«АлЭС» жас энергетиктерінің көзімен BIR TOLQYN
6 қарашада Алматыда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының түрлі кәсіпорындарынан жиналған өкілдердің басын қосқан BIR TOLQYN жастар жобасы өтті. «АлЭС» АҚ-ның үш қызметкері үшін бұл кездесу әріптестерімен танысуға, өзара тәжірибе алмасуға және күнделікті міндеттерге жаңаша көзқараспен қарауға керемет мүмкіндік болды.
Компания атынан жөндеу басқармасының жөндеуді жоспарлау қызметінің бас маманы Серікболқызы Ұлбике, ГЭС каскадының инженер-метрологы Назерке Ахметова және ГЭС каскадының автоматика жөніндегі инженері Әлижан Арыстанбаев қатысты.

Атауы «Бір толқында» деген мағына беретін бұл жоба бір мезгілде Қазақстанның төрт қаласында: Алматы, Атырау, Қарағанды және Өскеменде өтті. Шара «Самұрық-Қазына» АҚ-ның SK Jastar Talents 2026 жастар саясаты тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған әрі жас мамандар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Алматыдағы «Атакент» алаңында қатысушылар командаларға бөлініп, бес бағыт бойынша бастамаларды талқылады. Олар: спорт және денсаулық, еріктілік, тәжірибе алмасу, оқыту мен коммуникация және жобалық даму. Әр топ тек тың идеялар ұсынып қана қоймай, оларды іске асырудың алғашқы қадамдарын да айқындап шықты.
Қатысушылардың есінде әсіресе кездесудің көтеріңкі көңіл күйі мен ерекше атмосферасы қалды. Еркін пікір алмасу, пікірлес жандарды табу және басқа компаниялардың жобаларымен танысу мүмкіндігі бұл күнді шын мәнінде мазмұнды әрі қызықты етті.

– Іс-шара жоғары деңгейде өтті! Маған ортаның атмосферасы, жаңа әрі қызықты адамдармен танысу, тәжірибе алмасу және көптеген идеяларды талқылау мүмкіндігі өте қатты ұнады. Шабыт сыйлаған әңгімелер мен жағымды әсер көп болды. Уақытты пайдалы әрі шабытпен өткізуге тамаша мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! – деп ой бөлісті Ұлбике Серікболқызы.
Назерке Ахметова бағдарламаның мазмұндылығын және өзекті жастар бастамалары төңірегінде бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін ерекше атап өтті.
– Форум өте мазмұнды әрі тартымды өтті. Әсіресе спорт пен денсаулық, еріктілік, тәжірибе алмасу, оқыту мен коммуникация, сондай-ақ жобаларды дамыту сияқты бес бағыт бойынша жұмыс істеу ерекше қызықты болды. Олардың әрқайсысы маңызды мәселелерді қамтып, алдағы бірлескен бастамаларға негіз бола алатын тың идеяларды қалыптастыруға жол ашты, – деді Назерке Ахметова.
Бұл жобаға қатысу командалық жұмыстың қызықты тәжірибесіне айналған Әлижан Арыстанбаев та өз әсерімен бөлісті.
– Тек жағымды әсер қалдырған тамаша іс-шара болды! Мұнда бағдарламаға қатысып қана қоймай, жаңа адамдармен танысу, түрлі көзқарастар мен идеяларды тыңдау өте қызықты болды. Әсіресе пікір алмасып, тәжірибе бөліскеніміз және жаңа мүмкіндіктерден қанаттанғанымыз ерекше құнды. Ұйымдастырушыларға және осындай керемет атмосфера үшін көп рақмет! – деді Әлижан.
АлЭС-тің жас энергетиктері үшін BIR TOLQYN күнделікті жұмыс міндеттерінің шеңберінен шығып, басқа кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға және әріптестерімен ортақ қызығушылықтар табуға таптырмас мүмкіндік болды.
Кездесу аяқталғанымен, орнаған байланыс, жарқын әсер мен аралас-құраластықты жалғастыру ниеті қалды. Бәлкім, болашақта дәл осы таныстық бірлескен жастар жобаларына бастау болар.