2026

2026

«Алматы электр станциялары» АҚ пайдаланылған батареяларды жинау, тапсыру, макулатураны жинау, тапсыру бойынша «ЭКО стиліндегі өмір» экологиялық науқан өтетінін хабарлайды

Науқанның мақсаты: Қоғам жұмыскерлерінің назарын қалдықтарды бөліп жинауға және жалпы экологияға аударту, белсенді әлеуметтік ұстанымды қалыптастыру және қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу дағдыларын игерту.

Науқанның мақсаты: пайдаланылған батареяларды кәдеге жарату үшін белсенді жинау және тапсыруды, сондай-ақ макулатура жинау мен қайта өңдеуге тапсыруды ұйымдастыру. Бұл ондаған ағашты сақтауға және корпоративтік деңгейде ресурстарды үнемдеу мәдениетін және қоршаған ортаға жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Науқанның сипаттамасы: 04 желтоқсанға дейін науқанға қатысушылар қайта өңдеумен айналысатын компанияға тапсыру үшін пайдалану мерзімі аяқталған батареяларды, сондай-ақ Қоғамның күнделікті жұмысында пайда болатын қағаз қалдықтарын – кеңсе қағаздарын, журналдар, жарнама материалдарын, газеттер, ескі және пайдаланылмайтын кітаптар, қағаз қаптамалары және картонды жинайды. Науқан аяқталғаннан кейін жиналған барлық макулатура көлемі жасалған шартқа сәйкес қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға тапсырылады.

Өндірістік департаменттерде пайдаланылған батареялар департаменттің жауапты экологтарына тапсырылуы керек. Бас кеңседе әр қабатта орналасқан пайдаланылған батареяларды жинау жәшіктеріне тапсырылуы тиіс.

Қатысушылар: Қоғамның барлық жұмыскерлері.

Экологиялық науқандарға қойылатын талаптар:

Батареяларды тапсыру шарттары:

Келесілер қабылданады:

– пайдаланылған батареялардың барлық түрлері (шынашақты, саусақты, крон, бөшке және түйме үлгісіндегі);
– ұялы телефон және балалар ойыншықтарының аккумуляторлары.

Департаменттерде пайдаланылған батареялар қатты қағаз қораптарда немесе қалың пластик пакеттерде қабылданады. Бас кеңседе арнайы батарея жинау жәшіктеріне салынады.

Макулатураны тапсыру шарттары:

Келесілер қабылданады:

– журналдар, ескі және жарамсыз кітаптар, газеттер;
– қатты картон және гофр картонды қаптамалар, мұрағаттар;
– баспа қалдықтары және т.б. Тапсырар алдын макулатураны қатты жіппен немесе орам жіппен байлап, қораптар салып тапсыруға болады.
– қағаз қалдықтары мен картон құрғақ, таза, екі жағы да пайдаланылған болуы керек;
– құжаттар мен жинақ заттар қағаз қыстырғыштарсыз, степлерсіз, файлсыз және темір бекіткішсіз қабылданады;
– қалдық заттар лак, химиялық заттектермен бүлінген немесе майлы болмауы керек.

Науқан кезеңдері:

  • 2026 жылдың 5 ақпаны – Науқан туралы хабарлау;
  • 2026 жылдың 04 желтоқсанына дейін – батареяларды жинау және өлшеу;
  • 2026 жылдың 25 желтоқсаны – батареяларды жинау нәтижелерін қорытындылау және жариялау.