«АлЭС» АҚ 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық паспорттарын алды
«Алматы электр станциялары» АҚ станциялары жылыту маусымына дайын. 8 октября компания 2026-2027 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде жұмыс істеуге дайындық паспорттарын алды. Оларды ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті және Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы берді.

Бұл құжаттардың артында бірнеше айлық еңбек жатыр. Көктемнен бастап ЖЭО мен ГЭС-терде негізгі және қосалқы жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Компания отын мен материалдардың нормативтік қорын жасақтады. Пайдаланушы қызметкерлер ең жоғары жүктемелер мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады.
Алматы өңірінің тұрғындары үшін бұл қыс бойы үйлерде, мектептерде, ауруханаларда және әлеуметтік мекемелерде тұрақты жылу, ыстық су және электр энергиясының болуын білдіреді.

– Қыс кемшіліктерді кешірмейді, сондықтан біз оған алдын ала әрі мұқият дайындаламыз. Әрбір станция, әрбір цех осы жолдан өтті. Ендігі міндетіміз – бүкіл маусым бойы жабдықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженері Бауыржан Қалиев.
Паспорттарды алу жұмыстың аяқталғанын білдірмейді. Қыс бойы АлЭС энергетиктері тәулік бойы кезекшілікте болады: жабдықты бақылайды, режимдерді сақтайды және жүктеменің кез келген өзгерісіне жедел әрекет етеді. Далада аяз болған кезде, алматылықтардың үйлерінде жылу болуы тиіс, сол үшін де компания ұжымы күн сайын еңбек етуде.