Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – энергия, спорт және үлкен жеңістер аумағы!
Артқа
02.05.2025

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – энергия, спорт және үлкен жеңістер аумағы!

2025 жылғы 2 мамырда Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО аумағында көптен күткен оқиға – заманауи спорт алаңдарының салтанатты түрде ашылуы өтті. Салтанатты шара игіліктің, қуаныштың және кең пейілділіктің нышаны болып табылатын қазақтың жарқын «шашу» рәсімінен басталды. Станция жұмыскерлері дәстүр бойынша бір-біріне кәмпиттен шашу шашып, жаңа спорт кешеніне бақ-береке, келушілерге жарқын жеңістер мен мықты денсаулық тіледі.

Футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары станция жұмыскерлеріне арналған нағыз сыйлық және басшылықтың ұжым жұмыскерлерінің денсаулығы мен бірлігіне деген қамқорлығының көрінісі болды.

Спорттық инфрақұрылым құру идеясы «АлЭС» АҚ жұмыскерлері үшін спорт алаңдарын салу жобасын ұсынған «Жарқын Болашақ» жастар ұйымына тиесілі. Компания басшылығы бастаманы қолдап, жоба Басқарма Төрағасы Ерік Машировтың жеке қатысуымен табысты іске асырылды.

– «Бұл біздің шындыққа айналған арманымыз! 1-ЖЭО әрдайым Қазақстан энергетикасының кадрлар ұстаханасы болып табылатын болса, ендігі жерде чемпиондар шығаратын ұстаханаға да айналуы тиіс», – деп мақтанышпен атап өтті кәсіподақ комитетінің төрайымы Тұрсын Жақыпова.

Жаңа алаң озық технологиялар мен сапалы материалдарды пайдалана отырып салынған. Дренаж жүйесіне ерекше назар аударылды: негізі кәсіби футбол алаңдарының стандарттары бойынша жобаланған, бұл судың жиналуына жол бермейді және жабынының қауіпсіздігіне кепілдік береді.

– Бұл «АлЭС» АҚ құрылымындағы алғашқы заманауи алаң және де компанияның әрбір жұмыскер үшін жайлы әрі салауатты орта құруға деген ұмтылысын білдіреді, – деп атап өтті станциядағы жөндеулер қызметінің бастығы және «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрағасы Әсет Әмірбеков.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ұжымы баскетбол, волейбол және футболдан мықты командаларымен танымал. Енді спортшыларға олардың ыңғайлы уақытта – жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін, сондай-ақ түскі үзіліс кезінде жаттығуына мүмкіндік туып отыр.

– Бізде мықты баскетбол командасы бар. Биыл спартакиадада біз 2-ші орынды иелендік. Келесі жылы алтынға қол жеткіземіз деген үміттеміз!» – дейді Қазандық цехының электр станциясы ауысымының бастығы Мұрат Молдабаев.

– Бұл сондай керемет! Біз бұдан былай станция аумағында спортпен алаңсыз айналыса алатын боламыз. Өте қолайлы және денсаулыққа пайдалы», – деп толықтырды Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының химиялық талдау зертханашысы Шынар Сәкенова.

Алаңдардың ашылуы – бұл жай ғана жаңадан ашылған нысан емес, корпоративтік мәдениетті дамытуға жасалған маңызды қадам да болып табылады.

– Бүгін 1-ЖЭО-да спорт кешенінің ашылуы бүкіл компания үшін айтулы оқиға болып табылады. Жастарымыздың жаңа биіктерді бағындыратынына сенімдімін, – дейді Турбиналық цех бастығы Мұрат Сәрсембаев.

Станция директоры Жаңабек Әділханов жобаны іске асыруға командадағы үйлесімді жұмыс пен басшылықтың қолдауының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті: «Енді біздің жұмыскерлер дәл осы жерде – станция аумағында ойнап, жаттығып, командалық рухын нығайта алады».

Спорт алаңы әзірдің өзінде 1-ЖЭО жұмыскерлерін өзіне тартып тұратын орынға айналып отыр. Бұл жерде әріптестердің басын қосатын турнирлер, спартакиадалар және жай ғана достық матчтар өтетін болады.

Волейбол мен баскетболдан өте жақсы командаларымыз бар. Енді байламдарымызды жаттықтырып, одан да күштірек болуға мүмкіндігіміз бар. Басшылыққа деген алғысымыз шексіз!» – дейді Электр цехының автоматика және релелік қорғаныс аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері Айдаралы Батыралы.

Спорт кешенінің ашылуы – жұмыскерлердің денсаулығына қосқан үлес қана емес, ұжымға деген қамқорлықтың сенім, ынталандыру және нағыз бірлік атмосферасын қалыптастырудағы жарқын мысалы іспетті. Мерекенің басында өткізілген «шашу» рәсімі жаңа дәуірдің дәстүрлер, спорт пен корпоративтік рух бірігіп, болашақ жетістіктерге жетуде қуат беретін символдық бастамасындай көрінді!

Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/shorts/B2TLpnygP7M