15 шың. Бір жол. Бір ту
Бір жарым жыл, 15 шың және бір үлкен мақсат – ең алдымен өзіне мүмкін еместің мүмкін екенін дәлелдеу. Айдос Масиралиев бұл жолды соңына дейін жүріп өтіп, АлЭС туын Алматы тауларының ең биігі – Алматы шыңына көтерді. Оның шыңдарды еңсеру тарихы – бұл қайсарлықтың, мінездің, күштің және алға ұмтылыстың тарихы.

Бар болғаны бір жарым жыл бұрын ол алдына өршіл мақсат қойды – Алматы тауларының 15 шыңын бағындыру. Бұл жоба тек физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, төзімділікті және ішкі жинақтылықты талап етті. Бүгінде бұл мақсатына лайықты дәрежеде жетті.
Бұл оқиғада ерекше орын тек нәтижеге ғана емес, оның мағынасына да тиесілі. Әрбір шыңға Айдоспен бірге АлЭС туы да көтерілді. Бұл жай шара емес – бұл компанияның бір бөлшегін өзімен бірге биікке алып шығу жөніндегі саналы шешім болды. Дәл сол биікте еңбек, команда және жауапкершілік құндылығы айқын сезіледі.
Шарықтау шегі Алматы шыңын (Комсомол) бағындыру болды – теңіз деңгейінен 4376 метр биіктіктегі өңірдің ең танымал шыңдарының бірі. Дәл осы жерде, Алматы тауларының ең биік нүктесінде, АлЭС туы желбіреді. Айдостың айтуынша, ол бұл жетістікке жеткен компанияның алғашқы жұмыскері еді.
Бұл жетістіктің артында тек жүріп өткен жол мен бағындырылған биіктіктер ғана емес. Оның негізінде жеке философия жатыр: «Таулар менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Әрбір өрлеумен мінез шыңдалады. Ең бастысы – айналаңдағы адамдарға үлгі болу. Тоқтамау және мақсатқа қарай ұмтылу».
Бұл сөздерде альпинизмнің ғана емес, энергетика саласының да мәні жатыр. Өйткені бұл салада да табандылық, жауапкершілік және қиындықтарға қарамастан алға жылжу қабілеті қажет.
Айдос Масиралиевтың жетістік тарихы – жеке мақсаттардың корпоративтік мәдениеттің бір бөлігіне айналатындығының айқын үлгісі. Компания туының шың басында желбіреген сәті – бұл тек жеке жеңістің ғана емес, тұтас команданың күш-қуатының белгісі.

Дәл осындай жетістіктер алға – биігірек, мықтырақ, сенімдірек қадам жасауға шабыттандырады.