«Алматы электр станциялары» АҚ Қазақстан қор биржасында «рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша листинг рәсімінен өтті.
Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен айналыс мерзімі 3 жыл болатын жалпы сомасы 6,2 млрд теңгені құрайтын «Алматы электр станциялары» АҚ облигациялары KASE ресми тізіміне енгізілді. «Рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар» санатында.
Бұл облигациялардың шығарылымы «Алматы электр станциялары» АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы бірінші болып табылады.