1-ЖЭО: жүз жылдыққа он жыл қалғанда
Артқа
28.10.2025

1-ЖЭО: жүз жылдыққа он жыл қалғанда

Республика күніне және Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО-ның 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шара «АлЭС» АҚ-да өтті. Мерекеге 1-ЖЭО ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері, әкімдік өкілдері және көптеген қонақтар қатысты. Алайда, 1-ЖЭО-ның тоғыз онжылдықтағы жұмысын қорытындылай отырып, ұжым бүгін болашаққа да көз тігуде, себебі өз жүз жылдығына жету жолында станция заманауи техникалық, экологиялық және әлеуметтік талаптарға сай болу үшін жаңғыртуды аяқтауы қажет.

«Болашақта біз 1-ЖЭО-ны жаңа станция ретінде көріп отырмыз. Жобаланған ТЭН-ге сәйкес болашақта қуаты 250 МВт жаңа жабдық пен жаңа технологиямен жұмыс істейтін бу-газ қондырғысы салынатын болады», – деп айтты 1-ЖЭО ӨТБ бастығы Әйбек Шаяхметов. – Бұл газ турбинасы, кәдеге жарату қазаны және бу турбинасы орнатылатынын білдіреді. Бұл технологияны қолдану циклдың тиімділігін шамамен 10-15%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Онда технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі болады, бірінші кезекте жоғары сенімділік пен экологиялылық қамтамасыз етіледі. Сондықтан біз осы жабдықты таңдадық.

Жобаның ТЭН-і 2022 жылы бекітілген. Қазіргі уақытта жоба 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ның ауқымды жаңғыртылуы жүргізіліп жатқанына байланысты уақытша тоқтатылған. Алайда, осы жобалар жүзеге асқаннан кейін біздің кезегіміз де келер деп үміттенеміз. Біз станцияны сәтті жаңғыртатынымызға сенеміз».

Символдық тұрғыдан қарасақ, Алматы қаласының Орталық электрстанциясының бірінші турбоагрегаты 1935 жылғы 25 қазанда іске қосылған. Сол сәттен бастап қазіргі Алматының ірі энергетикасы дамып, қала мен республика экономикасының өсуі қамтамасыз етіліп, егемен Қазақстанның берік экономикалық іргетасын қаланды. Ал, 55 жылдан кейін, яғни 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, бұл Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам болды.

Осы екі тарихи оқиғаға орай және 1-ЖЭО ұжымының қала мен мемлекет алдындағы еңбегін ескере отырып, көптеген энергетиктер – қазіргі қызметкерлер мен зейнеткерлер – марапаттармен, құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарында: «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы, «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы, «Самрұқ-Энерго» АҚ Құрмет грамотасы және Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасы бар.

Марапатталғандардың қатарында станцияның мамандары А.М. Купцов, М.Х. Сәрсембаев, А.Г. Шевченко, М.И. Хайрушина, С.И. Немич, Н.У. Қаптағаев, Ю.В. Милюхин бар, олардың осы саладағы жұмыс өтілі 20-дан 40 жылға дейін, соның ішінде станцияда тек 18 жыл жұмыс істегендер де бар.

–Мен үшін станция – екінші үй, екінші отбасы, себебі уақытымыздың 70%-дан астамын станцияда өткіземіз, – дейді «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған турбиналық цехының бастығы Мұрат Хабрашитұлы Сәрсенбаев. – Біздің станцияның жасы үлкен – 90 жаста! Дегенмен, жабдықтар біртіндеп өзгеріп, барған сайын заманауи болып келеді. Сондықтан бізде көп жастар жұмыс істейді.

Мұрат Хабрашитұлы өзі туралы үндемеді. Дегенмен, ол станцияда 39 жыл жұмыс істеп келеді, көптеген өндірістік сатылардан өткен, әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Еңбек жолын 1986 жылдың маусымында 1-ЖЭО-дағы 5-разрядты сорғы қондырғыларының машинисі лауазымынан бастаған. Келесі жылы Мұрат Сәрсенбаев бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі лауазымына ауыстырылып, 1992 жылы турбиналық цехының аға машинисі болды. 2009 жылғы маусымда бірқатар салаларды меңгерген соң, ол турбиналық цехының бастығы лауазымына тағайындалды.

Еңбек жолын аяқтаған энергетиктер үшін станцияның мерейтойы әріптестерімен кездесуге, 1-ЖЭО жұмысының ең жарқын оқиғалары мен оқиғаларын еске түсіруге, олар үшін туған кәсіпорынның жаңалықтары туралы білуге жақсы мүмкіндік болды. Солардың ішіндегі ардагерлердің бірі – ол бу турбиналарының машинисі Мария Мурушкина болды. Ол станцияда 38 жыл жұмыс істеді, қазір зейнеткерлік демалыста.

– Зейнетке шыққаныма 15 жыл болды. Дегенмен, станция әлі де болса жиі түсіме кіріп жатады: онда мен кейде турбинаны қосып жатамын, кейде ауысымға бара жатамын, кейде кешіккенім соншалықты, жұмысқа қарай қатты жүгіремін! Ұжымым жиі түсіме кіреді, вахта және т.б. Станция мен үшін – демалыс орны болатын, – дейді Мария Александравна Мурушкина. – Біз жұмысқа шыққанда өзіміздің қажетті екенімізді білетінбіз, сондықтан бізде әрдайым тұрақтылық болды. Мені «жұмыста не істейсіздер?» деп сұрағанда мен: қаланы жарықпен және ыстық сумен қамтамасыз етеміз!»деп жауап беретінмін.

1978 жылы станцияға келген Александр Сопов цех бастығына дейін жетті, сонымен қатар станцияның ЖАӨЦ бойынша бас маманы болып та жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол 1-ЖЭО-да 43 жыл еңбек еткен зейнеткер, құрметті ардагер болып табылады.

– Біз үшін станция – өмір. Ал ел, бүкіл әлем үшін энергетика – өмір, – дейді Александр Федорович. Энергетикасыз өмір сүру мүмкін емес. 90-жылдары кәсіпорынға, энергетика саласының жағдайына жүрегіміз қатты ауыратын. Есімде, мен, тіпті бастықтың пайдалану жөніндегі орынбасары болсам даауысымға шығатынмын. Себебі сол қиын жылдары адамдар жетіспеді. Ал жұмыста қалғандар қолдан келгенше адал еңбек етті, бірақ кейде олардың да күштері жетпей қалатын. Ал жаңадан келгендердің – тәжірибесі мен дағдыларыжеткілікті болған жоқ. Энергетика – өте күрделі өндірістік процесс. Сондықтан біз, басшылар, ауысымға шығып, станцияны қалпында ұстауға тырысатынбыз. Кейде түнді де, күнді де жұмыста өткізіп жататынбыз. Біз бәрін өз күшімізбен қалпына келтірдік. Әрине, сырттан мамандар да шақырылды. Бірақ жөндеу-құрастыру жұмыстарын біз өзіміз атқардық. Менің цехымда 43 адам болды, мен оларды басқардым және әрқайсысына жауапты болдым.

38 жылдық еңбек өтілінің 30 жылын станцияда бу турбиналары машинисті болып еңбек еткен Людмила Кручина. Оның еңбегін ескере отырып, 1-ЖЭО-ның 90 жылдық мерейтойында ол «АлЭС» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.

– Мен 1984 жылы станцияға келген кезімде өте жақсы адамдар жұмыс істеді. Жұмысқа жаңадан келгенміде олар маған барлық жағынан көмектесті, – деп еске алады Людмила Васильевна. Олардың барлығы мықты, кәсіби мамандар еді. Біз әр күн сайын жаңа нәрсе үйреніп, дамып отырдық. Ал мен үшін ең бастысы – әріптестерімнің жылулығы, олардың күлімсіреулері ерекше болды. Жақында ғана зейнеткерлікке шықтым… Шынын айтсам, сүйікті жұмысымсыз қалай болатындығына қорқатынмын, себебі станция мен үшін өмірімнің бір бөлігі. Ал станцияның мерейтойы мен үшін өте салтанатты, әрі әсерлі күн.

Мерекеге энергетиктердің достары мен серіктестері де келді. Олардың арасында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс институтының «Жылуэнергетикалық қондырғылар» кафедрасының профессоры Расұлбек Мұсабеков бар. Соңғы жылдары «АлЭС» АҚ техникалық жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстар орнатты, себебі дәл осы оқу орындары білікті кадрлардың келуін қамтамасыз ететіні сөзсіз. Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында «АлЭС» АҚ-да дуальді оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда, мамандарға арналған экскурсиялар мен тағылымдамалар ұйымдастырылуда, ал өндіріс қызметкерлері оқытушылар мен студенттерге арналған дәрістер оқиды. Ғылым мен өндірістің интеграциясы нығайып келеді, сондықтан Расұлбек Мұсабеков «АлЭС» АҚ директорлар кеңесінің құрамына кіреді және аға тәуелсіз директор болып табылады.

– Мен өмір бойы энергетика саласында жұмыс істеп келемін. Энергетика – кез келген мемлекеттің халық шаруашылығының негізі, – деп сенеді Расұлбек Мұсабеков. – Әр нәрседе энергетиканың үлесі бар. Энергетикасыз өнеркәсіптің кез келген саласын дамыту мүмкін емес.

Осы кеште мамандыққа деген сүйіспеншілік пен адалдық туралы көптеген әңгімелер айтылды – бұл 1-ЖЭО мен «АлЭС» АҚ ұжымын біріктіретін ортақ сезім. Марапатталған энергетиктер мен қонақтарға станцияның 90 жылдығына арнайы дайындалған «АлЭС. Шығармашылық жолды жарықтандыру» атты кітабы сыйға тартылды. Айта кетерлік жайт, салтанатқа қатысқандардың көпшілігі өз естеліктерімен, материалдарымен және фотосуреттерімен бөліскендіктен бұл кітаптың бірлескен авторлары атанды. Сондықтан бұл кітап қалалық энергетиканың тарихи шежіресі ғана емес, сонымен қатар түрлі буын өкілдерінен құралған мыңдаған қазақстандық энергетиктердің өмір жолын баяндайтын жылнамаға айналды. Бұл еңбек ардагерлердің әңгімелерін нақты деректермен, фотосуреттермен және тарихи мәліметтермен толықтырып, әрбір отбасының мақтанышына айналатыны сөзсіз. Ал Алматы энергия кешенінің тарихы жаңа оқиғалармен жалғасын таба бермек…