Әрбір тігістің маңызы зор
Энергетика саласында ұсақ-түйек болмайды. Жабдықтың сенімділігі мен өндірістік процестердің тұрақтылығы атқарылған жөндеу жұмыстарының сапасына тікелей байланысты. Сондықтан өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын мамандар ерекше бағаланады. Солардың бірі – «Энергоремонт» ӨЖК ЦРЭО-1 6-разрядты электр дәнекерлеушісі Бағдат Тұрарұлы.
Тұрар Бағдатұлы қазандық және тозаң дайындау цехтарын жөндеу учаскесінде 2025 жылдан бері еңбек етеді. Осы уақыт ішінде ол өзін алға қойылған міндеттерді сапалы орындап қана қоймай, кәсіби шеберлігін үнемі шыңдауға ұмтылатын, тәртіпті, бастамашыл әрі жауапты қызметкер ретінде танытты.
Электрмен дәнекерлеуші мамандығы асқан дәлдікті, кәсіби дағдыны және технологиялық процестерді терең түсінуді қажет етеді. Тұрар Бағдатұлы құрал-саймандар мен арнайы жабдықтарды пайдалану тәсілдерін толық меңгеріп, біліктілігін үнемі арттырып, кәсіби білімін кеңейтіп келеді. Ол өз ісіне ұқыптылығымен, әрбір бөлшекке мұқияттылығымен және зор жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленеді.

Қазандық цехының жабдықтарына электрмен дәнекерлеу жұмыстарын сапалы орындауының арқасында ол әріптестері мен басшылықтың ерекше сеніміне ие болды. Қойылған барлық міндетті уақтылы әрі мінсіз атқарады. Жеделдік, төзімділік және жоғары кәсібилік аса маңызды болып табылатын апаттық жөндеу жұмыстарына Тұрар Бағдатұлы жиі тартылады. Мұндай жағдайларда ол жөндеу шараларының сенімді орындалуын қамтамасыз ете отырып, сенімді, жылдам әрі сауатты әрекет етеді.
Ұжым оны еңбекқорлығы, тапсырманы тиянақты орындауы және ортақ нәтижеге жұмыс істеуге дайындығы үшін жоғары бағалайды. Мамандығына деген жауапкершілігі, дамуға деген ұмтылысы және адал еңбегі әріптестерінің шынайы құрметіне әбден лайық.
Кәсібилік күнделікті еңбектен, әрбір іске ұқыпты қараудан және өз ісіне деген адалдықтан қалыптасады. Дәл осы қасиеттер Тұрар Бағдатұлына алға қойылған міндеттерді сеніммен орындауға және энергетикалық жабдықтың сенімді жұмысына өз үлесін қосуға көмектеседі.
Әріптестері Тұрар Бағдатұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, отбасы бақытын, сарқылмас қуат, кәсіби өрлеу және ертеңгі күнге деген сенімділік тілейді.