АлЭС-тегі ЖИ-челленджі: БЖК алғашқы стандартты орнатты
Кейде компанияның жаңа кезеңі бұйрықты орындаудан емес, идеядан басталады. АлЭС-те бұндай серпінді «AI: Болашақтың энергиясы біздің қолымызда» корпоративтік ЖИ челленджі берді – бұл жоба инженерлерді, технологияны және нақты өндіріс тәжірибесін біріктірді.
Челлендж кәсіби диалог пен шешім іздеу алаңы ретінде ұйымдастырылған, яғни жасанды интеллект өндірісте қауіпсіздікті арттыру, процестерді оңтайландыру және шешім қабылдауға көмектесу үшін қалай жұмыс істей алады. Әрбір департаментке тек идея ұсыну ғана емес, оны нақты мысалдар мен визуалды формат арқылы көрсету мүмкіндігі берілген.
Эстафетаны алғашқылардың бірі болып БЖК жастар ұйымының қатысушылары бастады. Олардың бейнеролигі жай конкурстық туынды ғана емес, ойластырылған тұжырымдамасы мен заманауи түрде ұсынуы бар және практикалық құндылыққа айқын баса назар аударған жоғары деңгейдегі туынды атағына ие болды.

– Бұл идея болашақта өндірістің қандай бола алатынын көрсету ниетінен туды. Біз заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің процестерді қалай жеңілдетуге, тиімділік пен еңбек қауіпсіздігін арттыруға қабілетті екенін көрсеткіміз келді, – дейді химиялық қызмет инженері Әсем Садуақас.
Сонымен қатар, команда басты нәрсеге саналы түрде ерекше назар аударады: технологиялар – бұл құрал, ал негізгі рөл әлі де адамға тиесілі.
– Жобаның мақсаты – тек инновацияларды көрсету ғана емес, кез келген технологиялардың артында әрқашан адам тұратынын атап өту, – дейді ол.
Бейнебаянды түсіру үстіндегі жұмыс сценарийден бастап қорытынды монтажға дейін толыққанды командалық процеске айналды. Қатысушылар әрбір бөлшекті түсінікті, әрбір кадрды мазмұнды етуге тырысты.
– Түсірілім барысында біз өндірістегі жасанды интеллект тақырыбын заманауи форматта көрсеткіміз келді. Идея күнделікті процестерді жеңілдету, уақытты үнемдеу және технологиялардың дамуын көрсету мақсатында пайда болды. Біз әрбір кадрды көрерменге түсінікті әрі мағыналы етуге тырыстық. Команда болып жұмыс істей отырып, біз бүкіл процеске – сценарийден монтажға дейін баса назар аудардық. Нәтижесінде заманауи өндіріс пен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсететін қызықты әрі пайдалы бейнеролик шықты деп ойлаймын, – деп бөлісті БЖК электр желілерінің кезекші электр монтері Ақжол Тұрсын.

Жөндеулерді дайындау тобының инженері Рамазан Молдақадыр челленджге қатысу – бұл тек шығармашылықты таныту ғана емес, сонымен қатар әдеттегі процестерге жаңаша көзқарас таныту мүмкіндігі екенін атап өтеді.
АлЭС-те ЖИ-челленджэнің басталуы – инженерлік ойлау цифрлық құралдармен күшейтіліп, идеялар нақты дамитын жаңа өндірістік мәдениетті қалыптастыру жолындағы қадам болып табылады.
Қазірдің өзінде энергетиканың болашағы теориялық жағынан басталып жатқан жоқ – ол осы жерде, кеңірек ойлауға, шешім қабылдауға және бастама көтеруге дайын командалардан құрылады.
Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/shorts/OhNi5CEBa7E