«АлЭС» АҚ-дағы Наурыз: ең қымбатты адамдар үшін көктемгі жылу
Артқа
14.04.2025

«АлЭС» АҚ-дағы Наурыз: ең қымбатты адамдар үшін көктемгі жылу

АлЭС-те нағыз мереке – ол тек ересектердің ғана емес, сонымен қатар ең жас жүректердің де бақытты болуы деп санайды. Наурыз қарсаңында компания өз қызметкерлерінің 44 ерекше балаларына, яғни ата-аналарын күнделікті еңбекке шабыттандырып, мейірімділік пен шынайылық әлемді жарқын ете түсетінін еске салушыларына тосын сый дайындады. Әр балаға шырынды жемістермен, тәттілермен толтырылған үлкен себетпен қоса, MARWIN дүкенінің арнайы сертификаттары берілді. Бірақ, ең басты сыйлық – ол сыйға тартылған заттар емес, ол отбасыларды жылыту үшін жасалған – назар мен махаббат болды.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерік Машировтың құттықтау хаты әр отбасына арналған жеке жолдауы болды:

«Құрметті ата-аналар!
Құрметті біздің ерекше, керемет балаларымыз!
Сіздерді Наурыз – көктем, жаңару және үміт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы жарқын күн – жүректеріңізді жылумен, ал үйлеріңізді қуанышты күлкімен, өзара қолдаумен және ғажайыптарға деген сеніммен толтырсын…
Біздің жас батырларымыз! Сіздердің әрқайсыларыңыз бірегейсіздер, сіздердің шынайылықтарыңыз, табандылықтарыңыз, мейірімділігіңіз бен кішкентай нәрселерде сұлулықты көре білулеріңіз бізді одан да жақсы болуға үйретеді…
Құрметті ата-аналар! Сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз, даналықтарыңыз бен шексіз шыдамдылықтарыңыз – бұл нағыз күштің үлгісі…»

Шын жүректен жазылған бұл жолдар ата-аналардың көңілінен шықты.

«Энергожөндеу» ӨЖК 3-ҚЖЖУ жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарі Жұлдыз Бекешева өз жан толғанысын жасырмады:

«Осындай тамаша сыйлық жасағандарыңыз үшін рақмет! Менің баламның талғамын тапқандарыңызға сенбей отырмын… Бұл біз үшін өте керемет! Тек сіздер ғана осы дүниедегі ең жақсы қалдырып, өмірді жарқын ете аласыздар!»

БЖК қазандар машинисі Нұрлан Иманәлиевтің ұлы – 6 жасар Аманкелді Әділет те сыйлық алып, үйде нағыз мереке ұйымдастырды. «Ұлым тәттілерді ағасымен бөлісті, ал сертификатқа біз кітаптар мен ойыншықтарды аламыз», – деді Нұрлан. – Мұндай назар біздің балаларымыз үшін өте маңызды, себебі осындай назардың өзі оларға ғажайыпқа деген сенімін арттырады!».

3-ЖЭО автогидрокөтергіш машинисі Александр Боровскийдің қызы – Аня Ерік Машировқа: «Сіздің назарыңыз, қамқорлығыңыз бен жан жылуыңыз менің жүрегімді қуанышпен және ризашылықпен толтырды…» – деп көңіл жібітетін хатын жазды. Бұл балалардың шынайы және қарапайым жолдары «АлЭС» АҚ командасы үшін ең үлкен алғыс болды.

Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Электр машина цехының электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі Құралай Мысаева компанияның осылай қолдау көрсеткені үшін өз алғысын білдірді. Оның ұлы Қайрат, әсіресе қазақ шығармаларын оқығанды жақсы көреді екен, сондықтан ол оған оның сұраған кітаптарын алып береді.

Ал, Б.Оразбаев атындағы 1 -ЖЭО ӨҚжЕҚ жөніндегі аға инспекторы Сәкен Аусафин мұндай тамаша сыйлықтарды алу тек жағымды ғана емес, сонымен қатар өте әсерлі деп есептейді: «Әрбір қызметкердің отбасылық жағдайы ескерілетіні ерекше құнды. Бұл шынымен де шабыттандырып, күш-қуат береді екен».

«Энергожөндеу» ӨЖК АМЦ жөндеуші-слесарі Игнат Лукьяновтың баласына сыйлаған сыйлықтар ұзақ уақыт бойы есте қалатын үлкен «сиқырға» айналды.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Қазандық цехының электр станциясы цехының ауысым бастығы Ермек Қайырханов ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға осындай қамқорлық көрсетілетінін ерекше атап өтті: «Көрсетілген назар қызметкерлер үшін өте қымбат. Компанияның түсіністігіне, осындай шараға қатысқандығы мен адамгершілігі үшін үлкен рақмет!»

3-ЖЭО қазандықтарының машинисі Ұлан Қыдырбаев бірден қызы – Айханымды ойын орталығына апарып, сертификатты бірден пайдаланды. «Оның ойнап жүріп жұқпалы күлгендігі соншалықты, мен әлемдегі барлық нәрсені ұмытып кеттім», – деп бөлісті ол.

«АлЭС» АҚ-дағы Наурыз – бұл жай ғана дәстүр емес. Бұл компанияның күші – ол өзінің адамдарында екеніндігін дәлелдейтін сәт. Балалар үшін күнделікті ерлік жасайтын – ата-аналарда. Күлкілері шабыттандыратын – балаларда. Отбасы болуды білетін – ұжымда.

«Сіз тек сыйлықтарды ғана емес, сонымен қатар жан дүниеңіздің бір бөлігін де бересіз», – деді аналардың бірі. Бұл, бәлкім, басты қорытынды шығар. Себебі көктем жүрекке келген сәтте, тіпті ең қарапайым күндер де Наурыздың нұрына толады.

Бейнежазбаны қараңыз
https://www.youtube.com/shorts/MWy9eoDXnIc