«Алматы электр станциялары» АҚ 2021 жылға инвестициялық міндеттемелерді орындау қорытындылары

«Алматы электр станциялары» АҚ 2021 жылға инвестициялық міндеттемелерді орындау қорытындылары

А.Жақұтов атындағы ЖЭО-2

Инвестициялық бюджетке сәйкес 2021 жылы ЖЭО-2 бойынша мынадай іс-шаралар іске асырылуда:

ЖЭО-2 күлшлакжою құрамдастырылған жүйесін қайта жаңарту (6 кезең). ҚМЖ орындалуы.

Электр және жылу энергиясын өндірудің үздіксіздігін қамтамасыз ету есебінен тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін ЖЭО-2 аумағында ”АлЭС” АҚ ЖЭО-2 күлшлакты жоюдың құрамдастырылған жүйесін қайта жаңарту (6 кезең)” объектісі бойынша іс-шаралар кешені орындалуда.

Технологиялық шешімдерде күлшлак қалдықтарын өңдеу, тасымалдау және қоймалау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау көзделген.

6 технологиялық кезеңнің жобалық шешімдерін іске асыру күлшлактарды 2,54 жыл ішінді №1 күл үйіндісінің №1 секциясында (сыйымдылығы 3 812,3 мың м3 болғанда), күл-шлактардың жылына 1 500 мың м3 жобалық шығуында жинауға мүмкіндік береді.

ҚМЖ орындалғанға дейін күн үйіндісі

ҚМЖ орындалғаннан кейін

«АлЭС» АҚ А.Жақұтов атындағы ЖЭО-2 департаменті үшін «Лифтілерді/лифт шахталарын жөндеу/жаңғырту жұмыстары (г/п 3,2 тн жүк лифтісін ауыстыру)»

ПГ-359 типті жүк лифтісін пайдаланудан шығару, рег.№Л 15-135, «Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ берген 27.10.2020 ж. №35-Э ұйғарымына сәйкес белгіленген пайдалану мерзімінен асқан лифтіні ауыстыру талап етіледі. Лифт пайдаланыла бастағаннан бері 42 жыл жұмыс істеді.

Дейін

Кейін

Инвестициялық бюджетке сәйкес 2021 жылы ТЭН және ЖСҚ әзірленді:

– «АлЭС» АҚ ЖЭО-2 департаменті үшін қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғыртудың техникалық – экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталды. Сараптаманың оң қорытындысы алынды;

– ЖЭО-3 күл үйіндісін қайта жаңарту. 4 кезек. ЖСҚ әзірлеу – аяқталды. Сараптаманың оң қорытындысы алынды;

– «Каскад ГЭС объектілерінде: ГЭС-6 қысым бассейін және Казачка өзені қоршауларды, бейнебақылауды, сыртқы жарықтандыруды орната отырып, қауіпсіздік периметрін күрделі жөндеу. ЖЖ әзірлеу (жұмыс жобасы)» – аяқталды. Сараптаманың оң қорытындысы алынды.