АлЭС сурет галереясы: Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-і – энергия өнерге ұласатын жерде
Біз «АлЭС сурет галереясы» бойынша саяхатымызды жалғастырамыз. Бүгін судың күші, табиғаттың асқақтығы мен инженерлік шеберлік нағыз өнер туындыларына ұласатын станция – Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-ке арналған зал есігін ашады.

Мұндағы бас суретші – Іле өзенінің өзі. Оның екпінді ағысы, қуатты бөгеті, орасан зор гидроагрегаттары мен Қапшағай су қоймасының мөлдір айдыны – бәрі бірігіп, қозғалысқа, жарыққа және өмірге толы ауқымды полотноны құрайды.

Картиналар цифрлық кескіндеме элементтері қосылған кинематографиялық индустриялық арт стилінде орындалған. Жұмсақ жағындылар, мәнерлі графика, қанық табиғи реңктер мен әсерлі жарық су электр станциясының айбынын асқақтата түседі. Болат құрылымдар көркем икемділікке ие болса, су кенепте тіріліп кеткендей әсер қалдырады, ал Іле Алатауының көрінісі осы ғаламат композицияның табиғи жақтауына айналған.

1965-1981 жылдары «Алматы ГИДРОПРОЕКТ» институтының жобасы бойынша салынған Қапшағай ГЭС-і Қазақстандағы ең ірі гидротехникалық құрылыстардың біріне айналды. Мұндағы әр инженерлік сызық сенімділікке қызмет етсе, әр техникалық шешім қоршаған табиғи ландшафтпен әдемі үйлесім тапқан.


Алайда Қапшағай ГЭС-і тек энергия ғана емес. Ол су қоймасымен бірігіп, тұтас су шаруашылығы кешенін құрайды: халықты, ауыл және балық шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп, Іле өзені бассейнінің экологиялық тепе-теңдігін сақтайды. Сондықтан да бұл полотнолардың сұлулығының ар жағында осындай аса маңызды стратегиялық нысанға жауапты жандардың күнделікті қажырлы еңбегі жатыр.
Бұл топтаманың әр картинасы әдетте назардан тыс қалатын сәттерді көз алдымызға әкеліп, уақытты тоқтатқандай болады: сарқырай құлаған судың қуаты, турбиналардың айналу ырғағы, су қоймасы айдынындағы аспанның шағылысы және ондаған жылдар бойы өңірді жасыл энергиямен қамтамасыз етіп келе жатқан станцияның сабырлы сенімі.
Біз энергетиканы өнерге айналдыруды жалғастырамыз. Бұл жобада әрбір станция – тарихқа, болмысқа және шабытқа толы дербес көркем әлем.
Бізбен бірге болыңыздар. Алда «АлЭС сурет галереясының» жаңа залдары мен энергетика тарихын кескіндеме тілімен баяндайтын тың туындылар күтіп тұр.