Әр меридиандағы жылу: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-дан бастау алды
«АлЭС» сурет галереясы» атты жаңа айдарымызға қош келдіңіздер! Біз бұл жерде энергияның, технология мен сұлулықтың қалай пайда болатыны жөнінде әңгімелейтін боламыз. Иә, иә, сіз қате естіп отырған жоқсыз! Әр бөлімше – бұл күрделі үдерістер ғана емес, сонымен қатар суреттерден көрініс табатын шығармашылық та. Біздің сериямыздың алғашқы кейіпкері – қаламызды 90 жыл бойы жылытып келе жатқан жүрек болып табылатын – аты аңызға айналған Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО.
1-ЖЭО – жай ғана нысан емес, еңбек даңқының символы да. Оның тарихы сонау ауқымды құрылыстар дәуірінен басталады, ал аса көрнекті энергетик Б.Оразбаевтың есімімен аталуының өзі іске деген адалдықтың бейнесіне айналды. Бірақ осыншалықты әсер мен мұраны заманауи форматта қалай жеткізуге болады? Осы сәтте сахнаға графикалық дизайн шығады.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – біздің суреттер галереясындағы коллекциямыздың алғашқы бастамасы ғана. Келесі шығарылымдарда сіздерді цехтар, зертханалар және тіпті басқа департаменттерге қатысты сандық жүйелер күтіп тұр – бәрі де өндірісті өнерге айналдыра білетін графика призмасы арқылы беріледі.
Бізбен бірге болыңыз. Киловаттар мен шығармашылық тоқайласқан жерде нағыз жылу пайда болады.
P.S. Келесі аялдама – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО.