АлЭС: жадымызда мәңгілікке қалатын естелік
Артқа
09.05.2026

АлЭС: жадымызда мәңгілікке қалатын естелік

Кейбір естеліктерді еске алу үшін ешқандай ескертудің қажеті жоқ. Ол отбасылық фотосуреттерде, қариялардың әңгімелері кезіндегі көз жастарында және ескерткіштер алдындағы салтанатты үнсіздікте мәңгі сақталады. Дәл осындай шынайы, жылы әрі адами жай-күй АлЭС АҚ-да Жеңіс күніне орайластырған жиынның басты ерекшелігі болды. Аға буынға құрмет көрсету және қаһармандарды еске алу дәстүрін жалғастыра отырып, Қоғамның барлық өндірістік бөлімшелерінде ризашылық пен қамқорлыққа толы еске алу іс-шаралары мен жиындар өтті.

Мерекелік шараның ең әсерлі сәті – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-дағы Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Станция қызметкерлері құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, бүгінде еліміздегі бейбіт өмір соғыс батырлары жанпидалығы мен ерлігінің арқасы екенін тағы бір еске алды.

Бүгінде «АлЭС» АҚ-да 29 интернационалист-жауынгер, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушылар, сондай-ақ тыл еңбеккерлері жұмыс істейді. Мереке қарсаңында олардың барлығы Қоғам басшылығы мен кәсіподақ комитетінен құттықтаулар алды. Құрмет пен алғыс ретінде әрқайсысына «АлЭС» АҚ кәсіподақ комитетінің сыйлық сертификаттары табыс етілді. Қоғам қызметкерлері үшін олар жай әріптестер ғана емес – өмірлері батылдық, жауапкершілік және еңбекке адалдық үлгісіне айналған адамдар.

Солардың арасында – Қапшағай СЭС-інің Электрмашина цехының гидротурбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарі, интернационалист-жауынгер және Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысушы Николай Черкасов та бар. Ұжымда ол станция жабдықтарының қыр-сырын терең білетін, салмақты әрі мол практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті маман ретінде айрықшаланады.

Ол жоғары еңбекке қабілеттілігімен, жағдайды жылдам бағалап, ең күрделі жайттарда да жағдайды бақылауда ұстай алу қабілетімен ерекшеленеді. Көптеген жас мамандар кәсібіне деген шынайы қатынасты дәл осындай тұлғалардан үйренетіндерін мойындайды.

– Біз үшін компания өмірдің қиын сынақтарынан өткен адамдарды есте сақтайтыны және бағалайтыны өте маңызды. Жеңіс күнімен құттықтауларыңыз бен көңілдеріңіз, құрмет көрсеткендеріңіз үшін «АлЭС» АҚ басшылығына және кәсіподақ комитетіне шын жүректен алғыс айтамын. Мұндай кездесулер – бұл жай дәстүр ғана емес, нағыз естелік пен ұрпақтар сабақтастығының белгісі. Жастардың тарихқа қызығып, халқымыздың ерлігі туралы естелікті тыңдап, сақтап жатқанын көру ерекше қуантады, – деді Николай Черкасов.

Мерекелік іс-шаралардың басты бөлігі патриоттық «Батырлар – мәңгі жадымызда» акциясына арналды. Оған 2-ЖЭО есеп бөлімінің бастығы Раушан Оқапова, Гуля Жақаева, Сергей Шмелев, Галина Кислиенко және Қоғамның басқа да көптеген қызметкерлері қатысты. Олар туыстарының – соғыс пен тыл ардагерлерінің оқиғаларын айтып, отбасылық естеліктер мен фотосуреттермен бөлісті.

2-ЖЭО есеп бөлімінің бастығы Раушан Оқапова өз әңгімесін ерекше жылулықпен айтып берді. Оның атасы Оқап Мұсаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

– Мен атаманың ең сүйікті немересі болдым; мен оған қамқор болып, үй шаруасына көмектесетінмін. Бала кезімде оның соғыс туралы әңгімелерін көп тыңдадым. Атам сол оқиғаларды әрдайым көздеріне жас алып еске алатын. Оның әңгімелері арқасында біз нағыз бейбітшілік пен адам өмірінің шынайы құндылығын түсіндік, – деді Раушан.

1943 жылы ауыр жарақат алғаннан кейін Оқап Мұсаев туған жеріне оралып, отбасына және балаларын тәрбиелеуге бар күшін жұмсады. Бүгінде оның естелігін үлкен отбасының бірнеше буыны сақтап келеді. Ардагер бір ұлының атын Ұлы Жеңіс құрметіне Жеңіс деп қойды.

Қауіпсіздік департаментінің қызметкері Галина Кислиенконың әңгімесі де әсерлі болды. Ол өзінің атасы – Қостанай тумасы, ауыр әрі батырлық тағдыр кешкен Николай Филиппович Рогодев туралы баяндады.

1916 жылы он сегіз жасында Николай Филиппович әскерге шақырылды. Оның өмірі Бірінші дүниежүзілік соғыс, революция, азамат соғысы және жас Кеңес мемлекетінің қалыптасу жылдарын қамтыды. Әскери қызмет оның өмірлік ісіне айналды. 1939 жылға дейін ол Алматыдағы Қазақ КСР-інің ІІХК Бас басқармасының 7-ші бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды; кейін Батыс Украинаға ауысып, Дрогобыч облысындағы Самбор қаласының ІІХК бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарды.

1941 жылғы 21-22 маусым түнінде Николай Филиппович Польшаның Пшемысль қаласына қарсы орналасқан Мостиска бекетінде қызмет етіп, Ұлы Отан соғысының басталуын бастан-аяқ көрді. Сол уақытта ол Дрохобыч облысындағы Мостиска аудандық КГБ басқармасының бастығы қызметін атқарып, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатында лейтенант шенінде жұмыс істеді.

Отбасы одан соңғы хатты 1941 жылы 14 тамызда Полтава облысы Оболонь ауылынан алды. Онда ол өзінің Полтава облысының Украина Халық Комиссариатының Мемлекеттік Қауіпсіздік басқармасына уақытша ауыстырылғанын жазған. Көптеген жылдар бойы отбасы оның тағдыры туралы ақпарат алу мақсатында іздеуді тоқтатқан емес. Тек 1975 жылы көп жылғы сұраулар мен іздеулерден кейін Украинадан «із-түссіз жоғалған» деген ресми жауап келді.

«Біздің отбасымыз үшін атамыздың естелігі – парызы мен Отанына адал, батыл адамның бейнесі болып табылады. Мұндай оқиғаларды жадымызда сақтап, келешекке жеткізу өте маңызды», – деді Галина Кисиленко.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО электрлік қызмет көрсету бөлімінің орынбасары Нұрлыбек Дербісалы да өз естеліктерімен бөлісті. Оның атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Уазқаев Дербісалы 1924 жылы Қызылордада дүниеге келген.

Қорғаныс министрлігінің Орталық «Қызыл Жұлдыз» ордендері мұрағаттық анықтамаға сәйкес, ол 2-ші гвардиялық атты әскер дивизиясының 4-ші гвардиялық атты әскер полкінде жаяу әскер сарбазы болып қызмет еткен.

Өз батылдығы мен ержүректілігі Өз батылдығы мен ержүректілігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ерлігі үшін ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

«Біздің отбасымыз үшін атамыз әрқашан төзімділіктің, батылдықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болды. Атамыз туралы естелік біздің отбасымыз бен тарихымыздың бір бөлігі болып табылады», – деді Нұрлыбек Дербісалы.

2-ЖЭО электр цехының аккумуляторшысы Жәнібек Иманбетов әкесі туралы әңгімесімен баяндап берді. Оның әкесі – Мұсақұл Иманбетұлы Иманбетов 1923 жылы 20 наурызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Дехқан ауылында дүниеге келген.

Мұсақұл Иманбетұлының жауынгерлік жолы Сталинград түбінде басталды. Ол Орловск, Смоленск, Брянск, Харьков және Одессаны азат етуге қатысқан. Қара теңіз арқылы Румынияға, Польшаға және Чехословакияға дейін жеткен. 1945 жылғы мамырда жараланғаннан және госпитальдан кейін Монғолия, Улан-Удэ, Манчжурия, Қытай, Порт-Артур және Квантун түбегіндегі механикаландырылған танк армиясының №36 бас шолғын барлаушысы қызметін жалғастырды. 1947 жылдың мамыр айында ғана ол Отанына оралды.

Ерен еңбегі үшін Мұсақұл Иманбетұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды.

Әсіресе қызметкерлердің өз аталары мен арғы аталары – соғыстан өтіп, болашақ ұрпаққа бейбіт аспанды сақтап қалған адамдар туралы әңгімелері әсерлі болды.

Өзінің естеліктерімен 2-ЖЭО аға бухгалтері Дана Жұмабаева да бөлісті. Ол өзінің атасы – Ақтөбе облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Майлыбай Көбеев туралы әңгімеледі.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ол өз елінің бостандығы үшін шайқасып, ерлік, төзімділік және әскери борышқа берілгендік танытты. Өзінің жауынгер жолдастарымен бірге ауыр шайқастардан өтіп, қалалар мен ауылдарды азат етіп, соғыс уақытының барлық қиындықтарын жеңді.

Оның жауынгерлік жолындағы ерекше маңызды кезең соғыстың аяқталу кезеңі – Берлинді қоршауға қатысуы болды. Ол фашизмді жеңудің басты рәміздерінің бірі – Рейхстагты алуға қатысты.

Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Майлыбай Көбеев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

– Атамның ерлігі біздің отбасымыз үшін әрқашан патриотизмнің, рухтың күші мен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болып қалады. Біз Ұлы Отан соғысының батырларын есте сақтап, құрметтеуіміз керек, арқасында біз бүгін бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз, – деді Дана Жұмабаева.

Сондай-ақ, кәсіподақ жетекшісі Гүлия Жақаеваның, жөндеу цехы бастығының орынбасары Сергей Шмелевтің және басқа да қызметкерлердің отбасы қаһармандары туралы жылы естеліктері баяндалды. Олардың сөздерінде ең бастысы – жеңімпаздарды еске алу тек атаулы күндерде ғана емес, сондай-ақ келер ұрпаққа берілетін адами тарихтарда да сақталуы тиіс.

Нағыз есте сақтау – бұл қамқорлық, оны тағы да «АлЭС» АҚ-тағы Жеңіс күнін мерекелеу салтанаты көрсетті. Адамдарға қамқор болу, өткенге құрметпен қарау және ұрпақтар арасындағы байланысты сақтай білу. Ескерткіштерге гүлдер қойылып, батырлардың есімдері айтылып, жастар аға ұрпақтың тарихын тыңдағанда – халықтың ерлігі мәңгі тірі болады.