28.04.2025 «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Машировтың «АлЭС» АҚ жұмыскерлеріне Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған үндеуі

28.04.2025 «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Машировтың «АлЭС» АҚ жұмыскерлеріне Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған үндеуі

Құрметті әріптестер!

28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілді! 2025 жыл «Алматы электр станциялары» АҚ-да «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жарияланды, ол өндірістік қауіпсіздікті арттыруға, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын, жарақаттанудың болмауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл барлық деңгейде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың аса маңызды екенін еске салатын күн, біз үшін Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз бен денсаулықтарыңыз әрқашан бірінші орында.

Өндірістік қауіпсіздіктің басымдығы кез-келген өндірістік міндеттерді орындаудан жоғары тұрады, соған назарларыңызды аударамын. Әр жұмыскер қауіпсіз еңбек жағдайлары бұзылғанда, өмір мен денсаулыққа қауіп төнгенде кез келген, оның ішінде өндірістік процесті де тоқтатуға құқылы. Мен Сіздерді қолдауға кепілдік беремін.

Біздің Қоғам өміріне қатысатындарыңыз, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге күнделікті адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Біз ынтымағымыздың және қауіпсіздікке назар аударуымыздың нәтижесінде кез келген қиындықты жеңе аламыз. Ортақ игі нәтижеге жетуде өздеріңізді қорғаңыздар және бір-біріңізді қолдаңыздар! Сіздердің әр жұмыс күндеріңіз сәтті болсын, еңбектеріңіз әрдайым бағалансын және қауіпсіз болсын!

Ерік Канышбекұлы Маширов
Басқарма Төрағасы