«АлЭС» АҚ қызметкерлері арасында бильярд бойынша турнир: мықты ойыншылар анықталды
2024 жылдың 29 қарашасында «Мәскеу» клубында «АлЭС» АҚ қызметкерлері арасында бильярд спортынан іріктеу турнирі өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Энергетика күніне арналған Алматы энергокешенінің бильярдынан VIII чемпионат аясында ұйымдастырылды.
Турнирге Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Каскад ГЭС, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, БЖК және Бас кеңсенің 29 үздік бильярдшылары қатысты. Ойын форматы «Мәскеу пирамидасы» ережелеріне сәйкес анықталды, іріктеу матчтары 1/4 финалынан басталды.
Ауыр жартылай финалдық матчтарда «Энергожөндеу» ӨЖК өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі аға инспекторы Рахымбаев Алем «Энергожөндеу» ӨЖК Энергожабдықтарды жөндеу цехының бастығы Рахымбаев Рахатты 2:1 есебімен жеңді. Ал, БЖК Электр техникалық цехының бастығы Карамолдаев Даулет Бас кеңсенің жүргізушісі Борантаев Диасты 2:1 есебімен жеңді. Финалда Карамолдаев Даулет Рахымбаев Алемді 3:1 есебімен жеңіп, өзінің жоғары дәрежесін растады.
– Әр матчта бәсекелестік рухы сезілді. Жылдан жылға қатысушылардың әрқайсысы өзінің ойындық формасын жақсартуда. Аталмыш турнирдің құндылығы – Чемпионаттың жеңімпазы мен жүлдегерлері бильярд бойынша Алматы қаласының энергетиктері арасындағы ең басты турнирі «Алматы Энергокешенінің бильярдынан VIII Чемпионатына» қатысады», – деді Карамолдаев Даулет.
Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Электр машиналық цехының бас маман-технологы Бейсенов Айдар: «Мен жүлделі орынға ие бола алмадым, бірақ ойыннан үлкен рахат алдым. Қатысушылардың деңгейі өте жоғарыда болды, мен өзін ең жақсы жағынан көрсеткендердің кәсібилігі мен дәлдігіне шын жүректен таңданамын. Барлық ұйымдастырушыларға тамаша өткізілген іс-шара үшін, ал қатысушыларға адал ойын мен достық атмосферасы үшін үлкен рахмет!»
Турнир қатысушылар арасында жарқын әсер қалдырды және шеберлік пен спорттық бірліктің нағыз мерекесіне айналды. Бұл жарқын эмоциялар ғана емес, сонымен қатар әріптестермен жақынырақ танысу, бірігу және оң энергиямен қуатталу мүмкіндігі.