Ақпараттық кездесу өткізілетіні жайлы хабарландыру
Артқа
19.11.2024

Ақпараттық кездесу өткізілетіні жайлы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ Азия Даму Банкі (АДБ) мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) талаптарына сәйкес 2024 жылдың 25 қарашасында сағ. 11:00-де «Алматы қ., 7-көше, 130-үй мекенжайындағы 2-ЖЭО «АлЭС» АҚ аумағындағы химиялық цехтың акт залында (307-каб.) Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау нәтижелерін жариялау бойынша ақпараттық кездесу өткізілетінін хабарлайды.

Бұл кездесудің мақсаты – мүдделі тараптарға, соның ішінде ықтимал зардап шеккен қауымдастықтарға, жобаның қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсері, теріс әсерді азайту бойынша жоспарланған шаралар және шағымдарды қарау механизмі туралы толық ақпарат беру, кері байланыс орнату, жобаға қатысты мәселелерді талқылау.

Ақпараттық кездесу онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Онлайн форматта қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өтуге болады:
https://us05web.zoom.us/j/5605704660?pwd=VnZZL3N6QVp0d1lSWXNwZ05GNjl1dz09.

Конференция идентификаторы: 560 570 4660

Қолжетімділік коды: 7KLer7

Байланыстағы тұлға: Арзюкова Зоя.

Қосымша ақпаратты zarzyukova@ales.kz, электрондық мекенжайы және 8 (727) 2540-327, 2540-329 телефондары арқылы алуға болады.