1-ЖЭО: «АлЭС»-тің ең байырғы станциясының цифрлық трансформациясы
Үстіміздегі жылы құрылғынына 91 жыл толатын Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО болашаққа нық қадам басуда. Энергетика саласының дәстүрі қалыптасқан бұл станцияда бүгінде өндірісті басқару тәсілін түбегейлі өзгертетін заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілуде.
Қазіргі энергетика – тек қуатты агрегаттар мен күрделі технологиялық процестер ғана емес. Бұл сонымен қатар цифрлық, жылдам әрі нақты интеллект. «АлЭС» АҚ-да жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген шешімдер белсенді енгізіліп, өндірісті басқарудың жаңа тәсілдері қалыптастырылуда.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – еліміздегі ең көне станциялардың бірі. Соңғы жылдары мұнда айтарлықтай ілгерілеу байқалады: ондаған жыл бойы сенімді бақылау құралы болған ескі аналогтық аспаптар біртіндеп заманауи цифрлық жүйелерге ауыстырылуда. Бұрын көрсеткіштер қағаз диаграммаларда тіркеліп, қолмен өңдеуді қажет етсе, бүгінде барлық ақпарат нақты уақыт режимінде ыңғайлы әрі көрнекі форматта қолжетімді.

Бұл жабдықтарды жаңарту ғана емес, бұл жұмыс істеудің жаңа философиясы. Жедел персонал енді жабдықтың жай-күйін шапшың бақылап, деректерді талдап, шешімдерді әлдеқайда тез әрі дәл қабылдай алады.
– Бұрын параметрлерді бақылау үшін диаграммаларды «оқып», оларды өңдеуге уақыт жұмсайтынбыз. Қазір бәрі көз алдымызда – графиктер, сандар, деректер. Бұл – мүлде басқа деңгей, – дейді қазандық цехының бастығы Бейбіт Мақсұтов.
Ақпарат енді қағаз тасымалдағыштарда емес – ол цифрлық ортада сақталып, өңделіп, беріледі.

– Біз жабдықтарды нақты уақыт режимінде бақылап отырамыз. Бұл кел келген өзгеріс жағдайында шапшаң әрекет етуге және ықтимал ауытқулардың алдын алуға мүмкіндік береді, – дейді турбиналық цехтың аға машинисі Айдос Масиралиев.

ЖАжӨЦ бастығының орынбасары Олег Виниченко: «Жүйе бақылаумен қатар, процестерді терең түсінуге мүмкіндік береді. Параметрлер арасындағы байланыс көрінеді, үрдістерді алдын ала байқап, жағдай күрделенбей тұрып шешім қабылдауға болады», – деп атап өтті.
Цифрлық аспаптарды енгізу жаңа мүмкіндіктер ашты: деректер енді графиктер мен кестелер түрінде көрсетіледі, жабдық параметрлеріне қашықтан қол жеткізуге болады, жүйе әртүрлі датчиктердің сигналдарын біріктіреді, ал өлшеудің жоғары дәлдігі адам факторының әсерін барынша азайтады.
Жаңа аспаптарда механикалық элементтердің болмауы олардың сенімділігін арттырып, жөндеу қажеттілігін азайтады және кәсіпорын шығындарын оңтайландырады.
Алайда ең бастысы – адамдар. Ұжымның өзгерістерге ашық болуы, жаңа технологияларды меңгеруге дайындығы және дамуға ұмтылысы цифрлық трансформацияны шынайы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.

– Алғашында жаңаға үйрену әдеттен тыс көрінді, алайда қазір бұл жүйелерсіз жұмысты елестету қиын. Олар расында да көмектесіп, процесті түсінікті әрі ыңғайлы етеді, – дейді ЖАжӨЦ аға шебері Фазыл Сардарбеков.
Өндірістік бөлімшелердің оң тәжірибесі мен қолдауы интеллектуалды шешімдерді енгізу жалғасатынына сенім береді. Демек, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО технологиялық прогресті жай ғана қадағалап отырған жоқ – ол болашақ энергетикасын бүгіннен бастап қалыптастыруда.