«АлЭС» АҚ Жаңа жыл … мерзімінен бұрын!
Алматы кешенінің энергетиктеріне жаңа жылдық шыршаны ерте, жарты ай бұрын безендіретін уақыт келді – «АлЭС» АҚ электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын орындады.
4,81млрд. кВт*сағ көлеміндегі жылдық жоспардың орындалуы 2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 14:00-де тіркелді. Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-і тұтас энергетикалық кешеннің жетістігіне зор үлесін қосты. Ол 1,23 млрд. кВт*сағат электр энергиясын өндірді. Бұл белгіленген жоспардан 59%-ға жоғары. Осы орайда «жасыл» энергия өндіретін Қапшағай ГЭС-інің үлесі жалпы жоспардың 25% – ынқұрады.
Өндірілген электр энергиясының жалпы теңгеріміне ең көп жарна қосқан А.Жақұтов атындағы Алматы 2-ЖЭО болды. Ол 11 желтоқсанға дейін 2, 31 млрд. кВт*сағ электр энергиясын өндірді. Компанияның жалпы жылдық көрсеткішінде 2-ЖЭО-ның қосқан үлесі 48%-ды құрады!
Бүгінде барлық Алматы станциялары штаттық режимде қала мен аймақты электр энергиясымен қамтамасыз етуде. Мереке қарсаңында дәстүрлі түрде сұраныс артатын электр энергиясын жоспардан тыс өндіруді жалғастыруда.
Алматы энергетиктерінің осындай нәтижеге 16 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қол жеткізгені айрықша оқиға. Энергетиктер алматылықтарды Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен осылайша құттықтады.