Almaty half marathon: командалық рух және жеңіске ұмтылыс
Артқа
23.04.2024

Almaty half marathon: командалық рух және жеңіске ұмтылыс

Басқарма төрағасының орынбасары – «АлЭС» АҚ-тың Бас инженері Ғазий Исмұхамбетов өткен Almaty Half Marathon-да 60+ жас тобында үшінші орынға ие болды! Біздің құттықтауымызды қабыл алыңыз!

Ғазий Жұмабайұлы – бұл марафонда алматылық энергетиктердің атынан жыл сайын шығып отырады және жас буын әріптестерін өзінің энергиясымен рухтандырады және спортты сүюге ынталандырады, әрқашан да биік нәтижелерге қол жеткізеді. Жетекші энергетиктің, жоғары деңгейдегі кәсіпқойдың спорттық жетістіктері туралы ұжым жақсы біледі. Ол 44-ші Стамбул марафонына – әлемдегі Азиядан Еуропаға созылған 42,195 шақырымды құрайтын жалғыз трансконтинентальды жарысқа да қатысқан. Оның спорттық жетістіктерінің қоржынында 60+ жас санатындағы 42,2 шақырым қашықтықты құрайтын Алматы марафонында алтын медальды жеңіп алған. Сондай-ақ Қазақстанның «Tengri Ultra 2023» ультрамарафонында бірінші орын алды. Ғазий Жұмабайұлы сондай-ақ Қапшағайда өткен «Oceanman Kazakhstan» жүзуіне және Visa Tour of World Class Almaty 2022, Giro d’Almaty 2022 веложарысына қатысқан.

Қатысу және жеңу арқылы ол жас энергетиктерді спорттық әдеттерді қалыптастыруға шақырады. Оның үстіне, неғұрлым ертерек бастасаң, соғұрлым денің сау болатынын, сонымен бірге ол өзінің денсаулығы үшін спортпен шұғылдануға ересек жасында келгенін айтады. Рухани жетілуге жетіп, өз жолым, денсаулығым, қоршаған әлемге деген көзқарасым туралы ойландым, – деп мойындайды ол. Ол қарапайымнан амалдардан күрделіге қарай біртіндеп жетті десек те болады: жаттығудан бастап жүзуге өтті, одан жүгіруді бастады. Бәрі ойдағыдай бола бастағанда, ол өзіне «зиян келтірме» қағидаты бойынша жаңа мақсаттар қоя бастады.

21 сәуірде Алматы көшелерінде өткен жетінші Almaty Half Marathon-ға әлемнің 30-дан астам елінен 8000-ға жуық адам жарысқа қатысты. Олардың ішінде Ғазий Исмұхамбетовтен басқа «АЛЭС» АҚ-ның тағы 15 қызметкері болды. Олар ҰӘҚ портфельдік компанияларының әуесқой спортшыларынан тұратын «Самұрық-Қазына» командасына кірді.

Енді компания спортшылары қашықтықты бағындырып, қуанышты эмоцияларын жасыра алмады. «Алматыда «Самұрық Энерго» жастар командасының құрамында 10 шақырымдық марафонға қатысу ұмытылмас тәжірибе болды», – дейді ОҚТО өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері Саин Санжар. – Біз командағылар бір-бірімізді қолдап, мақсатқа жетеміз деп ұмтылып, әр шақырымды бағындырып өттік.

Алматы менің туған қалам, бұл марафон үшін тамаша алаң болды! Керемет тау пейзаждары, таза ауа және динамикалық атмосфера біздің спорттық жеңісіміздің шаттығын көкке көтерді. Бұл тәжірибе біздің команданы нығайтып қана қоймай, менің туған қаламен және оның ерекше энергиясымен байланысымды нығайтты».

Мұндай маңызды дистанцияны бағындыруға алғаш рет «АлЭС» АҚ Жұмыс және қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бикенсұлу Мамраева да қатысты. «Кереметтілігін айтып жеткізе алмаймын: жайлы жол, көктемнің жылы самалы және мәреден кейін алған көптеген жағымды эмоцияларым», – деп бөліседі Бикенсулу. – Almaty Half Marathon ұйымдастырушыларына өз күштерін сынауға және біздің бірлігімізді көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Барлығының әр шақырымды осындай ынтамен жүріп өткенін көріп шабыт алуға болады. Бір-бірімізді салауатты өмір салты мен тұрақты дамуға шабыттандыруды жалғастырайық!»

1-ЖЭО жөндеу қызметінің бастығы Әсет Әмірбеков өзінің марафонын алғаш рет 10 км қашықтықта жүгіріп өтіп, өз нәтижесіне таң қалды. «Дәл 1 сағатта мен дистанцияны бағындырдым», – дейді ол. – Мен жанкүйерлердің қоршаған ортасы мен энергетикасы осындай дистанцияларды еңсеруге күш беретініне тағы да көз жеткіздім. Менің жүгіруге деген махаббатым одан сайын артты және жүгіру техникасын одан әрі дамытып, келесі марафонға да дайындаламын. Ниеттес адамдар болғанда даму да әрқашан оңай болады! Осы марафонға қатысқан әріптестеріме алғыс айтамын».

«АлЭС» АҚ АРБ Кадрлар бөлімінің бас маманы Дина Қарабалина үшін бұл үшінші марафон. Оған атмосфера, ұйымдастырылғаны – бәрі ұнады. «Барлығы жақсы ойластырылған, және әлемнің түкпір – түкпірінен қанша қонақ қатысуға келді, барлығының жүзі күлкі үйіріліп, қуаныштан бал-бұл жайнап тұр, жастан кәріге де қатысып жатыр – дейді Дина өз эмоцияларымен бөлісіп. «Осындай оқиғаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын».

«Энергожөндеу» ӨЖК өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер Диас Асылбек үшін «АЛЭС» АҚ командасының құрамында Almaty Half Marathon-ға қатысу бірегей спорттық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар әріптестердің ортақ мақсатқа ұмтылудағы бірлігі екенін атап өтті.

«Кез келген қиындыққа қарамастан, әрқайсымыздың өзімізді өзіміз жеңгенімізді көру керемет шабыттандырды», – дейді Диас. – Іс-шараны ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті және біз осындай беделді іс-шарада компаниямыздың атынан қатысқанымызды мақтан тұтамыз. Мен осы керемет оқиғаның барлық қатысушыларына шабыт пен мотивация бергені үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Осындай керемет адамдармен бірге жүгіру шабыттандырады және берік байланыстар мен достықтың қалыптасуына әкеледі».

Барлық қатысушылар мұндай бұқаралық спорттық іс-шаралар әр түрлі жастағы адамдарды спортқа тартатындығына келіседі, ал әріптестерімен командалық қатысу еңбек ұжымындағы командалық рухты нығайтуға қызмет етеді. Өзара көмек, қолдау көрсету, басты міндетке назар аудару – спортта ғана емес, өндірісте де, әсіресе энергетика сияқты күрделі салада да таптырмас қасиеттердің бірі.