АлЭС объектілерінде 2025 жылы жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат
2-ЖЭО шатыры
Инвестициялық бюджетке сәйкес 2025 жылы 2-ЖЭО Бас корпус ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
2-ЖЭО-да техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты (Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №3-р шешімі) «АлЭС» АҚ – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Бас корпус ғимаратының шатырына күрделі жөндеу бойынша апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
«АзияСпецЭнергоМонтаж» ЖШС мердігер ұйымы күрделі жөндеу жұмыстарын 27.09.2024 ж. №1033160/2024/1 шартқа сәйкес «Bekem Project» ЖШС әзірлеген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асыруда.
Жоба шатырлардың едәуір тозуына байланысты жүзеге асырылып, нысандардың сенімділігі мен қауіпсіз пайдалануын арттыруға бағытталған. Жоба аясында шатыр жабындарын ауыстыру, конструкцияларды қалпына келтіру, гидро және жылу оқшаулау құрылысын жүргізу жұмыстары қарастырылған.
Дейін

Кейін



Күл үйіндісінің 7-кезегі
Инвестициялық бюджетке сәйкес 2-ЖЭО-да «Күл-қож қалдықтарды жоюдың аралас жүйесі (7-кезек)» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының кешенді іс-шаралары жүзеге асырылды. Күл-қож қалдықтарды жоюдың аралас жүйесі 2-ЖЭО-ның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұтынушыларды сенімді түрде жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында қажет.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 30.03.2023 ж. №778031/2023/1 шартқа сәйкес «KURE GRUP» ЖШС мердігер ұйымымен, «СЕМИПАЛАТИНСКГРАЖДАНПРОЕКТ» ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫ» өндірістік кооператив әзірлеген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылуда.
Технологиялық шешімдерге сәйкес күл-қож қалдықтарын өңдеу, тасымалдау және сақтау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау көзделген.
Жұмыстардың басталуы



Кейін
