28.04.2026 «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Қ. Машировтың «АлЭС» АҚ қызметкерлеріне Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған үндеуі

28.04.2026 «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Қ. Машировтың «АлЭС» АҚ қызметкерлеріне Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған үндеуі

Құрметті әріптестер!

Бүгін, 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында, біз кез-келген ұйымның тұрақты және жауапты жұмысының негізі болған – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударамыз.

Еңбекті қорғау жоғары жауапкершілікті, табандылықты және егжей-тегжейге үнемі назар аударуды талап етеді. Қауіпсіздік – тек бейіндік қызметтің ғана емес, әрбір жұмыскердің, әрбір басшының жауапкершілік аймағы екенін атап өту маңызды. Тек осы тәсілмен біз шынымен қауіпсіз жұмыс ортасын құра аламыз, тәуекелдерді азайта аламыз, жазатайым оқиғалардың алдын аламыз және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыра аламыз.

Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ат салысқандардың барлығына, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, ертеңгі күнге сенімділік және маңызды да ауадай қажетті жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

Құрметпен,
Ерік Қанышбекұлы Маширов