«АлЭС» АҚ-да «Қадам энергиясы» челленджі басталды!
Артқа
07.10.2025

«АлЭС» АҚ-да «Қадам энергиясы» челленджі басталды!

Денсаулыққа, сергектікке және бірлікке қарай қадам жасайық!

Компанияның челленджге қатысуға ниетті жұмыскерлері 8 қазаннан бастап 7 қарашаны қоса алған кезеңде күніне 10 000 қадам жүріп өтеді.⠀

Қатысу шарттары:

– 8 қазаннан бастап 7 қарашаны қоса алған уақытта күніне кемінде 10 000 қадам жаса;
– нәтижені қадам өлшегіштің немесе қолданбаның скриншотымен тіркеп отыр;
– @ao_ales.kz белгісі және #10000қадам_ales.kz хештегі бар сторис немесе пост жарияла;
– тексеру және қорытынды жасау үшін стористі «Өзекті» бөлімінде сақта.

Сыйлықтар:

Xiaomi Smart Band 10 10 фитнес – білезігі және АлЭС брендтік сыйлықтары – қашықтықты соңына дейін жүріп өткендер арасында!

Қорытындысын 10 қарашадан кейін компанияның парақшасындағы тікелей эфирде жариялайтын боламыз.

Күш-қуат – қозғалыста! Челленджге қосыл да, қадамыңның қуатымен бүкіл «АлЭС»-ке серпін бер!