3-ЖЭО-ДА Сәкен Сағынайұлы Күренкеевті құрметті зейнет демалысына шығарып салды
2024 жылдың сәуір айының басында «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО ұжымы қазандық цехының 5 разрядты сорғы қондырғыларының машинисі Сәкен Сағынайұлы Куренкеевті құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Сәкен Сағынайұлының жалпы еңбек өтілі 46 жылды құрайды, оның ішінде ол 3-ЖЭО-да 17 жыл бойы сорғы қондырғыларының машинисі болып үздіксіз жұмыс істеді.
Сәкен Сағынайұлы өзінің кәсібилігі мен жұмысына адалдығын бірнеше рет дәлелдеген. Қазандық цехының жабдықтары оның шеберлігі мен күтіп-баптауы арқасында жұмыс істеп тұрды. Ол әрдайым өзіне тапсырылған өндірістік тапсырмаларды сапалы және уақытында орындайтын, еңбек және өндірістік тәртіпті ешқашан бұзбаған.
Өзінің мінсіз еңбегі үшін 2018 жылы Сәкен Сағынайұлы 3-ЖЭО Құрмет тақтасына енгізіліп, станция басшылығынан алғысын алды.
3-ЖЭО ұжымы Сәкен Сағынайұлына ұзақ өмір, денсаулық және отбасына амандық тілейді!