АлЭС спартакиадасы: Наурыз ырғағындағы командалық қуат
«АлЭС» АҚ-да Наурызнама күндері спорт, дәстүр және командалық рух аясында қызметкерлерді біріктірген айтулы шара – Спартакиада басталды. 268 спортшы өз өндірістік департаменттерінің намысын қорғады. Ашылу салтанаты үлкен ұжымның жаңаруын, қуатын және бірлігін айшықтайтын жарқын символға айналды.

«АлЭС» АҚ-да ең көп күтілетін корпоративтік оқиғалардың бірі – барлық өндірістік департаменттердің қызметкерлерін біріктірген Спартакиада өз бастауын алды. Салтанатты ашылу рәсімі 2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласындағы АДК спорт кешенінде өтіп, жаңару, бірлік пен игі бастамалар кезеңі – Наурызнама мерекелік онкүндігінің бір бөлігіне айналды.

Көктемнің осы шуақты күндерінде энергетиктердің спорт маусымын ашуының өзі символдық мәнге ие. Қатысушылар ұлттық киіммен келіп, кеңістікті ерекше жылылыққа және дәстүрге деген құрметке бөледі. Алғашқы минуттардан бастап бұл жай ғана жарыс емес, бұл әркім өзін үлкен команданың бір бөлігі ретінде сезінетін Наурыздың мерекелік көңіл-күйінің жалғасы екенін сезінді.

Ашылу рәсімі бір деммен өтті – күлкі, шынайы ықылас пен әріптестердің қолдауы ерекше сезілді. Бұл туралы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ЖАӨЦ бастығы Керім Жамбаев: «Спартакиаданың дәл Наурызнама күндерінде өтуі өте символдық мәнге ие – спортпен бірге біз жаңа энергия мен жаңа мүмкіндіктерді қарсы алғандай боламыз», – деп атап өтті ол.

Көпшіліктің ойы Наурыз мейрамы жаңару кезеңімен сәйкес келсе, ал Спартакиада болса осы мазмұнды толықтай ашып көрсете білді. Командалардың әрбір өнер көрсетуінде, әрбір қолдауда алға ілгерілеуге деген ұмтылыс айқын байқалды.

Қызметкерлер өз әсерлерімен алаңның өзінде-ақ бөлісіп, шынайы әрі ерекше жылылық танытты. «Бүгін біз жай ғана жарысып жатқан жоқпыз – бір-бірімізді қолдап, өзімізді бір команда ретінде сезінудеміз», – деп бөлісті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО сорғы қондырғыларының машинисі Кәмиллә Әтеш, әріптестерінің өнерін тамашалай отырып.
Шынында да, бұл күннің басты көңіл күйі – өзара қолдау болды. Мұнда тек нәтиже ғана емес, иық тіресіп, бір-біріне сүйеніш болу сезімі маңызды – бұл күнделікті жұмыста да көмектесетін, ал бүгін спортта айқын көрініс тапқан қасиет.
Спартакиада бағдарламасы мазмұнды әрі алуан түрлі болды – ол ұлттық спорт түрлерінен: асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақтан бастап, шахмат, жүзу, футбол, волейбол және баскетбол сияқты классикалық спорт түрлеріне дейін қамтыды. Биыл бағдарламаға жаңа спорт түрі – дартс та енгізілді. Оған мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің де қатысуына мүмкіндік берілгені компанияның корпоративтік мәдениетінің ашықтығы мен инклюзивтілігін айқындай түседі.

Ерекше атмосфераны ұлттық спорт түрлері қалыптастырды – олар тамыр мен дәстүрді еске салғандай әсер қалдырды. Бір қатысушы атап өткендей: «Наурыз – жаңару мерекесі, ал Спартакиада болса – күш-қуаттың, көңіл күйдің және командалық рухтың жаңаруы». Осы сөздердің өзі сол күннің көңіл күйін дәл жеткізе білді.

АлЭС-тің Наурызнама күндеріндегі Спартакиадасы – бұл тек жарыс емес. Бұл – дәстүр мен заманауилық, кәсібилік пен адами жылылық, спорт пен мәдениет тоғысатын ерекше орта.

Алда – жаңа кезеңдер, жарқын жеңістер мен мықты эмоциялар күтіп тұр. Бірақ бүгін-ақ осы Спартакиаданың басты құндылығы – бірлесіп командалық қуатты туғызатын және жаңа жетістіктер көктемін сеніммен қарсы алатын адамдар екендігі көрініп тұр.