Әсел ИСМАҒҰЛОВА: «Менің ұраным – сапа мен жауапкершілік»
Артқа
08.12.2025

Әсел ИСМАҒҰЛОВА: «Менің ұраным – сапа мен жауапкершілік»

Шынымды айтсам, өмірімді энергетика саласымен байланыстырамын деп ешқашан ойлаған емеспін. Бала кезімде заңгер болуды армандадым. Бірақ өмірім мені энергетикаға алып келді, міне, 10 жылдан бері осы салада, «АлЭС» АҚ-да жұмыс істеп келемін. Бүгін мен – 2-ЖЭО-да реттеу және табиғатты қорғау қызметі цехының инженер-технологымын. Және, жалпы алғанда, мамандығына байланысты, барлық станцияның жұмысы – біздің көз алдымызда жүріп жатыр. Мен білімім пайдалы болатын істермен айналысқаныма қуаныштымын.

Қазір ЖЭО-да бәрі үйреншікті, бірақ станцияға енді ғана жұмысқа орналасқанымда оның ауқымы мені таң қалдырды. Мұнда бәрі жаңа, қызықты және маған таныс емес еді. Бастапқыда бәрі орасан зор және күрделі болып көрінді, бірақ әріптестерімнің көмегі арқасында мен тез үйреніп кеттім, енді зертханамыздың, стансамыздың әр бұрышын жақсы білемін.

Менің алғашқы тәлімгерім сол кездегі зертхана бастығы Анаркүл Қанлыевна Сүйінова болды. Ол маған бейімделудің бастапқы кезеңінен өтуге, маман болуға көмектесті. Мен зертханашы лауазымынан бастадым, энергетикалық майларды, қоршаған ортаға шығарындыларды талдаумен айналыстым. Содан кейін – газдарды талдаумен генератор корпусындағы сутегінің құрамын анықтау, ағып кетулерге мониторинг жүргізу қажет болды; стационарлық электролизерлік қондырғыда сутегінің, оттегінің ылғалдылығын анықтау.

Одан әрі менің міндетіме қатты отынға – көмірге және сұйық отынға – мазутқа талдау жүргізу қосылды. Ал менің жұмысымның келесі кезеңі су бойынша талдауларды орындау болды; реагенттердің кіріс бақылауын орындау, реактивтерді дайындау. Осы мәселелерде маман бола отырып, менің қазіргі лауазымыма қажетті құзыреттілікті алдым деп ойлаймын. Өз ісінің нағыз кәсіпқойы Елена Гариковнаға рахмет, мен одан да көп нәрсе үйрендім. Мен үшін ол кәсібиліктің, мейірімділіктің және адамгершіліктің үлгісі.

Біз істейтін жұмыстың өте жауапты екенін айта аламын: зертханада ұсақ-түйектер болмайды, біз ұсынатын талдаулардың дәлдігіне байланысты шешімдер станцияның бүкіл технологиялық процесіне әсер етеді. Маған біздің жұмысымыздың көрінетіндігі ұнайды, талдаулар сапаны растайды. Сондықтан, біздің ұранымызды екі сөзбен айтуға болады: сапа және жауапкершілік.

Менің жұмысым өте қызықты және мен біздің зертхананың саладағы ең үздіктердің бірі болуын қалаймын: заманауи, жақсы жабдықталған, жас мамандар біздің еңбегіміздің қаншалықты маңызды екенін көрулері және өз мамандықтарымен мақтанулары үшін.

Көп нәрсе кіммен бірге еңбек еткеніңізге, әріптестеріңізге сене алатыныңызға байланысты. Мен әрдайым айтамын: «Бәрін де шынайы ықыласпен істе, міндетті түрде нәтижесін көресің». Біз осылай жұмыс істейміз: осы тұрғыдан алғанда біздің ұжым мінсіз, нақтырақ айтсақ, біз бәріміз отбасымыз. Мұнда әрқашан қолдау көрсетеді, көмектеседі, кеңес айтады. Бізде бір-бірімізбен тәжірибе бөлісу дәстүрге айналды, мен оны өте жоғары бағалаймын.

Мен энергетика мамандығы беделді болып бара жатқанын көріп отырмын және бұл жайт қуантады. Салаға жастардың келгенін көргенде, энергетика мамандығы талантты жастарды көптеп тартатынына қуанамыз. Біздің кәсібіміз – шынайы, мұнда кездейсоқ адамдар болмайды – олар мұнда көпке кідірмейді. Әрқайсымыз өз орнымызда үлкен ортақ іске үлес қоса отырып, өз ісімізді жауапкершілікпен және адал атқарамыз.

Бүгінде барлығы энергетиканың – экономиканың негізі, қозғаушы күші екенін түсінеді. Бұл туралы өз балаларыма қарап та түсінемін: олар менің қайда жұмыс істейтініме қызығады. Олар менің ісімнің маңыздылығын түсінгеніне қуаныштымын. Бұл отбасында өзара түсіністік пен өзара сыйластыққа алып келеді. Анам маған әрдайым еңбексүйгіштік пен адалдықты үйрететін. Менің туыстарым, әсіресе анам, мені мақтан тұтады – бұл мен үшін өте маңызды.

Мен үшін, барлық әйелдерге сияқты, шынайы бақыт бірнеше компоненттен тұрады: сүйікті жұмыс, тату отбасы, дені сау балалар мен жақындары. Бұл жеке өмірдің тыныш және үйлесімді болуының кепілі.

Мен мамандық бойынша көп нәрсені осында, станцияда меңгергеніме қарамастан, технологиялардың қазіргі даму қарқыны өте жеделдеген. Және мен зертханалық процестердегі аздаған жақсару да бүкіл станцияның көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін көріп қуаныштымын. Бірақ әлем өзгеруде, технологиялар дамуда, сондықтан біздің әрқайсымыз үшін де заманға сай жүру маңызды. Қазір мен үнемі жаңа білім алудың, кәсіби дамудың қажеттігін көріп отырмын. Сондықтан мен заманауи талдау әдістері мен зертханалық процестерді автоматтандыруды зерттегім келеді. Бұл менің болашақтағы міндеттерім болып табылады.

Жұмысты мінсіз орындау үшін қажетті кәсіби дағдылардан басқа бірқатар қасиеттерге ие болу қажет. Олардың ішінде жауапкершілік, адалдық, мұқият болу бар. Сондай-ақ, қиын жағдайларда қажетті тыныштық пен тәжірибе маңызды, ең бастысы – асықпай, бәрін жақсы ойлау. Бұл жоғары оқу орындарында ғана емес, өзін-өзі дамыту, ұжымдағы практикалық жұмыс барысында қалыптасатын қасиеттер. Кейіннен басқаларға көмектесу үшін мен өзімді дамытқым келеді. Біздің мамандығымыз қауіп-қатермен байланысты. Олар әрқашан болады, себебі біз қуатты жабдықтармен, химиялық реагенттермен жұмыс істейміз. Бірақ қауіпсіздік техникасын сақтаған жағдайда қауіп азаяды.

Жағдайым мені АлЭС-ке алып келгеніне қуаныштымын. Біздің компания – Алматы энергетикасының жүрегі, бай тарихы мен дәстүрі бар кәсіпорын. Осы тарихтың бір бөлігі болу – үлкен құрмет. Мұнда өз ісіне адал адамдар жұмыс істейді, олар жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар. Әріптестеріме денсаулық, сенімділік және өз ісі үшін мақтаныш тілеймін. Біз өндіретін энергия адамдардың отбасылары мен жандарына жылу әкелсін деп тілеймін.