«АлЭС» АҚ-мен бірге «Жер сағаты – 2026» акциясына қосылыңыз
Артқа
26.03.2026

«АлЭС» АҚ-мен бірге «Жер сағаты – 2026» акциясына қосылыңыз

Кейбір кезде үлкен өзгерістер қарапайым қадамдардан басталады. Бір жарықты сөндіру – тек әрекет қана емес, бұл табиғатқа деген құрмет пен болашаққа деген қамқорлықтың белгісі.

«АлЭС» АҚ барлық жұмыскерлерді, серіктестерді және қала тұрғындарын 28 наурызда сағ. 20:30-дан сағ. 21:30-ға дейін халықаралық экологиялық «Жер сағаты – 2026» акциясына қосылуға шақырады. Бұл бастаманы қарапайым, бірақ символикалық маңызды әрекет арқылы – жарықты бір сағатқа өшіру арқылы қолдауға болады. «АлЭС» АҚ дәстүрлі түрде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған бастамаларды қолдайды.

– Біздің әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз. Тіпті жарықсыз өткізілген бір сағаттың өзі – біз күнделікті пайдаланатын ресурстарға ұқыпты қараудың қаншалықты маңызды екенін еске салатын сәт, – деп атап өтеді Қоғамда.

Жарықты сөндіріп, күнделікті істеріңізді кейінге қалдырыңыз; осы сағатты жақындарыңызбен бірге тыныштықта немесе әңгіме барысында өткізіңіз – және де қарапайым әрекеттің бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды біріктіретінін сезініңіз.

– Бұл біздің тоқтап, артқа көз тастауымызға және ертеңгіні сақтау үшін бүгін не істей аламыз деп ойлануымызға мүмкіндік беретін уақыт, – деген ойымен бөлісті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Зоя Арзюкова.

«АлЭС» АҚ экологиялық мәдениет әркімнің жеке таңдауы арқылы қалыптасатынына сенімді. Дәл осындай бастамалар бұл таңдауды саналы етуге көмектеседі.

Бір сағат. Бір қадам. Ортақ болашақ. Қосылыңыз.

Анықтама ретінде: «Жер сағаты» – жыл сайын наурыздың соңғы сенбісінде өткізілетін халықаралық экологиялық акция. Бұл бастама 2007 жылы Австралияда қоғамның назарын климаттың өзгеруі мәселесіне аудару және ғаламшарымызды сақтап қалу үшін әрекет жасауға итермелеу әрекеті ретінде пайда болды. Оның мақсаты климаттың өзгеруі, энергия үнемдеу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәселелеріне назар аудару болып табылады.