АлЭС объектілерінде 2024 жылы жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат

АлЭС объектілерінде 2024 жылы жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат

БЖК

2024 жылы Инвестициялық бюджет шеңберінде Батыс жылу кешенінде (БЖК) эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (МAЖ) енгізу жобасы жүзеге асырылды.

БЖК көздерінде эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (МAЖ) енгізу Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 130-бабы 1-тармағының 5) тармақшасының талаптарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №208 «Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №356 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.

Осы мақсатты іске асыру үшін БЖК-ның 1, 2, 3-станцияларының түтін мұржаларында эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (МAЖ) енгізу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар 11.01.2023 ж. №785909/2023/1 шартқа сәйкес «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС мен «Infratech» ЖШС құрамындағы консорциуммен орындалып, «Ренессанс плюс» ЖШС әзірлеген жобалау- сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылды.

Ластайтын заттардың шығарындыларын бақылауға арналған газ талдау жабдықтарымен автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйелері (ШБААӨЖ) шығатын газ жолдарында орнатылды, сондай-ақ инженерлік қамтамасыз ету, желілер мен жүйелер жүзеге асырылды. МАЖ аясында орнатылған жабдықтар:

Дейін

Кейін

2-ЖЭО шатыры

Инвестициялық бюджетке сәйкес 2024 жылы 2-ЖЭО-ның Бас корпус ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

2-ЖЭО-да техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты (Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №3-р шешімі) «АлЭС» АҚ – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Бас корпус ғимаратының шатырына күрделі жөндеу бойынша апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

«АзияСпецЭнергоМонтаж» ЖШС мердігер ұйымы күрделі жөндеу жұмыстарын 27.09.2024 ж. №1033160/2024/1 шартқа сәйкес «Bekem Project» ЖШС әзірлеген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асыруда.

Жоба шатырлардың едәуір тозуына байланысты жүзеге асырылып, нысандардың сенімділігі мен қауіпсіз пайдалануын арттыруға бағытталған. Жоба аясында шатыр жабындарын ауыстыру, конструкцияларды қалпына келтіру, гидрожәне жылу оқшаулау құрылысын жүргізу жұмыстары қарастырылған.

Дейін

Кейін

3-ЖЭО Күл үйіндісінің 5-кезегі

Инвестициялық бюджет шеңберінде 2024 жылы 3-ЖЭО күл үйіндісін жаңғырту және кеңейту бойынша кешенді жұмыстар орындалды (5-кезек).

Тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ электр және жылу энергиясын үздіксіз өндіру арқылы тұтынушылардың сенімділігін арттыру мақсатында 3-ЖЭО аумағында «3-ЖЭО күл үйіндісін жаңғырту және кеңейту. 5-кезегі» объектісі бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Технологиялық шешімдерге сәйкес күл-қож қалдықтарын әзірлеу, тасымалдау және қоймалау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау көзделген.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 30.01.2024 ж. №934642/2024/1 шартқа сәйкес «Build Construction Group» ЖШС мердігер ұйымымен, Консорциум құрамына кіретін «BEKEM PROJEKT» ЖШС және «СтройКом-2001» ЖШС әзірлеген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылды.

Дейін

Жұмыс барысы

Кейін