Әйелдер клубының күн тәртібіндегі стратегиялық міндеттер
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 17 800 жұмыскерлерінен әйелдер 4619 адамды құрайды, бұл жалпы санның 26%. Мүмкін, Қазақстанның өндірістік компаниялары арасында әйелдер өкілдігінің ең жоғары деңгейі емес шығар, бірақ ең креативті және бастамашыл қауым болып табылады. Оған дәлел олардың өндірістік көрсеткіштері, және қоғамның әлеуметтік өміріне жоғары қызығушылықтары, соңғы уақытта көп әйелдер үшін «идеялар штабына» айналған «Самұрық-Энерго» АҚ Әйелдер клубы.
Клуб 2019 жылдың 7 мамырында қол қойылған БҰҰ-ның Гендерлік теңдік туралы мәлімдемесіне сәйкес, 2024 жылдың тамызында құрылды. Компаниялар тобы өндірістік объектілерді біріктіргендей, «Самұрық-Энерго» АҚ Әйелдер клубы топтың компанияларында құрылған клубтарға сүйенеді.
Ең белсенділерінің бірі – жақында өзінің тоғызыншы отырысын өткізген, «АлЭС» АҚ Әйелдер клубы. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес АлЭС қыздары кездесу үшін әртүрлі локацияларды таңдайды. Бұл клуб қатысушыларына өндірістік активтің бағытын, мақсатын және міндетін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Қыркүйектегі кездесу Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да өтті. Оған 70 адам қатысты.
Клуб отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ «Корпоративтік басқару және тұрақты даму» Департаментінің Директоры Мадина Айсариева презентациямен баяндама жасады. Ол әйелдер клубының күн тәртібіндегі стратегиялық міндеттер туралы айтты, ЕҚДБ және «Ergon» лондондық Консалтинг агенттігінің қолдауымен 2017 жылғы бастамасымен жүзеге асырылған жобаның қыр-сырын ашты. Жоба барлық жұмыскерлер үшін тең мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.
2018 жылдың маусымында энергетикалық секторда тең мүмкіндіктерді алға жылжытудың халықаралық алдыңғы тәжірибелерді бейімдеу үшін «АлЭС» АҚ-да сынамалы жоба өткізді. Компанияға ЕҚДБ және «Ergon» агенттігінің командасы келді. Сол сәттен бастап гендерлік теңдікті дамыту үрдісі ілгерілемелі қозғалып келеді.
– Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, қазір біз топтың энергетикалық компанияларындағы әйелдер көрсеткішін 30%-ға дейін көтеру стратегиясын қарастырудамыз – деп мақсатты нақтылады Мадина Бекайдаровна.
Кездесу барысында ол әріптестеріне гендерлік теңдіктің жеті ұстанымын естеріне салды. Солай гендерлік теңдіктің ең маңызды ұстанымдарына мансаптың тең мүмкіндіктері, бірдей еңбектің тең төленуі, бала күтіміне байланысты демалыс алудың тең құқығы, мемлекетті басқаруда әйелдердің қатысуы, қоғам өмірінің кез келген саласында өзін-өзі таныту үшін тең әлеуетті мүмкіндіктер, кәсіби кемсітушіліктің болмауы, қоғамда ерлер мен әйелдерге бірдей қарау жатады.
«АлЭС» АҚ әйелдер клубының күн тәртібінің бір бөлімі, жақында астанада өткен, «Women in Power/Әйелдер Қуаты/Энергия женщин» I форумының қорытындыларына арналды. Ол «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы үшін өзекті «Энергетикадағы әйелдер: Серіктестік, Прогресс, Перспектива» тақырыбына қатысты болды. Мадина Айсариева ӘК отырысында «Энергетикадағы әйелдер»; «Корпоративті мәдениеттегі өзгерістерге қозғалыс» және «Энергетикада әйелдердің даму перспективалары» сияқты нақты бағыттар бойынша форум қорытындыларын атап өтті – шын мәнінде бұл әйелдер клубының жол картасы болды.
Клуб отырысында «KAZENERGY» Ассоциациясының орындаушы директоры Ляззат Ахмурзина да қатысты. Ол адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі; «KAZENERGY» жастар комитеті және 2013 жылы салада бірінші болып құрылған ассоциация жанындағы Әйелдер энергетикалық клубы қызметтерін ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Оның мақсаты компанияларда, мемлекеттік органдарда және сала өкілдерімен гендерлік саясатпен және тәжірибемен байланысты мәселелерді талқылау, сонымен қатар әйелдер үшін кәсіби қолдайтын желі құру болды. Бұл жұмыстың нәтижелілігі 2019 жылы KAZENERGY және ЕҚДБ бірігіп өткізген, «Қазақстан Республикасының энергетикалық секторындағы әйелдердің рөлі» атты зерттеуді бағалауға мүмкіндік берді.
– Бұл зерттеу біздің саладағы әйелдер үшін ағымдағы трендтерді, мәселелерді және мүмкіндіктерді біздің терең түсінуімізге жол берді, – деп айта кетті Ляззат Ахмурзина. – Оған 55 мың жұмыскерді қамтитын 35 компания қатысты.
Сонымен қатар ол өткізіліп жатқан отырыстар, форумдар, тренингтер және оқытулар туралы айтты. Атап айтқанда, Сафи Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында жүзеге асырылатын, «Энергетикадағы әйелдер көшбасшылығы» ЕМВА Бағдарламасы. Бағдарлама энергетика саласында әйелдерді қолдау және сапалы білім беруді қамтамасыз ете отырып, болашақ көшбасшыларды дайындауға бағытталған. Бағдарламаның басталған сәтінен ол бойынша 16 адам оқып шықты.
Ляззат Ахмурзина халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Women10X Pathfinder жаһандық бастамасы бар ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті. Оның ең маңызды қорытындыларының бірі Қырғызстан энергетикасындағы әйелдер ассоциациясымен бірлесу туралы Меморандумға қол қою болды. Ляззат Ахмурзина «сөйлейтін әйелдерді» естудің 30%-ын басшылық қызметтерден қол жеткізу оңай болатынына нақ сенімді. Тәжірибеде бұл ерлермен іскерлік серіктес болуға мүмкіндік береді. Өйткені, «Өмірде тепе-теңдік жоқ, ең бастысы – серіктеспен келісімге жету!».
Отырыста «АлЭС» АҚ Әйелдер клубы жұмысының нәтижелері туралы Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы, Жібек Құрманғали, болашақта ӘК қызметі жоспарының жобасын қатысушыларға талқылауды ұсына отырып, айтып өтті. Алматы энергетиктерінің әйелдер клубы әлі жас. Бірақ көп нәрсе жасап үлгерді: клуб 300-ге жуық қатысушыларды біріктірді. Бұл уақыт ішінде кадрлық қордағы әйелдер саны 25%-ға жетті, қызмет бойынша 25 өсулер болды. Әйелдер компанияның өзекті мәселелерін талқылауда белсінді бола бастады, өз құзыреттерін арттыруда және шығармашылық қабілеттерін дамытуда, әлеуметтік акцияларға қатысуда.
Нақты айтқанда, ӘК ұсыныстарының пакетінде әйелдерге психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру да бар. Ұжымдық шартқа мүгедек балалары бар жұмыс істейтін әйелдер үшін арнайы тармақтарды қосу, әйелдер пулы үшін жеке жоспарларды әзірлеу, қайырылымдылық және экологиялық акцияларды өткізу және тағы басқа.
– Әйелдер клубына қатысу ынтаны көтеретініне, өзін өзі бағалауды арттыруға әсер ететініне, компания өмірінде әйелдердің белсенді қатысуына итермелейтініне Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы, Жібек Құрманғали сенімді. – Ал егер жалпы компания туралы айтқанда, онда ӘК-ның белсенді қызметі компания имиджін заманауи және әлеуметті жауапты компания ретінде арттырады.
Кездесу қорытындыларына клуб қатысушылары да риза болды. Солай, Дина Абдимажит талқыланып жатқан мәселелердің маңыздылығын, осы тақырыптың әрі қарай дамуына үміт арттыра отырып, айтып өтті. 3-ЖЭО КБ бастығы, Галина Горбовская да өзінің жеке тәжірибесімен, бір-бірімізді қолдаудың маңыздылығын белгілей отырып, клубтың алдағы шараларынан күтетін үмітімен бөлісті. БЖК химиялық қызметінің 4-разрядты химиялық талдау зертханашысы, Юлия Баянова ғажап әйелдермен танысу мүмкіндігін бағалады.
Ал Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы, Айсулу Иржанова Ляззат Ахмурзинаның сөзінен үлкен әсер алғанын айтты.
«KAZENERGY Ассоциациясы жанындағы Энергетикалық әйелдер клубы жұмысының үлкен тәжірибесі және олардың жетістіктері таң қалдырады. Біздің «АлЭС» АҚ Әйелдер клубына да осындай шыңдарға жетуді және көзделген даму жоспарын орындауды тілеймін, – деді ол. – Біздің тамаша ханымдар клубта өздерін еркін сезініп, олардың мәселелері, жылы және достық атмосферада, қарастырылып және шешілетінін сезінулері тиіс».
БЖК химиялық қызметінің 4-разрядты химиялық талдау зертханашысы, Асель Глушко ӘК отырысына алғаш рет қатысты. «Кездесу барысында қатысушылар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, өмірлік жағдайларды талқылап және талдап, пайдалы ұсыныстар алады, – дейді. – Бірақ ең бастысы, Әйелдер клубының кездесулерінен өзіңді бағалауды үйренесің, эмоционалдық күйің көтеріледі, пайдалы ұстанымдар құрастырылады және дамиды. Игілікті атмосфера, жайлы және еркін қарым- қатынас – бұл жағымды әрі пайдалы уақыт өткізу болып табылады».
Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС ғимараттарды және гидроқұрылыстарды пайдалану цехының жобалық-сметалық жұмыс жөніндегі жетекші инженер, Ирина Подскребкина өз әріптестерінің ойларын жалғастыра отырып, былай деді: «Біздің өмірімізде күйзелістер өте көп, жұмыс, үй шаруасы, барлығын уақтылы үлгеріп орындау және барлығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Бұның барлығы мидың шаршауына әкеліп соқтырады. Сондықтан да, «АлЭС» АҚ Әйелдер клубындағы кездесулер қызықты тақыраптарды талқылап, күліп, кез келген мәселе бойынша өмірлік тәжірибемен алмасу болып табылады. Мәселелерді талқылау кезінде қатысушылар өздерінің жеке өмірлерінде болған жағдайларды да естеріне түсіреді, ол кездесулерді одан да қызық етеді. Осындай кездесулерден кейін өмірлік энергиямен қауттанасың, ынталанасың, позитивті бастау алып, әрі қарай өмір сүруге аттанасың»!
А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, Канстанция Кадербаева кеңестерді және жаңа ақпарат ағынын бағалап, Әйелдер клубының әрі қарай дамуын және жоспарларын қолдады.
«Жалпы Әйелдер клубының алдыңда, әрі қарай даму үшін, әлі де көптеген мәселелер тұр», – деп қорытындылады Галина Горбовская. Қонақтар үшін кездесу, 2025 жылы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтетін, Қазақстандағы ең көне станциялардың бірі 1-ЖЭО бойынша экскурсиямен аяқталды. Қонақтардың пікірі бойынша, бұл ұмытылмас әсер қалдырды.