«АлЭС» АҚ : кайдзен-жақсартулар
Бір жылдан бері – 2024 жылдың ақпанынан бастап – алматылық энергетиктер өндірістік қызметте жапондық Кайдзен үнемді технологиялар жүйесінің жолын игеруде. Шығыны аз және біртіндеп жасалған қадамдар стратегиясы осы уақыт ішінде жұмыс орнын ұйымдастыру мәдениетін едәуір жақсартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар тиімділіктің елеулі әлеуетін ашты. Осы жолға түскен энергетиктер қазақстандық шындықта жапондық идеяның қалай өсіп, бейімделетінін бағалай отырып, анағұрлым озық әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылықпен қарайды.
Сондықтан АлЭС өндірістік департаменттерінің бас инженерлері мен өндірістік-техникалық бөлімдер бастықтарының Алматы облысының Қоянкұс ауылындағы Алматы желдеткіш зауытына сапары Кайдзеннің нақты сектордағы жетістіктерінің жарқын мысалы болды. Энергетиктер үшін бұл АЖЗ-ға үшінші экскурсия болды.

«Зауыт Кайдзен бағдарламасын енгізе отырып, айтарлықтай қадам жасады, бұл өндірістік процестерде айтарлықтай жақсаруға алып келді, – деп «Энергожөндеу» ӨЖК бас инженері Қонысбаев Берік бірден атап өтті. – Үнемі жетілдірудің және шығындарды азайтуға ұмтылудың арқасында зауыт өнімділіктің айтарлықтай артуына қол жеткізді. Қайдзен бағдарламасы өнім сапасының жақсаруына септігін тигізді, бұл клиенттердің қанағаттануына оң әсер етті.
Маған әсіресе олардың онлайн-қоймасы ұнады, онда бухгалтерлік операциялардың аздығы арқасында материалдарды алу және есептен шығару процесі әлдеқайда жеңілдетілген. Бұл бағдарлама жақын арада біздің АлЭС-те де іске қосылады деп үміттенемін».

Алған әсерімен бөлісе отырып, Қонысбаев Берік Кайдзеннің үнемі жақсартылып отыратын жапондық философиясы өндірістен бастап қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға дейінгі барлық деңгейлерде табысты жұмыс істейтіндігін сенімді түрде қорытындылады. Ал зауыттың өзі өндірістің әрбір кезеңін тиімді бақылауға, сондай-ақ кез келген өзгерістер мен үдерістердің жақсаруына жылдам жауап беруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

АлЭҚ қызметкерлерінің көргендері, яғни ұсақ-түйектен бастап, егжей-тегжейінің барлығы – олар үшін өте маңызды, себебі энергетикалық компания Кайдзенді «кішкентай қадамдармен» енгізіп келеді. Әдеттегідей, тіпті ең айқын стратегияда да нақты егжей-тегжейлі түсіну және тереңдету өте маңызды.
«Зауытты аралау бізге көптеген пайдалы ақпарат берді. Біз Кайдзен-технологиялардың жұмыс үдерістерін оңтайландыруға, шығындарды азайтуға, жұмысты ең аз жүктемемен, бірақ сапалы және барынша тиімді ұйымдастыруға қалай мүмкіндік беретінін көрдік, – деп «Энергожөндеу» ӨЖК ЖКЖЖЦ-ның бастығы Батыров Данияр өз бақылауларымен бөлісті. – Жақын арада ЖКЖЖЦ күшімен электр қозғалтқыштарын қайта орау жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ, өз бөлімшемізді технологиялық процестерді ұйымдастырудың осындай форматына келтіргіміз келеді, онда учаскенің әрбір аумағы, әрбір қадамы және әрбір іс-қимылы Кайдзен бойынша ұйымдастырылады. Егер осыған дұрыс көзқараспен қарайтын болсақ, Кайдзен – бұл жеке және корпоративтік тиімділікті айтарлықтай арттыра алатын үдерістерді жақсартудың қуатты құралы».

Кайдзен жүйесін енгізу үдерісі өндірісті икемді және жылдам етті, ал өнімділік айтарлықтай өсті. Бұған 2-ЖЭО бас инженері Әсемқұлов Досжан да назар аударып, АЖЗ жұмыс тәжірибесін «шабыттандырғыш» деп атады.
«Басты назар жұмысты оңтайландыруға, операцияларды орындау уақытын қысқартуға және шығындарды барынша азайтуға бағытталған, – деп атап өтті ол. – Үздіксіз жетілдіру процесі ауада да сезіліп тұр, яғни әр қызметкер үнемі өз міндеттерін орындаудың жаңа, анағұрлым тиімді тәсілдерін іздеп тұрады. Қарым-қатынас мәдениеті мен командалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Барлық қызметкерлер, өздерінің лауазымына қарамастан, процестерді жақсарту бойынша идеяларды ұсыну мүмкіндігіне ие. Кайдзен – бұл жай жұмыс әдісі емес, компанияға да, оның қызметкерлеріне де шынайы пайда әкелетін тұтас философия».
Қызметкерлердің бақылаулары мен олардың қорытындыларына қайдзен-маман Занигинов Мәди де риза. Ол қазір «АлЭС» АҚ-ға осы жүйені енгізумен айналысып жатыр. Оған оның әріптестері АЖЗ мысалында жүйенің екі тәсілінің айырмашылығын көргені маңызды: «Озық жетілдіру» және «Реактивті кайдзен». Егер біріншісі – бұл өзгерістер туындаған қиындықтарға жауап ретінде емес, мәселелер пайда болғанға дейін алдын ала енгізілетін тәсіл болса, ал екіншісі – анықталған мәселелерді жоюға бағытталған.
Озық жетілдіру шығындардың, ақаулардың және тиімсіздіктің алдын алуына бағытталған. Ол болжауға, тәуекелдерді талдауға және жаңылулар болмай тұрып жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға негізделген. Бұл әдіс өндірісте, логистикада, сервистік үдерістерде және сапаны басқаруда аса өзекті, онда шығындарды азайту және жаңылуларды болдырмау өте маңызды, – деп түсіндірді маман.
«АлЭС» АҚ-да біз қазір екі жобаны іске асырудамыз, – дейді Занигинов Мәди . – «Энергожөндеу» ӨЖК-да электр қозғалтқыштарын қайта орау цехын құру кезінде біз озыңқы жетілдіру тұжырымдамасын сынақтан өткіздік. Бұл дегеніміз цехты құрал-жабдықтармен және қызметкерлермен толтырмас бұрын, біз барлық ықтимал шығындарды ескеріп, Кайдзен тұрғысынан жұмыс үдерістерін оңтайлы ұйымдастыруды әзірледік дегенді білдіреді. Мұның тәсілі: ең алдымен ағын, содан кейін жабдық. Әдетте алдымен цех іске қосылады, содан кейін оңтайландырылады. Біз жобалау кезеңінде шығынға әсер ететін барлық ерекшіліктерді ескеріп, бастапқыда өнім мен жартылай дайын өнімдер қозғалысының тиімді ағынын құрдық».

Осы шешімнің арқасында бірнеше негізгі артықшылықтарға қол жеткізілді. Мади Занигинов оларды атап өтті. Бұл: өндірістік циклді қысқарту – енді қозғалтқыштар жылдам өңделеді; ақауларды азайту – ағынды басқарудың жақсаруы ақау болу ықтималдығын төмендетеді; қызметтер сапасының өсуі – шығындар мен ақаулардың азаюы электр станциясының тұрақты жұмысына әсер етеді, өйткені қозғалтқыштар уақтылы жеткізіледі.
«Жаңа тәсілдің тиімділігін тексеру үшін біз өнім мен жартылай дайын өнімнің қозғалыс сызбасын әзірледік. Содан кейін цехтың эргономикасы мен ағын логикасын ескере отырып, AutoCAD-қа көрнекілендірдік, – дейді маман. – Келесі кезеңде өндірістің барлық учаскелері арқылы қозғалтқыштың өтуіне ұқсастыру жүргіздік. Мәреге жеткенде – моделдің жұмыс қабілеттілігін растап, № 1 мақсатты жағдайға қол жеткіздік».
Кайдзеннің келесі қадамы – үнемі жетілдіру, өйткені жүйе үздіксіз үдерісті көздейді. «Қол жеткізілген мақсатты жағдай – тек бірінші кезең. Алда тиімділік пен сапаны арттыру үшін цехты одан әрі ретке келтіру және жетілдіру тұр», – деп атап өтті Мәди Занигинов. Кейіннен бұл тәсіл жаңа жұмыс аймақтары мен үдерістерін құру кезінде стандартқа айналады.
«АлЭС-2-ЖЭО» АҚ-дағы 5S екінші пилоттық учаскесі, жоба – тәртіп орнату және тиімділікті арттыруға арналған. Ол электр шеберханасында іске қосылған. Естеріңізге сала кетейік, Кайдзен тұжырымдамасының (5S) бес негізгі қағидаты ерекшеленеді. Бұл: 1. Seiri – сұрыптау; 2. Seiton – жүйелеу; 3. Seiso – тазалықта ұстау; 4. Seiketsu – стандарттау; 5. Shitsuke – жетілдіру.
А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Электр цехының бастығы Павлов Владимир алдымен қызметкерлердің кайдзен қағидаларымен танысқан оқыту іс-шаралары өткізілгенін атап өтті. Бұл әр қызметкердің жұмыс үдерістерінің жақсаруына өз жауапкершілігін сезінетін тұрақты жақсару мәдениетін құруға көмектесті.
«Бірінші кезеңде біз бұл құралды қолданудың зор әлеуетін көріп отырмыз, өйткені цехтың басты мәселелерінің бірі – кеңістікті ластап, жұмысқа кедергі келтіретін қажетсіз бөлшектер, қосалқы бөлшектер мен жай ғана қоқыс болды, – дейді Мәди Занигинов. – Бірінші кезең аясында біз шеберханадағы барлық заттарды терең сұрыптадық: тек орын алған қажетсіз заттарды алып тастадық; тек қажетті құралдар мен материалдарды қалдырдық; ыңғайлылық пен қауіпсіздікті арттыра отырып, жұмыс аймақтарын босаттық. Жоба барысында жасалынған түсірілгенге «дейін» және түсірілгеннен «кейін» фотосуреттерінде жұмыс істеген жылдары қанша артық керек емес заттар жинақталғаны анық көрінді. Тазалау және сұрыптау одан әрі жақсартудың негізгі қадамы болды».
«Алғашқы апталарда жұмыс уақытын жоспарлауда және қажетсіз үзілістерді жоюда жақсартулар байқалды. Қызметкерлер өздерінің жұмыс үдерістеріне көбірек көңіл бөліп, тоқтап тұруға кететін уақытты барынша азайта бастады, – деп жалғастырады Павлов Владимир. – Бастапқыда кейбір қайталанатын ақаулар табылып, жойылды. Кайдзен ынтымақтастықты ынталандыратындықтан, қызметкерлер үдерістерді жақсарту және бір-біріне өзара көмек көрсету жөніндегі идеялармен белсенді алмаса бастады, ал бұл ұжымда барынша үйлесімді ахуал тудырды».
5S сатылары бойынша біртіндеп жүре отырып, артықшылықтардың тұтас кешенін жасауға мүмкіндік туды. Мәди оларды келесідей атап шықты. Олар таң қаларлықтай қарапайым: құралдарды жылдам іздеу – енді қажетті бөлшектерді іздеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ; қауіпсіздікті арттыру – ЖҚҚ, құрал-саймандар мен жабдықтарды сақтауға арналған тиісті орындар жарақат алу қаупін төмендетеді; кеңістікті ұйымдастыру – таңбалау, жұмыс аймақтарын ыңғайлы орналастыру және көзбен шолып басқару жұмысты жылдам және ыңғайлы етеді.
«5S-ті енгізу – бұл бір реттік науқан емес, жүйелі үдеріс. Біз электр шеберханасы – тәртіп, тиімділік және қауіпсіздік эталонына айналуы үшін қалған қадамдарды барынша жалғастырамыз, – деп түйіндейді Мәди Занигинов. – Бұл пилоттық жоба үнемді технология, тіпті шағын аудандарда да жұмысты ұйымдастыруды айтарлықтай жақсарта алатынын көрсетті. Демек, алда – жаңа жақсартулар мен 5S тәжірибесін өндірістің басқа аймақтарына кеңейту керек!»