Александр Чукалин: қауіпсіздік – бұл қағидалар ғана емес, құтқарылған өмірлер
Артқа
02.07.2025

Александр Чукалин: қауіпсіздік – бұл қағидалар ғана емес, құтқарылған өмірлер

36 жылдық саяхат. Бір адам. Бір станция. Бұл туралы ешкім білмесе де –
мыңдаған құтқарылған өмірлер

Александр Александрович Чукалин – кәсіби өмірбаяны А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-мен тығыз байланысты адам. Оның еңбек жолы 1989 жылы отын-көлік цехының жүкші лауазымынан басталды. Сол кезден-ақ энергетика – бұл жай жұмыс емес, ерекше жауапкершілік екенін түсінді. Бірақ ол тіпті бір күні ең маңызды құндылық – адам өмірін күзететінін елестеткен де жоқ.

Ол қараушыдан ауысым бастығына дейін, оқушыдан тәлімгерге дейінгі жолды басынан бастап өтті. Осы уақыт ішінде ол әр нұсқаулықтың артында, әр қағиданың артында – біреудің өмірі, жылы үйде кофе ішіп отырып айтқан «қайырлы таңы» тұрғанын түсінді.

– Жолым болды – менің тәлімгерім турбиналық цехтың аға машинисі, Игорь Валентинович Зуев еді. Ол нұсқаулықтарды орындап қана қоймай, мыңдаған адамдардың үйлеріндегі жылу мен жарық біздің жұмысымызға байланысты екенін түсінуге, ойлауға және шешім қабылдауға үйретті. Оның «Станцияда маңызды емес нәрсе болмайды» – деген сөздері мен үшін ондаған жылдарға ұстаным болды, – деп есіне алады Александр Александрович.

Бүгінгі таңда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін басқара отырып, Александр Чукалин өзінің миссиясы деп – салдарын жоюдан гөрі алдын алу маңызды болатын жүйені құруды көреді.

– Бастысы – бір жағдай болатынын күтпей, алдын алу. Біз тәуекелдерді талдаймыз, қызметкерлерді оқытамыз, мердігерлерді бақылаймыз және әр жұмыскер қағидалардың көрсеткіштер үшін ғана емес, оның өмірі үшін екенін түсінуіне ұмтыламыз, – дейді ол.

Оның жетекшілігіндегі негізгі жобалардың бірі – кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу. Бұл есептер ғана емес, жабдықтарды жаңғыртудан бастап, жұмыскерлер ТЖ-ға әкеп соқтырғанға дейін қауіптерді көріп және жоюға үйренетін, тренингтерге дейінгі шынайы шаралар.

Александр Александровичтің қауіпсіздік білімді ғана емес, сонымен қатар салқынқандылықты да қажет ететіндігін дәлелдейтін ондаған жағдайлар есінде. Бір күні студенттердің экскурсиясы кезінде авариялық дабыл қосылды. Қызметкерлер міндеттерін нақты, үрейсіз атқарып шықты, бұл бір қонақ үшін шешуші сәттердің бірі болды.

– Ол қасыма келіп: «Енді мен осында жұмыс істегім келеді», – деді. Адамдардың энергетика тек қана түймешелер мен сызбалар еместігін, саған көп нәрсе байланысты екенін көргендері жоғары бағаланады», – дейді Чукалин.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметіндегі жұмыс – бұл үздіксіз диалог. Жаңа қағидаларға қарсыласу, ресурстардың жетіспеушілігі, адами фактор – осының барлығы сабырлық пен түсіндере білуді талап етеді.

– Жұмыскерлер: «Жүз рет осылай істегенбіз – ештеңе етпейді» дегенде, мен мысалдар келтіремін, салдарын көрсетемін. Адам жай бағынуы ғана емес, тәуекелдерді түсінгені маңызды, – деп атап өтті Александр Александрович.

Бірақ жеңістер де бар. Қауіпсіздікті жақсарту бойынша ұсыныстар жүйесінің арқасында бірнеше ірі оқыс оқиғалардың алдын алуға қол жеткіздік. Мысалы, электрлік сымның аса қызуын уақтылы байқау өрттің алдын алуға көмегін тигізді.

Болашақ туралы айтатын болсақ, Александр Чукалин оны технологияда, автоматтандыруда және ең бастысы – нормаларды сақтау жұмыстың табиғи бөлігі болатын, қауіпсіздік мәдениетінде көреді.

– Мен жас мамандарға, тіпті бұл біреуге ыңғайсыз болса да, қауіпсіздікті қорғаудан қорықпауды тілеймін. Біздің жұмысымыз хаттамалар емес, құтқарылған өмірлер. Бұл шынайы құндылық, – деп сенімді ол.

Александр Чукалин – басшы ғана емес, қауіпсіздікті өмірлік ісіне айналдырған адам. Және оның хикаясы – кәсіпқойлық, жауапкершілік және өз ісіне деген шынайы берілгендік айналамыздағы әлемді қалай қауіпсіз ететіндігінің ең жақсы мысалы болып отыр.

Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=hiEvFUTCZQs