Ақпараттық қауіпсіздік әрбір адамнан басталады
«АлЭС» АҚ-да Бас офистің және өндірістік департаменттердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, мамандары мен қызметкерлеріне «Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын білуі бойынша жыл сайынғы тестілеу өткізілді.
Білімді тексеру дербес компьютерлерді пайдалана отырып, тікелей жұмыс орындарында онлайн-форматта жүргізілді. Мұндай формат барлық бөлімше қызметкерін қамтуға және күнделікті жұмысқа барынша жақындатылған жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Тест тапсырмаларын әзірлеуді және білімді тексеруді «АлЭС» АҚ Қауіпсіздік басқармасының мамандары қамтамасыз етті. Сұрақтарды әзірлеу кезінде ақпаратты қорғаудың ең өзекті аспектілеріне, «Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарына, сондай-ақ қызметкерлердің күнделікті қызметінде кездесуі мүмкін типтік жағдайларға ерекше назар аударылды. Қауіпсіздік басқармасының бас менеджері Рустам Галиев атап өткендей, тестілеудің басты міндеті – бақылау үшін бақылау емес, қызметкерлердің хабардарлық деңгейін арттыру, цифрлық қауіптерді тану дағдыларын дамыту және компанияда тұрақты ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Тестілеу қорытындысы бойынша нәтижелерге талдау жүргізіледі. Бұл кейінгі білім тексерулеріне арналған сұрақтарды өзектендіруге және корпоративтік оқытуды одан да тиімді етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда ақпараттық қауіпсіздік – өндірістік қызметтің ажырамас бөлігі. Корпоративтік ақпараттың сақталуы, ақпараттық жүйелердің сенімді жұмысы және кәсіпорынның киберқауіптерге төзімділігі әрбір қызметкердің ұқыптылығына байланысты. Сондықтан білімді үнемі оқытып, тексеріп отыру ақпаратты қорғауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайтуға көмектеседі.
– Тестілеу пайдалы болды. Ол өз білімімді тексеріп қана қоймай, күнделікті жұмыста кездесуі мүмкін жағдайларға назар аударуға мүмкіндік берді. Тестілеуден өткеннен кейін ақпаратты қорғау мәселелеріне ұқыпты қараудың және қарапайым болып көрінген ережелерді де елемеудің қаншалықты маңызды екеніне тағы да көз жеткіздім, – деп бөлісті 3-ЖЭО электр цехының инженер-бағдарламашысы Глеб Костюнин.

– Сұрақтар өзекті болды және ойландырып тастады. Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік атқаратын лауазымына қарамастан әрбір қызметкерге қатысты. Мұндай тексерулер дайындықтың жоғары деңгейін сақтауға көмектеседі және корпоративтік ақпаратты қорғау әркімнің жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады, – деп атап өтті 3-ЖЭО релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтері Лаура Байбуланова.
«АлЭС» АҚ-да ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Білімді үнемі тексеру, қызметкерлерді оқыту және цифрлық сауаттылықты арттыру – компанияның ақпараттық ресурстарын қорғау бойынша кешенді жұмыстың маңызды бөлігі. Өйткені сенімді ақпараттық қауіпсіздік – бұл тек заманауи технологиялар ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қауіпсіз әрі тұрақты жұмысына күнделікті үлес қосатын әрбір қызметкердің жауапкершілігі.