Айдос Мәсиралиев: Естелік шыңдарын бағындырған жан Айдос Масиралиев: покоряя вершины памяти
Артқа
09.05.2025

Айдос Мәсиралиев: Естелік шыңдарын бағындырған жан Айдос Масиралиев: покоряя вершины памяти

Айдос Мәсиралиев шыңдарға тек картада белгіленген географиялық нүктелер ретінде ғана қарайтын адам емес. Ол үшін шыңдар жеңістің, төзімділік пен естеліктің нышаны болып табылады. Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бу турбиналарын орталықтандырылған басқару қалқанының машинисі ретінде ол «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған «Үздік өндіріс маман – 2024» байқауының жеңімпазы атанды. Оның есімі бірнеше рет бұқаралық ақпарат құралдарында да аталып жүр. Бірақ оның басты жеңістері – биіктікті бағындыруда.

2024 жылы Айдос Іле Алатауының айшықты үш шыңын: биіктігі 3680 метр болатын Үлкен Алматы шыңын, 4147 метрлік Жастар шыңын және 4376 метрге жететін Комсомол шыңын бағындырды. Және де әр шыңның басынан «АлЭС» АҚ энергетикалық компаниясының туын желбіретті. Биылғы жылы ол одан да биігірек деңгейге көтерілді – бұл тура мағынасына ғана қатысты айтылған нәрсе емес.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Айдос Мәсиралиев Отан үшін жанын пида еткен батырлар – 28 панфиловшылар есімімен аталатын шыңды бағындырды. Бұл көтерілу өзгеше болды. Бұл жай спорттық мақсатты ғана емес, ерлікке тағзым ету мақсатын да көздеген көтерілу болды. «Панфиловшылардың ерлігі жайлы бұрыннан естіп жүремін. Олардың есімін тек сөзбен емес, іспен де көрсетіп – сол биікке шығып, құрмет көрсеткім келді», – дейді Айдос.

Көтерілу оңайға түскен жоқ. «Қиындықтар болды. Әсіресе суық пен шаршау әсер етті. Кейде тынысым тарылып, ауырсынуды сезген кездер де болды. Бірақ қандай мақсатпен көтеріліп бара жатқанымды ұғынамын», – деп еске алады ол. Жол қиындаған сайын, ол панфиловшыларды ойлап, күш тауыпты. «Қиындықтар ерекше көбейген сәтте мен олардың басынан өткен қиын жағдайларды есіме алдым. Бұл менің берілмей, әрі қарай жүруіме күш берді».

Айдос үшін батырлар туралы естелік тек тарих қана емес, отбасы дәстүрінің бір бөлігі де болып табылады. «Соғыста қаза тапқан Жексенбі атамыз мен зауытта жұмыс істеген әжемізді отбасымызбен еске алып отырамыз. Әжеміз сол кезде көрген қиыншылықтарын еске алып «Аз тамақтанып, аз ұйықтайтынбыз, бірақ ешкім шағымданбайтын – бәрі Жеңіс үшін еңбек етті» деп айтып отыратын», – дейді Айдос.

Ол көтерілуге бірнеше апта бойы дайындық жасап, жаттықты, бірақ ең бастысы – ішкі дайындық еді. Айдос Мәсиралиев әр шыңды бағындырудың өзі алға жасалған қадам деп есептейді. «Қиындық туындаған сәтте оларды есіме түсіремін. Олар жеңді – демек мен де жеңіске қол жеткізе аламын. Осының өзі күш береді», – дейді ол.

Бүгінгі күні Айдос Мәсиралиев тек шыңдарды бағындырып қана қоймай, естелік пен ерліктің туын да көтеріп келеді. Оның үлгісі тек әріптестеріне ғана емес, онымен таныс барша адамға шабыт сыйлайды. Бұл рухтың күші, жеңу мен дәстүрге деген адалдық туралы әңгіме. Батыл жандар жөніндегі естеліктің жаңа ұрпақтың жүрегі мен істерінде қалайша өмір сүріп жатқанына қатысты әңгіме.