АлЭС: «Есірткіні тоқтату» дөңгелек үстелі
Артқа
21.02.2025

АлЭС: «Есірткіні тоқтату» дөңгелек үстелі

«Жарқын Болашақ» жастар ұйымы мен «АлЭС» АҚ басшылығы өндірістік қауіпсіздік және нашақорлықпен күрес шараларын талқылады

«АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» ЖҰ қатысуымен ұйымдастырылған «Есірткіні тоқтату» дөңгелек үстелі екі түйінді мәселе: жұмыскерлер арасындағы есірткі тұтынуды анықтау және теріс пиғылды контрагенттер тарапынан болатын тәуекелдерді азайту жөніндегі ашық диалог алаңына айналды. Қауіпсіздік басқармасының бастығы Рымғали Дөненбаев сөз сөйлеп, бұл бағыттағы жұмыстың жазалауға емес, адамдарды құтқару мен авариялардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

– Есірткінің әсерімен жұмыс істейтін жұмыскер өзіне ғана емес, бүкіл ұжым үшін де қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда адам технологиялық апатқа ұшыратуы; қала тұрғындарын, мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарды жылусыз және жарықсыз қалдыруы мүмкін. Біздің міндетіміз жазалау емес, көмек беру, – деп атап өтті Р.Доненбаев.

Қауіпсіздік басқармасының бас маманы Абзал Толтаев алаңдатарлық мәліметтерді келтірді:

– Қазақстанда есірткіге тәуелді 200 мың адам бар, бұл ретте ресми есепте түрғаны – 18 мың адам ғана;
– 2024 жылы героин, марихуана және синтетикалық заттарды қоса алғанда, 1 тонна есірткі тәркіленді.
– Алматыда жастардың 19%-ы қауіп-қатер аймағында, ал 2025 жылдың қаңтар айында 1257 есірткі сайты мен әлеуметтік желілердегі 76 арнаға тыйым салынған.

Есірткі өндіріске қалай енеді? Қауіпсіздік басқармасының бас маманы Тимур Оспанов: тұтыну жағдайлары тіркеледі, бірақ компания жұмыстан босатуға емес, оңалтуға сүйенеді.

– Біз сіздерден жүрген жерлеріңізде осы мәселеге қатысты өздеріңіз көрген және естіген жайттар жөнінде хабар берулеріңізді өтінеміз. Аты-жөндеріңіздің жарияланбайтындығына кепілдік береміз, – деді ол «Жарқын Болашақ» ұйымының өкілдеріне.

Дөңгелек үстел қатысушылары тарапынан:

– БӨП-те есірткінің зияны туралы деректері бар ақпараттық экрандар орналастыру;
– жыл сайынғы медициналық қарап-тексерулерге есірткі тұтынуға қатысты талдамаларды енгізу;
– үгіт роликтерін жасап, флешмобтар өткізу;
– күдікті мінез-құлықты анықтау үшін ОБП бейнебақылау жүйесін пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Кадрлар бөлімінің бастығы Руслан Шойбек әріптестерін қырағылыққа шақырды: «Біз – компанияның болашағымыз. Есірткінің өміріміз бен мансабымызға қол сұғуына жол бермейік».

Рымғали Дөненбаев екінші бір маңызды тақырыпты – мердігерлердің жұмыстарға қатысты бұрмалауларға жол беріп, оның авариялар мен қаржылық шығындар әкелетіні жөніндегі мәселені тілге тиек етті.

– Біз еңбек жағдайын жақсартуға миллиардтаған қаржы салып жатырмыз. Контрагенттердің бұл күш-жігерімізді жоққа шығаруына жол беруге болмайды», – деп атап өтті ол.

Дөңгелек үстел шешімі бойынша: есірткі тұтыну туралы ақпараттандыру алгоритмі әзірленеді, контрагенттерді тексеру енгізіледі, медициналық қарап-тексерулерге есірткі тұтынуға қатысты талдамалар және т.б. қосылатын болады.

Дөңгелек үстел нашақорлықпен және теріс пиғылды контрагенттермен күрестің ортақ күш-жігертанытуды қажет ететінін көрсетті. «АлЭС» АҚ профилактикаға, технологияға және жастарға деген сенімге сүйенеді.

P.S. Жұмыскерлер үшін: егер Сіз есірткіге тәуелділік мәселесіне немесе контрагенттер тарапынан жіберілген бұзушылықтарға кезігіп жатсаңыз, сіздің дауысыңыздың өмірлерді сақтап қалуы мүмкін екендігі есіңізде болсын. Қауіпсіздік басқармасына анонимді түрде хабарласыңыз.