«АлЭС» АҚ қызметкерлері – өндірістік қауіпсіздік бойынша саладағы үздіктер қатарында
«Самұрық-Энерго» АҚалаңында өткен «Қауіпсіз жол – қауіпсіздікке бастар жол» атты өндірістік қауіпсіздік форумы энергетика саласы үшін маңызды оқиға болды. «АлЭС» АҚ үшін бұл шараның мәні ерекше болды – компанияның бірден екі қызметкері жоғары деңгейде марапатталды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы жоғары нәтижелері үшін берілетін номинациясында 2-орынды Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр цехының БӨАжА инженері Ерғанат Ұзақов және А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО турбиналық цехының 6-разрядты бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі Әсет Әбдікәрімов иеленді.
Екі маман да салалық номинацияда 2-орынға ие болып, өндірістік қауіпсіздік саласындағы жоғары нәтижелері үшін марапатталды.
Ерғанат Ұзақовты марапаттау – кәсіби дәлдіктің, ұқыптылықтың және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне деген қағидатты көзқарастың мойындалуы. Бұл қасиеттерсіз станцияның тұрақты жұмысы мүмкін емес.
– Форумға қатысу көптеген пайдалы тәжірибелік ойлар мен жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Ерғанат Ұзақұлы. – Әсіресе, жарақаттануды нөлдік деңгейге жеткізуге арналған практикалық құралдарды, тәуекелдерді басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылау өте құнды болды. Мұндай кездесулер кәсіби ойөрісті кеңейтіп, саланың даму бағытын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Әсет Әбдікәрімовтің жұмысы станцияның негізгі жабдықтарын басқарумен байланысты, мұнда жауапкершілік пен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бірінші орынға қойылады.
– Форум маған өндірістік қауіпсіздік саласындағы білімімді тереңдетуге мүмкіндік берді, – деді Әсет Қабылұлы. – 2026 жылға арналған нақты іс-шаралар жарияланды, тәуекелдерді азайту және қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша міндеттер белгіленді. Ең бастысы, салалық жетекшілік деңгейінде қауіпсіздік стратегиялық басымдық ретінде қарастырылып отыр.

Форум аясында 2025 жылғы жұмыс қорытындылары қорытындыланып, 2026 жылға арналған негізгі іс-шаралар анықталды, жарақаттануды нөлдік деңгейге дейін азайту тәсілдері мен тәуекелдерді басқару процестерін цифрландыру шешімдері ұсынылды.
Шараға Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер Бауыржан Қалиев және Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Сәкен Қожабеков қатысты. Бұл «АлЭС» компаниясының қауіпсіздік мәдениетін барлық деңгейде – стратегиялық шешімдерден өндірістік учаскелерге дейін жүйелі түрде нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.
Бүгінде «АлЭС» АҚ үшін қауіпсіздік – декларация емес, күнделікті тәжірибе. Станция қызметкерлерінің марапаттары тәуекелдерге нөлдік төзімділік мәдениетінің нақты кәсіпқойлар күшімен қалыптасатындығының айқын дәлелі.
Мұндай нәтижелер компанияның саладағы беделін нығайтып, жауапкершілік, тәртіп және командалық жұмыстың жарақатсыздыққа жету жолындағы нақты қадамдар екенін көрсетеді.