АлЭС: батарейкаға сыйланған екінші өмір
Артқа
20.02.2025

АлЭС: батарейкаға сыйланған екінші өмір

Экологиялық проблемалар шиеленісіп бара жатқан әлемде тіпті кішігірім қадамдардың өзінің маңызы зор. Лақтырып тастаған бір батарейканың 20 шаршы метр топырақты немесе 400 литр суды улайтынын елестетудің қиын екендігімен келісіңізші. Енді оны мыңдарға көбейтіңіз… Сондықтан да «АлЭС» АҚ бірнеше жылдардан бері экологиялық акцияларды табиғатты сақтауға қосұан нақты үлеске айналдыру арқылы қауіпті қалдықтар мен макулатураға «екінші өмір» сыйлап келеді.

Назар аударуға тұрарлық сандар. 2024 жылдың соңында «АлЭС» АҚ жыл сайынғы «Батарейкаға екінші өмір сыйла» акциясының қорытындысын шығарды. Нәтижесі таң қалдырарлық: – қолданыста болған 94,1 кг батарейка; – бұл қоқыс тастайтын жерлердің орнына қауіпсіз кәдеге жаратуға жіберілген 100 кг қауіпті қалдық. Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жұмысшылары 3,1 кг батарейка жинаса, 3-ЖЭО – 5 кг, Каскад ГЭС-і – 14 кг, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-і – 16 кг, «Энергожөндеу» ӨЖК – 2 кг және бас кеңсе – 20 кг жинады. А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ның 34 кг батарея жинаған жұмыскерлері жинау бойынша көшбасшы атанды.

Бұл сандар жай статистика ғана емес. Бұл жүйелік тәсіл мен оған әр жұмыскердің қатысуының әлемді жақсы жаққа өзгерте алатынының дәлелі болып табылады.

«АлЭС» АҚ акциялары – бір реттік іс-шара емес, корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі. Компания жұмыскерлері бірнеше жылдан бері қалдықтарды саналы түрде сұрыптап келеді, жиындарға қатысады және бұл іске әріптестерін де тартуда. «Бұл біз үшін жай ғана экологиялық бастама емес – бұл жаңаша ойлауды қалыптастыруға жасалған қадам, – деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Зоя Арзюкова. – Біз «қоқыстан» құнды шикізатты, ал өз әрекеттерімізден болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті көруге үйренудеміз».

«АлЭС» АҚ жұмыскерлері акцияларды құлшыныспен қолдау үстінде: батарейкаларды үйлерінен алып келіп, оларды жеке-жеке контейнерлерге жинайды, ал кейбіреулері тіпті отбасылық «эко-жарыстар» да өткізеді. «Бастапқыда менің үлесім теңізге түскен тамшы ғана сияқты болып көрінетін, – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Елена Давыдова. – Бірақ, ортақ нәтижелерді көрген кезде: «біріккен кезде біздің шынымен де көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызды» түсінесің.

Бұл неліктен маңызды нәрсе болып табылады? Батарейкалардың құрамында ауыр металдар (қорғасын, сынап, кадмий) болғандықтан олар қоқыс тастайтын жерлерге түсіп, топырақ пен жерасты суларын улайды. Қайта өңдеу олардан жаңа бұйымдар үшін пайдалы компоненттер алуға мүмкіндік береді.

«АлЭС» АҚ осы қол жеткізген істерімен тоқтап қалмақшы емес. Жоспарда акцияны кеңейту: қосымша контейнерлер орнату, жұмыскерлерге арналған білім беру іс-шараларын іске асыру тұр. «Біздің мақсатымыз – бөлек жинаудың таңертеңгі кофе сияқты әдетке айналуы, – дейді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Елена Сильвестрова. – Және де біздің үлгіміздің басқа ұйымдарға шабыт беретініне сенімдіміз».

 

94,1 кг батарейка бұл жай сан ғана емес. Бұл мыңдаған құтқарылған жануар, ондаған таза өзен. «АлЭС» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің абстрактілі ұғым емес, күнделікті жұмыс екенін дәлелдеп отыр. Егер әр компания, әр адам осындай қадам жасайтын болса, ғаламшарымызда екінші емес, шексіз өмір пайда болар еді.

Қосылыңыздар! Қайта өңдеу үшін өткізілген бір батарейканың өзі бүгінгі күннің өзінде біздің болашақ үшін қосып жатқан үлесіміз болып табылады.