АлЭС-ке 20 жыл – уақыт сынағынан өткен энергия
Биыл «АлЭС» АҚ құрылғанына 20 жыл толады. Осы жиырма жыл ішінде АлЭС миллиондаған адамды жарықпен және жылумен қамтамасыз етіп, Алматы қаласы мен Алматы облысының энергетикалық жүйесінің сенімді тірегіне айналды.
Әрбір өндірістік жетістіктің артында станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, тәулік бойы еңбек вахтасында жүрген адамдар – энергетиктер тұр. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы – компания жетістігінің негізі.
20 жыл – бұл даму, жаңғырту, жаңа технологиялар мен ауқымды жобалар жолы. Дегенмен, АлЭС-тің басты құндылығы – күн сайын өмірге қуат сыйлайтын қызметкерлері, ардагерлері мен жас мамандары болып қала береді.
Осы тарихтың бір бөлшегіне айналып, оның жаңа беттерін жазуды жалғастырып жатқан әрбір адамға алғыс айтамыз.



АлЭС-ке 20 жыл – әр үйге жарық пен жылу. Біз Сіздер үшін жұмыс істейміз!