖЭО ұжымы үшін бұл қорытынды емес, бұл жаңа тіршілік айналымының бастауы, мұнда басты міндет әр шаңыраққа сенімді жылу жеткізу болып қала береді.