АлЭС гранты: мамандыққа жасалған алғашқы қадам
Артқа
24.08.2026

АлЭС гранты: мамандыққа жасалған алғашқы қадам

«АлЭС» АҚ екінші жыл қатарынан жастарға білім гранттарын беру арқылы оларға жоғары білім алу үшін қосымша мүмкіндіктер беруде. Биыл конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 10 адам грант иегері атанды.

Конкурсқа 49 өтінім келіп түсіп, 40 үміткер алдын ала іріктеуден өтті. Комиссия ҰБТ нәтижелерін, академиялық үлгерімді, ынтаны, эссе немесе бейнеролик мазмұнын, сондай-ақ үміткерлердің әлеуметтік жағдайын ескерді. Қосымша қолдауды қажет ететін қатысушыларға ерекше назар аударылды.

– Қатысушылар арасында қабілетті, мақсатшыл жастар көп, әрқайсысының өз – Қатысушылар арасында қабілетті, мақсатшыл жастар көп, әрқайсысының өз жоспары мен арманы бар. Ең бастысы, олардың оқуына, дамуына және таңдаған мақсатына жетуіне мүмкіндік жасау. Біз білім беру гранттары арқылы дәл осындай қолдау көрсетуге тырысамыз, – деп атап өтті Адам ресурстарын басқару басқармасының басшысы Жанна Сапарғалиева.

Білім гранттарын иеленгендер:

Нұржан Айбар Жасұланұлы (Электроэнергетика);
Ахатұлы Алан (Электроэнергетика);
Нокин Асылжан Дарханұлы (Электроэнергетика);
Таукен Маржан Ерболқызы (Электроэнергетика);
Урпеков Бекболат Талгатович (Теплоэнергетика);
Құрманғали Нұрәлі Ренатұлы (Теплоэнергетика);
Елеусизов Арман Викторович (Электроэнергетика);
Дәулетбай Нұрали Нұрболұлы (Электроэнергетика);
Бейсенбай Бақберген Бекболатұлы (Электроэнергетика);
Құрманғазы Бағжан (Электроэнергетика).

Білім гранттары – «АлЭС» АҚ-ның жастарды қолдау бағыттарының бірі. Компания оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып, дуалды оқытуды дамытып, мектеп оқушылары мен студенттерді энергетика саласымен және болашақ мамандықтармен таныстырып келеді.

Байқау жеңімпаздары үшін жаңа кезең – таңдаған мамандығы бойынша білім алу басталады. Алда оларды жаңа білім, тәжірибе және алғашқы кәсіби қадамдар күтіп тұр. Жастарға ұсынылған мүмкіндікті сәтті пайдаланып, мақсаттарына сеніммен жетуіне тілектеспіз.